1.Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты: Бұл жобамда түрі азайып бара жатқан, емдік қасиеті өте жоғары сапаға ие жантақ өсімдігінің емдік қасиеті мен тұрмыстық жағдайда алатын орны туралы келешек ұрпаққа насихаттау, үлгі ету. Міндеттері: Жантақ өсімдігі туралы түсінік беру; Жантақ өсімдігінің тұрмыстағы ерекше тұстары мен медицинада, халықтық ем - домдарда алатын орны мен ерекше құндылықтар туралы таныту. Болжам: Жантақ өсімдігінің емдік қасиеті мен классификациясы қарастырылды. Зерттеу кезеңдері: 1-кезең – Зерттеу тақырыбын табу, әдебиеттермен танысу және материалдар жинақтау; 2-кезең- Талдамаларды жобалау; 3-кезең- Жинақталған материалды сұрыптап, негізгі мақсатты ашуға жұмыстану; 4-кезең- Талдау жасап, жұмысты жүйелеу, рәсімдеу, қорытындылау, жазу. Зерттеу әдісі: Зерттеуде іздену, жинақтау, саралау, әдеби-ғылыми талдау. - 5.Зерттеу нәтижесі: Жантақ өсімдігі туралы жинақталған тарихи және ғылыми сипаттағы деректерді енгізе отырып, оқушыларға насихат жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |