138
деп атайды.
Нерв системасы.
Миының
құрылысынан бірнеше
прогрессивтік белгілер байқалады. Қос мекенділердің миын
балықтардың миымен салыстырғанда, алдыңғы миы
үлкендеу, ол ми жарты шарларына бөлінген, сонымен қатар
бүйір қарыншаларының түбі
ғана емес, олардың бүйірі, үсті
ми заттарынан кұралған. Сөйтіп, қос мекенділерде нағыз ми
күмбезі –архипалдиум-болады. Ортаңғы миы онша үлкен
болмай-ды.Мишығы өте аз болады кейбір құйрықтылардағы
оның мөлшерін тіпті елеуге болмайды.
Көру органдары
. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне
байланысты, амфибилердің көздерінің кұрылысында бірнеше
ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1.Көздерін құрғап
кетуден ж
ән
е бөгде заттар түсуден сақтап тұратын
қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі ж
ән
е астыңғы қабақтан басқа
көздін,
алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни
кірпік қағу жарғағы болады.
2. Көздің мөлдір қабығының (қасаң) пішіні
балықтардағыдай тегіс болмай — дөңес болып, хрусталигі
дөңгелек болмай — линза пішіндес болады.
Есіту органы
. Балықтарға қарағанда бұлардың есіту
органынан анағұрлым күрделі ж
ә
не дыбысты кабылдауға
жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз)
амфибилерде айқынырақ байқалады.
Иіс
сезу органы.
Амфибилерде парлы иіс сезу
капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір пар танау
тесігімен қатысады. Иіс сезу капсуласынан ішкі танау тесігі
хоандар кетеді, олар ауыз-жұтқыншақ қуысымен жалғасады.
Бұл айтылған система иіс қабылдаумен қатар тыныс алуға да
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: