Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет21/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
кітап 2

3.5 Жабық тұқымдылар
Жабық 
тұқымдылар 
(Angeospermae) 

жабық 
тұқымдылар бөлімі осы кездегі өсімдіктер дүниесінің 
ішіндегі жақсы жетілгендерінің бірі. Оларда 250000- дай түр 
бар.Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып 
табылады. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі. 
Аналықтың жатынында тұқым бүршіктері орналасады. 
Жабық тұқымдылардың гүлдерінің бір- бірінен мөлшері, 
пішіні, түсі ж
ә
не құрылысы жағынан айырмасы болады. Бір 
жабық тұқымдылардың гүлдері желмен тозаңдануға, ал 
екіншілері насекомдармен тозаңдануға бейімделген. Қандай 


59 
жолмен тозаңданғанына қарамастан. тозаң д
ән
дері 
аналықтың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң 
түтіктерін түзеді. Тозаң түктері арқылы аталық жыныс 
клеткалары тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде олар өсіп 
тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түктері аркылы аталықжыныс 
клеткалары тұқым бүршігіне өтеді. Осы жерде тозаң 
түтігіндегі екі аталық жыныс клеткасының бірі жұмыртқа 
клеткасын ұрықтандырады. Ал екінші аталық жыныс 
клеткасы тұқым бүршігінің ең үлкен орталық клеткасымен 
қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге 
тән
мұндай 
түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, 
ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. 
Орталық клетка екінші аталық жыныс клеткасымен қосылып 
ұлғайып эндосперм түзеді. Онда ұрыққа қажетті қор затары 
жиналады. Тұқым бүршігінен тұқым, ал жабынның 
қабырғаларынан жеміс қап түзіледі [31]. 
Сонымен гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде 
жетіледі. Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп 
атайды. 
Жалпы 
сипаттамасы. 
Қазіргі 
кездегі 
жабық 
тұқымдыларға ағаштар,бұталар, шөптесін өсімдіктер жатады. 
Олар жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кеңінен 
таралған.
Гүлді 
өсімдіктердің 
табиғаттағы 
ж
ән
е 
халық 
шаруашылығындағы 
маңызы. 
Гүлді 
өсімдіктердің 
табиғаттағы ж
ән
е адам өміріндегі маңызы орасан зор. 
Өсімдіктер адамға тамақ өнімдерін береді ж
ән
е ауыл 
шаруашылық жануарларына қажетті жем-шөп қоры. Олар 
шикізат ретінде өндірістің 
әр
түрлі саларында қолданылады. 
Гүлді өсімдіктердің халық ж
ән
е ғылыми медицинада кеңінен 
қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Гүлді өсімдіктердің 
ішінде көкөністік, жеміс - жидектік, балды, эфир майлы, 
шыны майлы ж
ән
е техникалық түрлер де бар. Гүлді 
өсімдіктерің ағаш 
тәр
ізді формалары құрылыс материалдары 
ретінде аса құнды. Олардан 
әр
түрлі үй жихаздарын 
жасайды. Бұлардың бірқатары 
сән
ді өсімдіктер. Оларды 


60 
парктерді, скверлерді, көшелерді, тіптен жұмыс орындарын 
көгалдандыруға пайдаланады. 
Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. 
Мысалы ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық - 
жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлері 
жатады. 
Ә
р тілде бір өсімдіктің өзін 
ә
р түрлі атайды. Соған 
байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми 
аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние 
жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет