Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет32/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
кітап 2
емт бил 20 ғ.б. ка 2016-17, механикалық қозғалыс сабақты бекту, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Integracija zh ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Inkljuzivti bilim beru degenimiz ne, Integracija zh ne
Топырақтың реакциясы.
 
Егер топырақта қышқылдар 
(мысалы, 
глее 

күлгін 
топырақтардағы 
сияқты 
фульвоқышкылдары) немесе сілтілер (мысалы, сортаң 
топырақтағы сода) өте көп болса, м
әд
ени өсімдіктер
нашар 
өседі, немесе мүлде өліп қалады. 
Мәд
ени өсімдіктердің 
көпшілігінің жақсы өсуі үшін топырақ ертіндісі қышқыл, 
немесе сілтілі де болмауы керек. Ол орташа, бейтарап болуы 
керек. 
Топырақтың реакциясы (қышқылдығы, сілтілігі) оның 
қандай заттарды (элементтерді) сіңіргендігіне де өте тығыз 
байланысты. Егер топырақ (оның қатты бөлшектері) сутегін 
немесе алюминийді сіңірсе, ол қышқыл болады; ерітіндіден 
натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан 


91 
топырақтың реакциясы бейтарап, былайша айтқанда, орташа 
болады. 
Табиғатта түрлі топырақтардың реакциясы түрліше 
болады. Мысалы батпақ, күлгін 
жән
е қызыл топырақтар - 
қышқыл, сортаңдар - сілтілі, ал каратопырақ - орташа 
реакциялы болады. 
Топырақтың кеуектілігі.
 
Егер топырақта қоректік заттар 
жеткілікті болғанмен су немесе ауа жеткіліксіз болса, өсімдік 
өліп қалады. Сондықтан топырақта қоректік заттармен бірге 
топырақтың кеуектерінде (скважиналарында) орналаса 
алатын ауа мен судың болып тұруы өте маңызды болып 
табылады. Топырақтың бос кеуектері (тесіктер не 
скважиналар) көп орын алады, олардың көлемі топырақтың 
барлық көлемінің жартысына жуық болады. Кеуектердің 
көлемі мен пішіні түрлі топырақтарда ғана емес, тіпті бір 
түрлі топырақтың өзінде түрліше болады. Уақ кеуектердің 
тесігі милли-метрдің жүзден, мыңнан бір бөліміндей, не онан 
да тар болады. Ірі қуыстардың, мысалы топырақ 
жарықшақтарының тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін. 
Сортаңдардың бағаналы горизонтындағы (бағанашалардың 
ішінде) сияқты өте ұсақ, жіңішке, сондай-ақ өте ірі кеуектер 
(жарықшақтар) өсімдіктер үшін тіпті қолайсыз жағдай 
тұғызады. Мысалы, өсімдік тамырларының талшықтары 
көлденең 0,01 миллиметрден, ал бактериялар - 0,003 
миллиметрден кеңірек кеуектер арқылы ғана өте алады. 
Мәд
ени өсімдіктер үшін топырақта оны өңдеу ж
ән
е 
құрылысын (структурасын) жақсарту арқылы орташа 
мөлшерлі, тесігінің диаметрі бірнеше 0,1 миллиметрден 0,01 
миллиметр шамасындағы кеуектер жасау керек, сонымен 
бірге мұңдай кеуектер топырақтың барлық қабаттарында 
бірдей болу керек. 
Топырақтың су өткізгіштігі.
 
Жауын-шашын түрінде 
топырақтың үстіне түскен су өзінің салмақ күшінің 
әсер
інен 
ірі кеуектер арқылы топыраққа етіп, жіңішке қуыстарға не 
қылтүтіктерге сіңіп жайылады ж
ән
е топырақ бөлшектерін 
жұқа қабат болып қоршап алады. Топырақтың бөлшектері 
неғұрлым ірі болса, мысалы құмдарда, олардың аралықтары 


92 
солғұрлым кең болады да, мұндай топырақ арқылы су 
соғұрлым оңай өтеді. Өте уақ бөлшектерге бай топырақтарда, 
керісінше, олардың, аралықтары өте жіңішке болады. Мұндай 
топырақтарға 
сазды 
топырақтар 
жатады. 
Құмды 
топырақтарға қарағанда мұндай топырақтар арқылы су 
жуздеген есе баяу өтеді. Мұндай жағдайларда су негізінде 
жарықшақтар, құрттардың ізі ж
ән
е ескі, шіріп кеткен 
тамырлардың орны арқылы өтеді. 
Алайда сазды топырақтарда кездесетін жоғарыда 
көрсетілген жағдайлар құрылыссыз (структурасыз) саз 
топырақтарда ғана болатындығын еске алу керек. Егер сазды 
топырақта қарашірік пен ізбес көп болса, оның жеке 
бөлшектері топталып, біріне-бірі жабысып, желімдесіп 
түйіршіктер мен құрткесектер құрайды, ал олар гумус, ізбес 
қатысқан кезде өте берік болады да судың бұзғыштық 
әр
екетіне өте төзімді келеді. Топырақта олардың 
аралықтарында құмдардағы сияқты орташа мөлшерлі, не одан 
ірірек қуыстар пайда болады [44]. Мұндай құрылысты 
(структуралы) саз топырақтың су өткізгіштігі, оның өте ұсақ 
бөлшектерден құралғандығына қарамай, аса жақсы болады. 
Дегенмен, қаратопырақ сияқты ең жақсы топырақтарда, 
м
әд
ени топырақтардың жыртылатын қабаттарында ж
ән
е 
құрткесекшелердің өздерінің ішінде тіпті ылғал, қылтүтіктері 
суға мейлінше қаныққан уақыттың өзінде де, ауа сиып тұра 
алатын қылтүтік емес ойықшалар, өзекшелер болады.
 
Бұл 
қуыстар ж
ән
діктер 
әр
екетінің, тамырлардың шіруінің, жерді 
өңдеудің ж
ән
е т.б. н
әти
жесінде пайда болады. Мұндай 
құрткесекшелер өте бағалы. Олардың ішінде су да, ауа да 
болады. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтардың, өсімдік 
тамырларының таралуына қолайлы. Олар топырақ 
құнарлылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет