Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет31/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
4.5 Топырақ факторлары ж
ән
е олардың өсімдік 
тіршілігіндегі маңызы 
Топырақтың өсімдік тіршілігіндегі алатын маңызды 
орны біріншіден, көптеген жер бетіндегі ж
ән
е су 
өсімдіктерінің бекіну субстраты болып табылуы, екіншіден, 
фотосинтез қорлары мен қатар топырақтан өсімдіктер 
ә
ртүрлі 
минерал заттары мен суды өз денесінің құрылымын жасауда 
қолдануға алады. 
Өсімдік өзінің дамуы кезінде қоректік заттар, су, ауа 
ж
ән
е жылуды қажет 
етеді. 
Мәд
ени өсімдіктің 
осы 
мұқтаждарын 
қанағаттандыруға қабілеті 
бар 
топырақ 
кұнарлы топырақ 
болады. 
Құнарлылық - топырақтың ең басты, негізгі қасиеті.
 
Ал 
ол топырақтың бірқатар басқа қасиеттеріне байланысты 
болады. 
Топырақтың қасиеті де 
әр
түрлі: сулы, ауалық, жылулық 
ж
ән
е тұздық.
Топырақтың жұту қабілеті.
 
Өсімдік қоректі өзінің 
тамырлары арқылы топырақ ерітіндісінен алады. Бірақ ол 
өзіне қажетті заттарды ала алу үшін ерітінді сұйық, былайша 
айтқанда көп суға тұздың өте аз мөлшерінің (1 литр суға 2-3 г 
қоректік тұз шамасы) ерітілген болуы керек. Рас, ерітіндіде 
тұз өте аз болса өсімдік ашығады, бірақ ол ерітінді өте күшті 
болса да өсімдік өліп қалады. Мұндай концентрациялы сулы 
ерітіндіден өсімдік тамырлары тұздарды сорып ала алмайды, 
сондықтан өсімдік аштықтан өлген сияқты, мұндай жағдайда 
да өліп қалады. 
Топырақтағы 
су 
мөлшерінің 
үздіксіз 
өзгеріп 
тұратындығы белгілі. Жаңбырдан кейін ол көп те, 


88 
құрғақшылықта - аз болады. Демек, топырақ ертіндісінің 
күштілігі мезгіл-мезгіл құбылып тұрады, ал бұл құбылу 
өсімдікке өте қолайсыз болып табылады. Осы орайда, 
өсімдікке оны қоректендіретін топырақтың кейбір қасиеттері, 
оның сазды бөлшектері мен қарашірік «көмекке» келеді. 
Топырақтың саз бөлшектері мен қарашірік бөлігі белгілі 
шамада ерітіндінің күштілігін реттеп тұрады. Ерітіндінің 
концентрациясы жоғарлаған кезде, еріген заттардың бір 
бөлегін топырақ бойына сіңіріп алады. Бұл түрлі себептерге 
байланысты. Топырақтың қатты бөлігі кейбір заттарды күшті 
сіңіріп, олармен бірге жаңа, қиын еритін қосылыстар ж
ән
е 
тұздар құрайды. Темір, фосфор қышқылы, көмір қышқылы 
осылайша берігірек сіңіріледі. Басқа заттар, мысалы кальций, 
калий, натрий, магний ерітіндіден топырақ бөлшектерінің 
бетіне жақындап, судың бұл бөлшектерге ең жақын 
қабаттарында (диффузиялық қабатында) жиналады да, одан 
басқа элементтерді ығыстырып шығарады [42]. Мысалы, 
ерітіндіден кальций сіңіреді де, ерітіндіге магний немесе 
натрий ығыстырылып шығарылады. Ал, кейде керісінше 
болуы да мүмкін. 
Ә
детте, топырақ ерітіндісіндегі көп 
элементтер сіңіріледі. Ақырында, үшінші бір заттар топырақ 
ерітіндісінің концентрациясы өте күшейген кезде кристалға 
айналып бөлініп шығуы мүмкін, мысалы қаратопырақтарда 
ізбес, қызыл - қоңыр топырақтарда ізбес пен гипс ж
ән
е 
басқалар. 
Көпшілік жағдайларда өсімдікке керекті заттар, м
әсел
ен, 
калий, кальций, фосфор қышқылы, ізбес сіңіріледі. Дегенмен, 
топырақ олармен қатар, өзінің барлық қасиеттерін шұғыл 
нашарлататын натрийді де сіңіреді. 
Топырақтың, оның 
қатты бөлшектерінің кейбір заттар мен тұздарды сулы 
ерітіндіден бойына сіңіріп алу қабілеті топырақтың сіңіру - 
жұту қабілеті 
деп аталатыны белгілі. 
Топырақтың сіңіру қабілеті
ең алдымен ондағы өте уақ 
(коллоидтық) - минералды, органикалық ж
ән
е органикалық-
минералдық бөлшектерге байланысты. Топырақтың бұл 
бөлімі оның сіңіру кешені деп аталады. Мұндай бөлшектер 
неғұрлым көп болса, топырақтың сіңіру қабілеті солғұрлым 


89 
жақсы болады. Демек, құмдақ, құм топырақтар мен 
қарашірігі аз топырақтарға қарағанда сазды 
жән
е саздақты, 
әсір
есе қарашірікке бай топырақтардың сіңіру қабілеті 
ә
рдайым жақсы (көп) болады. Мысалы, сазды қаратопырақта 
сіңірілген кальций мен магнийдің мөлшері топырақ 
салмағының бір пайыз шамасында не одан да көбірек болады, 
ал құмды күлгіндеу топырақтарда бұл заттар сіңірілген 
түрінде пайыздың жүзден бірнеше бөліктері шамасында ғана 
кездеседі.
 
Топырақ сіңірілген заттарды м
әң
гілік ұстап 
қалмайды, су көбейген, не өзінің тамырлары арқылы өсімдік 
«талап еткен» уақытқа дейін ғана «сақталады». Топырақтың 
ылғалдығы жоғарылаған уақытта бұл заттардың белгілі бір 
бөлімі тоқтаусыз қайтадан топырақ ерітіндісіне
өтеді.
Топырақ кейбір газдарды да, мысалы, жылқы 
қораларында күшті исі білініп тұратын аммиакты сіңіре 
алады. Топырақ бойына сіңірген аммиак бактериялардың 
көмегімен селитраға айналады. 
Бірақ, топырақ барлық заттарды бірдей жақсы сіңіре 
бермейді. Мысалы, өсімдіктер үшін аса бағалы селитраны өте 
нашар сіңіреді, сондықтан ол басқа заттарға қарағанда 
топырақтан оңай жуылып кетеді. Сонымен қатар, барлық 
топырақтардың сіңіру қабілеті бірдей болмайды. Сазды 
бөлшектер мен қарашірікке бай топырақтар түрлі заттарды 
жақсы сіңіре алады. Мұндай топырақтарда қоректік заттар 
берік ұсталады, сондықтан олар суға оңай жуыла қоймайды. 
Мұндай топырақтарда, егер оны
сор баспаған болса, сулы 
ерітіндінің күштілігі бір қалыпта болады, ал бұл 
өсімдіктердің қоректенуі үшін өте маңызды.
Сазды, қарашірікке бай топырақтарды өсімдіктерге 
кажетті 
мөлшерде 
қоректік 
заттармен 
(мысалы, 
суперфосфатпен) батыл тыңайтуға болады, өйткені егер олар 
артық болса, топыраққа сіңіп өсімдіктерге зиянын тигізбейді 
ж
ән
е сумен жуылып та кетпейді. Бірақ сазды топырақтарда да 
нашар сіңетін болғандықтан селитраны көп жұмсауға 
болмайтынын ескеру қажет. Сол себептен де, практикада оны 
әд
етте топырақтың беткі қабатына екі бөліп, бірінші рет - 


90 
тұқым себу кезінде, екінші рет - өсімдіктердің нағыз жақсы 
дамып, толықсыған кезінде қосу керек. 
Құмды топырақтардың қасиеті мүлде өзгеше болады. 
Оларда саз бөлшектер мен қарашірік аз. Олардың сіңіру 
қабілеті болмашы ғана. Олардағы қоректік заттар суға оңай 
жуылып, өсімдіктер үшін ізсіз жойылып кетеді. 
Құрғақшылық 
болып, 
топырақ 
ерітіндісінің 
концентрациясының күші артқан кезде, құмды топырақ артық 
тұздарды сіңіре алмайды. Сондықтан егер топырақ суда 
ерігіш заттармен тыңайтылған болса, өсімдіктердің өліп 
қалуы мүмкін: олар күйіп кетеді. Сондықтан топырақ 
ерітіндісінің күштілігі ерекше артық болып, қоректік 
заттарды пайдасыз жоғалтып алмау үшін құмды 
топырақтарды аздап, бірнеше рет тыңайтады. 
Топырақтың сіңіру қабілетінде сазды бөлшектер ж
ә
не 
қарашірікпен қатар онда өмір сүретін микроағзалардың да 
маңызы үлкен. Топырақта көбейе отырып, олар өзінің денесін 
құрау үшін топырақ ерітіндісінен азот, фосфор, калий, 
кальций 
жән
е басқалар сияқты түрлі қоректік заттарды 
сіңіреді [43]. Өлгеннен кейін микроағзалардың денелері 
шіриді, ал оның сіңірген заттары топыраққа, топырақ 
ертіндісіне қайтып оралады да, оны өсімдіктер пайдалана 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет