96
Топырақтың су көтергіштік қабілеті. Топырақтағы
судың тек жоғарыдан төмен қарай ғана емес, жан-жағына
ж
ән
е төменнен жоғары қарай да қозғала алатындығы анық.
Су топырақ бөлшектерінің арасындағы өте ұсақ кеуектер
арқылы көтеріледі.
Топырақтың жер астындағы суды сорып алу ж
ән
е
көтеру, қылтүтіктер арқылы бір қабаттан екінші қабатқа ж
ән
е
жан-жаққа өткізу қабілетінің өсімдіктер өмірі үшін өте үлкен
маңызы бар. Топырақтың бұл қабілеті болмаса - ондағы
судың көбі пайдасыз ағып кетер еді, ал өсімдіктер үшін,
әсір
есе құрғақшылық аймақтарда, судың қандай бағалы
екендігі белгілі. Топырақтың беткі қабаттары ешқандай ылғал
ала алмайтын құрғақшылық кезде өсімдіктер тек қылтүтікгер
арқылы келетін сулармен өмір сүреді.
Судың көтерілуі ж
ә
не қылтүтіктерге тартылуы тек
жерасты суының деңгейіне (шарасына) не ыза суға ғана
байланысты емес, ол мұндай сулар жоқ кезінде де болуы
мүмкін екендігін білгеннің маңызы зор. Қылтүтік суы суға
қаныққан қабаттардан (горизонттардан) құрғақ қабаттарға
қарай да жылжиды. Бұл жағдайларда суға толған ірі кеуектер
топырақтың жіңішке түтіктеріне су жеткізіп тұратын су көзі
қызметін атқарады.
Сөйтіп, топырақтың қылтүтіктер арқылы су көтеру
қабілеті өсімдіктерге ылғалды жақсы ж
ән
е толығырақ
пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: