Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет29/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
Аязға төзімділік. 
Қыста өсімдіктер көбіне төменгі 
температура мен жылымық кезіндегі температураның күрт 
ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Максимов өсімдіктерде 
төменгі температураның 
әсер
інен өтетін үрдістерді мұқият 
зерттеді. Ол 1912 жылы «өсімдіктердің үсуі мен суыққа 
төзімділігі» деген еңбегінде өсімдіктердің аязға төзімділігі 
жөніндегі болжамының негізгі м
ә
нін анықтады. Өсімдік 
жасушаларында мұз қатып, протоплазманың коллоидтық 
құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік аяздан үсіп, тіршілігін 
тоқтады. Демек, өсімдіктердің бойында су қанша аз болса, 


83 
мұзда соншама аз қатады, яғни өсімдіктің аяздан зардап шегуі 
соншама кемиді. Өсімдіктің сусыздануымен қатар, онда 
қорғаныш заттары - қант пен тұздың жиналуы протоплазма 
коллоидтары төзімділігінің артуына себепші болады.
Л.И. Сергеев тұжырымдаған келесі көзқарас аязға 
төзімділік механизмін өсімдіктердің өзгеріп тұратын 
жағдайларға 
сә
йкес зат алмасуын тез өзгертіп отыруға 
бейімділігі ретінде түсіндіреді. Өсімдіктердің зат алмасуы 
мен орта жағдайлары арасында үйлесімді байланыс бар. Бұл 
үйлесімділіктің бұзылуы Л.И. Сергеевтің пікірі бойынша, 
өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі 
болып табылады. Сондықтан, ортаның аса қиын 
жағдайларында ағзаның тіршілікке қабілеттілігін оның 
төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды [40]. 
Ағаш тұқымдастардың аязға төзімді болуында 
транспирация зор роль атқарады. Ағаш тұқымдыс өсімдіктер 
қыста да көптеген мөлшерде суды буландырып отырады. 
Мұнда транспирация жапырақтардағы, бүршіктер, перидерма 
арқылы өтеді. Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастар 
суыққа төзімсіз болады. Қысқы транспирация неғұрлым 
төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді. 
Күзде вегетация мен өсу үрдістерін дер кезінде 
тоқтатудың зор маңызы бар. Ағаштың өсуін аяқтамаған 
өркендері толық жетіліп үлгермейді, онда көп мөлшерде су 
болады. Қысқы аяз түскенде мұндай өркендер үсіп кетеді. 
Өсімдіктердің аязға төзімділігі олардың тыныштық күйінің 
ұзақтығы мен тереңдігіне де байланысты. Шабдалы ағашы 
желтоқсан айында терең тыныштық күйінде болып, 
бүршіктері өспей тұрғанда -20
0
аязға шыдайды. Қаңтарда 
бүршіктері ісіне бастағанда -17-19
0
, наурызда бүршіктері 
шашақ түзе бастағанда - 7-8
0
аязға шыдайды да, ал 
сәу
ірде 
бүршіктері гүл жара бастағанда ол -2-3
0
аяздан-ақ үсіп кетеді. 
Вегетация д
әу
ірінде азот тыңайтқышын кеш енгізу ж
ән
е 
жиі суару сияқты агрономиялық шаралар вегетация мен өсу 
мерзімдерін ұзарта отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін 
кемітеді. Ал вегетация д
әу
ірінің соңында фосфор-калий 
тыңайтқыштарын енгізу, керісінше, көмірсудың жиналуына 


84 
ж
ән
е бір жылдық өркендердің тез өсіп жетілуіне жағдай 
жасай отырып, өсімдіктердің аязға төзімділігін арттырады. 
Күзгі-қысқы суару арқылы топарықтың ылғалдылығын 
реттеу жолымен өсімдіктің төзімділігіне 
әсер
етуге болады. 
Егер, топырақ қыста ылғалды жеткілікті сіңіріп, өсімдіктер 
қысқы құрғақшылықтан зардап шекпеген болса, жеміс 
ағаштарының аязға төзімділігі артады. Өсімдіктердің аязға 
төзімділігін арттыру бағытында да зерттеу жұмыстары 
жүргізілетінін атап өткен жөн. 
Өсімдіктердің аязға төзімділігін арттыру. 
И.И. 
Туманов өсімдіктерді төменгі температураға шынықтыру 
м
әсел
есін зерттеп, аязға төзімділік ұзақ та күрделі 
даярлықтың н
әт
ижесінде қалыптасатынын көрсетті. Ол аязға 
төзімді түрлерде табиғи жолмен өтетін қысқа даярлану 
үрдістерін зерттеу негізінде, өсімдіктердің төзімділігін одан 
әр
і арттыруға мүмкіндік беретін 
тәсіл
дерді жасап шығарды. 
Ол үшін мынандай шарттар орындалуы тиіс. Қажетті 
генетикалық табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға төзімді 
етуге болады. Жылу сүйгіш өсімдіктерді қолдан аязға 
шынықтыруға болмайды.
Екінші шарт – тыныштық күйінің немесе ұзақ мерзімді 
яровизация сатысының болуы. Өсімдіктерде өсу үрдісі 
тоқтап, олар тыныштық кезеңінде тұрғанда ғана аязға 
шынықтыруға болады. Өсу ж
ә
не аязға төзімділік бір-біріне 
сиыспайтын ұғымдар. Өсу үрдісі жүріп жататын 
вегетациялық д
әу
ірде, өсімдіктердің тіпті табиғатынан қысқа 
төзімді түрлері де нашар шынығады. Қарағайдың, қайың мен 
жөке ағашының бұтақтары күзде, олар тыныштық күйінде 
тұрған кезде аязға төзімділігін -36
0
, тыныштық кезеңінен 
өткен соң -15 градусқа дейін ғана арттыратыны 
тәж
ірибе 
арқылы анықталған. 
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі 
фазадан өтеді. Шынықтырудың бірінші фазасы төменгі он 
температурада өтеді. Бұл жағдайда жасушаларда қорғаныш 
заттары - қант жиналады. Олардың ж
әр
демімен 
протоплазмада өсуді тежейтін немесе толық тоқтататын 
үрдістер жүреді. Шынықтырудың бірінші фазасы аяқталған 


85 
соң екінші фазасы басталады. Екінші фаза теріс 
температурамен баяу салқындату жағдайында өтеді. Бірінші 
ж
ән
е екінші фазаның барысында протоплазманың су 
өткізгіштігі артады, мұз болып қатуға бейім судың б
әр
і 
жасуша аралығына ағып барады. Барлық суынан дерлік 
айырылу н
әти
жесінде протоплазманың құрылымы өзгереді. 
Төменгі температура бұл құрылымның сақталуына мүмкіндік 
береді. Шынықтырудың екі фазасынан ойдағыдай өткен 
өсімдіктерді аязға төзімді етіп шынықтыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет