Жантақтың емдік қасиеті



бет4/6
Дата26.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#133513
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жантақ слайд

І Кіріспе бөлім
  • Жантақ - көпжылдық емдік қасиеті орасан зор дәрілік өсімдік. Бұл тақырыпты алудағы мақсатым жантақ өсімдігінің құрылымы мен емдік қасиетін таныта отырып, халықтық медицинада алатын орны мен маңызы және жантақтан қолданбалы тұрмыста қажетті заттардың алынатындығы туралы дәлелдеуді жөн көрдім. Ал мақсатыма жетуде жантақты жан - жақты зерттей отырып, қол жеткізген нәтижемді ортаға салып ой бөлісу және халыққа кең таралған түрде насихаттауды міндетім деп санаймын.
  • Жантақ - бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұтақталып өседі. Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және сортаң топырақты жерлерде, өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде өседі. Арамшөп ретінде суармалы егістікте де өседі. Оның биіктігі - 30-100 сантиметр болады. Тамырының ұзындығы 10 метрге жетеді, ал тамыр сабағы 20-30 сантиметр тереңдікте болады, көбінесе осы тамыры арқылы көбейеді. Сабағы бұтақтанып біткен, тікенді сырты жылтыр, бүртікті. Жапырағы жұмыртқа пішінді, домалақ , бүтін жиекті. Гүлі - қызыл. Гүлінен ара бал жинайды. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі – бұршақ. Дәні бүйрек пішіндес не төрт бұрышты. Мамандардың айтуы бойынша, жантақтың құрамында төмендегіше заттар кездеседі.
    • Жантақ – жартылай бұталы, тікенді, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағының төменгі жағындағы тікендері қысқа әрі мықты, жоғарғылары жіңішке, жұмсақ шөп тәрізді, ұштары жоғары қараған. жЖантақтың құармында белок көп болғандықтан оны түйе малы сүйсініп жейді. Ал егер жантақты булайтын болсақ онда жантақтың буланған түрін барлық мал сүйсініп жей береді. Жалпы жантақ өсімдігінің сарапталуы мен классификациясын топтап айтуға болады.
    1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет