І. Ұйымдастырушы – сараптамалық іс әрекет бөлімі бойынша айлықтың жұмыс жоспары талқыланып, уақытылы бекітілді. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс- шаралар жоспарлары уақытылы талқыланып, бекітілді.
Тарих және жаратылыстану пәндерінің 5 сыныптарында бейімделуінің жай күйін зерделеу барасында тарих пәні мұғалімі Г.Ильясова және жаратылыстану пәні мұғалімі А.Избасарованың сабақтарына қатысу барысында анықталғаны. Мектеп әкімшілігі тарапынан тарих, жаратылыстану пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысу мақсаты оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамытуда пән мұғалімнің шеберлігін анықтау мен жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытылу методикасын зерделеу.
Г.Ильясованың 5 «А» сыныбындағы «Сақ тайпалары» тақырыбындағы сабағына қатысуда мұғалім оқыту барысында тек жеке жұмыстар қолданылды. Пән мұғалімнің оқыту барысында оқушылардың жаңа материал бойынша жылдар мен сақ тайпаларының түрлерін меңгергені байқалады. 5 «Б» сыныбындағы «Сақтардың археологиялық олжалары» тақырыбындағы сабақтарына қатысу барысында анықталғаны: оқушылар сақ тайпаларының қоғамдық құрылысын ажыратады, хронологияны біледі, дидактикалық тапсырмаларды меңгертуде ойын элементтерін қолдану арқылы көп оқушыны меңгертті.
Пән мұғалімдеріне оқыту мақсатына жетуге және білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін бағыттау мақсатында төмендегі ұсыныстар берілді:
Білім алушылардың әрекеттеріне жүйелі қадағалау жүргізу керектігі ескертілді.
Сонымен қатар 5-7 сыныптарда тарих ,география пәндерінің деңгейін анықтау мақсатында ІІ тоқсанда 5-7 сыныптардан тарих ,география пәндерінен бір жиынтық бағалауға бағытталған тапсырма жұмыстары зерделенді. Жиынтық бағалау бойынша қорытынды сараптамасына көңіл аударсақ:
І жиынтық бағалау Қазақстан тарихы пәні бойынша
6 сыныптарында тарих және жаратылыстану пәндерінің оқытылу деңгейін оқу жылдың соңына дейін мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілер назарында ұстау қажеттілігі ескертіледі.