Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы А. Даулетбеков атындаға орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Тұрлыбек Қ.Қ



бет2/2
Дата26.08.2017
өлшемі2,81 Mb.
#29623
түріСабақ
1   2




Нүкте, сызық, ирек түріндегі қарапайым өрнектер ерте кезден пайда болған. Ою-өрнектің тарихын зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Бұған шетелдік (В. Куррер, Ф. Т. Куглер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов), қазақ ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов, Е. Масанов және т.б.) зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді.

Ұлттық ою-өрнектер.

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-өрнектер. Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар біріншіден мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік – осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.

Ою-өрнектің классификациясы төңірегінде арнайы қабылданған жүйе жоқ. Әдетте ою-өрнек жануарлық (зооморфтық), өсімдіктік (көкөрістік) және геометриялық деп бөлінеді. Бірақ бұл классификация толық емес. Бұған космогониялық, астральдық, ғарыштық деп аталатын төртінші топты қосу жүйесі бар. Келесі бір ғалымдар тобы барлық ою-өрнектерді физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа бөліп қарастырады.

Қазіргі кезде ою-өрнек атаулары мағынасына қарай мынадай топтарға жіктелген:


  1. Ай-күн, жұлдыздарға – көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;

  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;

  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;

  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;

  5. Құстарға байланысты ою-өрнектер;

  6. Жер, су, өсімдік гүл, топырақ, жапырақ бейнелі ою-өрнектер;

  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер;

  8. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

Қазақ ою-өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады, жетілді. Қазір оның 200-ден астам түрі мен атауы бар.

Солардың ішінде мүйіз тектес ою-өрнектер халық арасында көп тараған. Ою-өрнектердің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа өрнектер осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, құс қанаты, қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенді өмір салты бейнеленген.

Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.

Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек.



Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру дгене сөзі. Мысал ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.

Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы – симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.

Ою-өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі.

Ою-өрнекте бір элементтің қайталанып отыруын ритм – ырғақ дейді. Мысалы қошқар мүйіздің қайталанып отыруы – ырғақ.

Мүйіз тектес ою-өрнек үлгілерін көрсету.

3. Өзіндік жұмыс.

Тапсырма – түрлі-түсті қағаздан мүйіз тектес ою-өрнек түрлерін қиып композиция жасау.



4. Сабақты қорытындылау.

Балалар сабағымызды сұрақтармен қорытындылайық.



  1. Ою-өрнек дегеніміз не?

  2. Орнамент деген сөз нені білдіреді?

  3. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?

  4. Композиция деген не?

  5. Симметрия деген не?

  6. Колорит дегенді қалай түсінесіңдер?

  7. Ырғақ дегеніміз не?

Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағлұматтар алдық. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің бар түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына айналған. «Өнер - өшпес мұра» дейді халық даналығы. Өнер өлмейді, көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.

5. Үйге тапсырма.

Өз ойларынан ою композициясын құрастырып жасау.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Төленбаев С. «Ою» Өнер баспасы, 1989 жыл

2. Төленбаев С.. Өмірбекова М. «Ою-өрнектің жасалу жолдары» Қағанат ЛТД баспасы, 1993 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет