Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
 
 
4.1 Суға экологиялық фактор ретінде сипаттама 
Су – барлық жер бетіндегі тіршіліктің ең басты 
экологиялық факторлары болып табылады. Зат алмасу 
үрдістерінің қоршаған ортамен байланысының негізіне су 
еріткіш ж
ән
е метоболит ретінде қажет. Су өсімдіктерде 
фотосинтез реакцияларында түзіледі, ал минерал тұздар 
өсімдікке топырақтан су ерітіндісі түрінде өтеді. 
Су - өсімдік денесінің негізгі құрамдас бөлігі (30-дан 40, 
95% дейін). Анабиоз (тұқымның ұзақ тыныштығы) кезінде де 
өсімдікте су болады. Жер бетіндегі өсімдік үшін судың 
булануы фотосинтез өтетін кеңістіктің үлкендігіне 
байланысты. Су, тургорлық қысым арқылы тірегі жоқ 
өсімдіктердің жер үстінде ұсталып тұруын қамтамасыз етеді. 
Суда тіршілік ететін аздаған өсімдік түрлеріне су - өмір сүру 
ортасы болып табылады.
Жер бетіндегі өсімдіктер үшін судың негізгі көзі – 
атмосфералық жауын-шашын. Өсімдік жабындығының 
ылғалмен қамтамасыз етілуі бірінші кезекте жергілікті жердің 


63 
жалпы климаттық сипатымен байланысты. Жер бетінде жыл 
ішінде бірнеше мың мм жауын-шашын (экваторлық ж
ән
е 
муссонды тропикалық климатты аудандарда), орта жыл 
ішіндегі жауын-шашын 100 мм-ден аз болатын, жауын жылда 
жаумайтын (тропикалық шөл климат) аудандар бар [33].
Өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуі үшін жыл 
ішіндегі жауын-шашын көлемін ғана біліп қоймау керек. 
Өйткені сол бір көлемді құрғақ климат (субтропикада да), өте 
ылғалды (арктикада да) көрсетуі мүмкін. Жер шарындағы 
әр
түрлі аудандардағы 
әр
келкі жауын-шашын мен судың 
булану қатынасы да көптеген маңызды орын алады.
Жыл ішіндегі жауын-шашын көлемінен ол көлем артық 
болса, 
аридтік 
(құрғақ, шөл облысқа) – мұнда өсімдік 
вегетациялық кезеңінің көп бөлігінде ылғалдылыққа тапшы 
болады. Өсімдік ылғалмен қамтамасыз етілген облыстарды – 
гумидтік
(ылғалды) деп атайды. Аридтік ж
ән
е гумидтік 
тіршілік ету ортасының арасындағы шекара шартты түрде. 
Кейде өтпелі 
семиаридтік
(жартылай аридтік) өмір сүру орта 
деп бөледі. Өте құрғақ аудандарда 
экстрааридтік
жағдайларды айтады. 
Жауын-шашын көлемімен қатар өсімдік тіршілігі үшін 
олардың уақыт бойынша бөлінуі де маңызды. Ең бірінші 
кезекте вегетациялық д
ә
уірдің ылғалмен қамтамасыз етілу 
қажеттілігі ж
ән
е жауын-шашынның жылдық температурамен 
қатынасы өте маңызды. Жалпы климаттық қордан басқа 
өсімдіктің сумен қамтамасыз етілу сипаты үшін олардың 
белгілі жерлердегі ылғалдану жағдайларын білу қажет. Жер 
бетіндегі өсімдіктерге судың түсуі – топырақтан тамырлары 
арқылы сіңіріледі (ризоидтары арқылы). 
Топырақта су бөлшектенген қалыпта болып, құрамында 
көптеген катиондар мен аниондар болады. Осыған 
байланысты топырақтағы ылғал химиялық, физикалық 
қасиеті жағынан біркелкі емес. Топырақтағы судың үш 
категориясын ажыратады: гравитациялық, капиллярлық ж
ән
е 
байланысқан. 
Гравитациялық су – қозғалмалы су, топырақ 
аралығындағы ірі бөліктерді толтырып ж
ән
е тартылу күші 


64 
арқылы төменге, грунттың (жер асты) суларға жеткенге дейін 
тартылып тұрады.
Капиллярлық су – топырақ арасындағы ұсақ 
аралықтарды толтырып тұрады ж
ән
е капиллярлық тартылу 
күшімен байланысып тұрады.
Байланысқан су – топырақ бөліктерінің бетінде 
адсорбциялық күштермен байланысып тұрады. 
Аталған су формаларынан басқа топырақта бу 
тәр
ізді 
ылғалды түрде болады, ал ол судан бос орындарда кездеседі. 
Бұл ылғалда қаныққан су болады. Температура нөл градустан 
төмендесе, топырақ ылғалдығы мұзға айналады. (Алғашында 
бос су, ары қарай суығанда – байланысқан суға айналады). 
Ә
ртүрлі формадағы топырақтағы ылғалдылық өсімдік 
тамыр жүйесіне 
әр
түрлі беріледі. Ең жеңіл гравитациялық су, 
көптеген 
кедергілермен 
– 
капиллярлық 
сіңіріледі. 
Алынбайтын ылғалдылық (недоступная влага) немесе өлі қор 
шамамен мықты байланысқан судың қатынас мөлшерімен 
сәй
кес.
Топырақтағы 
ылғалдылықты 
сіңіруден 
басқа 
өсімдіктерге ылғалды тамшылы-сұйықтық ауадағы бу 
түріндегі ылғалдылық пен жаңбыр түрінде өсімдіктердің жер 
үсті бөлімдері арқылы өтеді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде бұл құбылыс көбінесе 
тропикалық ормандардағы эпифиттерде кездеседі. Олар суды 
бүкіл жапырақ беті ж
ән
е ауа тамырлары арқылы сіңіреді. 
Эпифитті орхидеялардың ауа тамырлары көп қабатты 
эпидермис – веламенмен қапталған, ол жаңбыр жауған кезде 
губка сияқты суды сіңіреді, құрғақ кезде жасушасы ауамен 
толады. Көптеген эпифиттерде су жинайтын маманданған 
ұлпалар дамыған. Кейбір кактустардың тікенектері де су 
сіңіреді. Тамшылы-сұйықтықты сіңіруге мүмкіндігі бар 
екендігі анықталған. Белгіленген сұйықтықтың кактус 
тікеніне өткенін көруге болады. Бу т
әр
ізді ылғалды ауадан 
шөлде өсетін кейбір жапырақсыз бұта ж
ә
не ағаш 
өсімдіктерінің бұтақтары сіңіреді. Сексеуіл – саксаул, 
канымдар т.б. терескен, жусан. 


65 
Жоғары споралы өсімдіктердің ж
ән
е төменгі сатыдағы 
өсімдіктердің сумен қоректену
тәсіл
і, мүктер, қыналар, кейбір 
балдырлар су мен ылғалдылық жетіспеген кезде анабиоз 
кезеңіне өтіп, ұзақ уақыт құрғақ-ауалы жағдайға өтеді. 
Ауадағы су буының (ауаның ылғалдылығы) өте үлкен 
экологиялық маңызды фактор болып табылады, көптеген 
жағдайда өсімдіктердің суды жоғалту д
әр
ежесінің көрсеткіші 
болып табылады. 
Көпшілігінде өте құрғақ 
жән
е қатты қызатын жерлерде 
ауа ылғалдылығы күндізгі уақытта төмендейді [34].
Қар өсiмдiк өмiрiнде екi рөл атқарады. Бiр жағынан 
қатты жауған қар өсімдіктерге механикалық зардап 
шектіреді. Екiншi жағынан, қыстап шығатын өсiмдiк 
бөлiктерiн суықтан, ал топырақты терең ж
ән
е қатты 
тоңазудан сақтайды. Өсiмдiктердiң алғашқы вегетациялық 
кезеңiнде ылғалмен қамтамасыз етуде қардың жауғаны мен 
қар бетiнiң үлкен маңызы бар. 
Мұз өсiмдiкке негiзiнен қолайсыз 
әсе
р етедi. Топырақ 
бетiнде мұз қабатының пайда болуынан топыраққа ауа өтуі 
тоқтап, қыстайтын өсімдік тұншығып, қысылады да өледi. 
Бұршақ - ылғал көзi болып табылғанымен, өсiмдiкке 
зияны тиедi, себебi фотосинтез аппараттары - жапырақ ж
ә
не 
өсiмдiктiң жер үстi бөлiктерiн
е әсер
етедi. 
Шық - суық бетте бу 
тәр
iздi ылғалдың конденсаты - 
өсiмдiк өмiрiндегi күнделiктi құбылыс. Шық түсуiне 
таңертеңгi ж
ән
е кешкi уақыттағы өсiмдiк бiрлестiгiндегi 
үлкен жапырақ бетi ықпал етедi. 
Өсiмдiкке судың өту жолдарын қарастырсақ, өсiмдiкке 
тамыры арқылы ылғалдың өту мөлшерiн анықтау өте сирек 
болады. Көпшiлiгiнде өсiмдiктiң суды алу немесе сору 
күшiмен - жасуша шырынындағы осмотикалық қысым Па — 
паскальда анықтайды, 
әр
түрлi жағдайларға байланысты 500-
700 ден 7000-9000 кПа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет