Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет33/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
Топырақтың ылғал сиымдылығы.
Топыраққа келген су 
оны ылғалдап, оның ұсақ бөлшектерін бірнеше қабат болып 
қоршап алады. Су топыраққа жабысып қалады, оны топырақ 
беткейлігімен берік ұстап тұрады. Судың қабаттары топырақ 
бөлшектеріне неғұрлым жақын болса, олардың өзара 
байланысы солғұрлым берік болады да, су топырақта 


93 
солғұрлым берік ұсталады. Сонымен бірге, су топырақтың 
тар қуыстарында - қылтүтіктерінде де ұсталады. 
Су өз салмағының 
әсер
інен еркін төмен өте алатын 
жағдайда топырақтың су ұстап қалу қабілетін топырақтың су 
тұтқырлық қабілеті, ал соған 
сәй
кес жағдайларда ұсталып 
қалған судың мөлшерін топырақтың ылғал сиымдылығы деп 
атайды. Түрлі топырақтардың ылғал сиымдылығы да түрліше 
болады. 
Топырақтың су сиғызғыштығы.
 
Егер топырақтың 
астында су өткізбейтін қабат болса, күшті жаңбыр не суару 
кезінде оның барлық қуыстары суға толады. Топырақтың 
қуысы неғұрлым көп болса, оған солғұрлым көп су 
орналасады. Судың бұл мөлшері 
топырақтың су 
сиғызғыштығына 
сәй
кес келеді. 
Топырақтың ылғал сиғызғыштығы көлемі жөнінен алып 
қарағанда өзінің кеуектілігіне тең екендігі анық. Су 
сиғызғыштықты топырақтың ылғал сиымдылығынан ажырата 
білу керек, 
ылғал сиымдылық
дегеніміз - топырақ толық 
ылғалданып, артық су қуыстар арқылы төмен немесе ылдиға 
қарай жан-жағына еркін ағып кете алатын жағдайларда 
топырақ ұстап қалатын судың мөлшері
.
Топырақтағы судың 
әр
түрі.
 
Топырақтағы судың сапасы 
бірдей емес. Топырақтағы судың бір-бірінен айырмашылығы 
үлкен, алты категорияларын ажыратып көрсетуге болады: 1) 
байланысқан, 
еріксіз, топырақ бөлшектері өте берік ұстап 
тұрған су, мұның көпшілік бөлімі өсімдіктерге пайдасыз; бұл 
гигроскопиялық, өте гигроскопиялық ж
ән
е жұқа қабат түзетін 
су; 2) топырақтағы орташа мөлшерлі кеуектерде орналасқан 
қылтүтік суы; 
3) топырақтан төмен қарай, не ылдиды бойлап 
жан-жағына ағып кете алатын 
еркін, гравитациялық су; 
4) 
топырақ ауасының ішінде болатын 
бу түріндегі су; 
5) 
топырақ қатқанда пайда болатын 
қатты (мұз) су; 
6) өлген, 
бірақ шіріп үлгірмеген өсімдіктердің жасушаларында 
болатын 
жасушалық
(осмостық) су.
Топырақта су көп болса, топырақ оның белгілі бір 
бөлімін ғана өзінің бетінде ұстап қалады. Қалған су бос, оны 
өсімдіктер өзінің тамырлары арқылы оңай сорып ала алады; 


94 
бұл гравитациялық ж
ә
не қылтүтік су. Қылтүтік суы ерекше 
бағалы, өйткені оны өсімдік оңай пайдалана алады 
жән
е ол 
төмен қарай ағып кетпей, топырақтың тамырлар тараған 
қабаттарында ұсталып тұрады. Бұл судың тағы бір қасиеті 
топырақтың қылтүтіктері арқылы барлық бағытта: төменнен 
жоғары, жоғарыдан төмен, жан-жағына қарай қозғала алады. 
Өсімдік тамыры өзінің айналасындағы суды «ішіп» 
бітіргеннен кейін, бұл су көршілес, ылғал жерлерден ауысып 
өсімдікке келе алады. Қылтүтік суы барлық қуыстарды түгел 
толтырмай, ішінде ауа толған ірірек қуыстармен алмасып 
отырғаны дұрыс, өйткені ауа өсімдік тамырларының ж
ән
е 
топырақтағы басқа тірі ағзалардың тыныс алуы үшін керек. 
Топырақ құрғай бастағанда ондағы су азая береді. Ол 
топырақ бөлшектерінің айналасында жұқа қабат түрінде ғана 
қалады ж
ән
е оны топырақ бөлшектері өте үлкен күшпен 
тартып, ұстап тұрады. Бұл байланысқан су болады. Жоғарыда 
айтылғандай, бұл су құрамы жөнінде де біртектес емес. Оның 
сыртқы жұқа қабаттары бостау келеді. Топырақ оларды 
бостау ұстайды. Байланысқан судың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет