Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет84/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Сабақтың тақырыбы
Сызықша
Сабақтың мақсаты:
1. 
Білімділік:
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
жетілдіру; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету; өзіне қажет
материалды таңдап, салыстыра білу дағдысын, сөйлеу және баяндау
дағдыларын, пікір айту, пікірталасқа қосыла білу машығын қалыптастыру. 
2. 
Дамытушылық:
сызықша қандай орындарда, не үшін
қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерді білу қажет екендігі,
сызықшаның басқа тыныс белгілерден айырмашылығы. 
3. 
Тәрбиелік:
сөйлеу мәнерін, халықтың аз сөзге үлкен мән беріп
сөйлеу дағдысын, сөзге тоқтау, сөздің қуатын, күшін сезіну сияқты халықтық
дәстүрлермен таныстыру. 
Сабақтың әдісі: 
Баяндау, сұрақ-жауап. 
Сабақтың түрі:
Семинар сабағы (хабарлама және баяндама). 
143


Тыныс белгісі тақырыбына байланысты материалдың оқушыға таныс
екендігі белгілі. Ендеше оқушының сол білімін танытатын жері – осы. Бір
сабақта сызықша қойылатын орындардың бәрін қамтуға болмайды, ол өте
асығыс, үстірт болады. Сондықтан оқушылардың баяндама, хабарламалары
үшін бастауыштан кейін бірыңғай мүшеге және оңашаланған айқындауышқа
байланысты қойылатын сызықша туралы айту жеткілікті. 
Сабақтың мақсатын айқындау:
а) сызықша – тыныс белгісі;
ә)сызықшаның бірнеше себептерге байланысты қойылатындығы;
мақсат – соны еске түсіріп, нақтылап бекітіп алу;
б) сызықшаны үтірден ажырата білуге жаттығу; ол үшін екеуінің
қойылу себебін білу – басты мәселе екенін түсіну. 
Кейде оқушылар мұғалім дауысының интонациясына қарап немесе бір
тыныс белгісі қажет болып тұрғанын өздерінше байқағанымен, ажырата
алмағандықтан, жазу барысында үтір қоятындығы кездеседі. Осыған орай,
сызықшаның өзіне тән дауыс ырғағы, қойылу себебі бар екенін айқындап алу
сабақтың басты мақсаты болмақ. 
Сабақ мүғалімнің қысқа кіріспесінен басталады. Ол үшін тақтада
жазулы тұрған мына сөйлемдерді көшіріп, тыныс белгісін қойып алған жөн. 
Қасына Тәкежан, Ғабитхан, Дархан,
Жұмағұл ерді
Абай - өз заманының жаршысы. 
Абай тақап келгенде, үй иесі
шыққан еді. (М. Әуезов. )
Ішінде отырған Мәкіш, Салтанат,
Ербол – үшеуі Абайға қуана
ұмтылысты. (М. Әуезов. )
1- сөйлем – бірыңғай мүшелі
жай
сөйлем,
санамалау
интонациясымен айтылып, ой
иелерін даралап көрсетіп тұр,
сондықтан үтір қойылады. 
2-сөйлем - құрмалас, себебі мұнда
екі түрлі шындық беріліп тұр, сол
себепті үтір қажет. 
Бұл жерде сызықша мен үтірдің
салыстырып олар оқылудағы
интонациялық
ерекшеліктерін
анықтайды. 
1-сөйлемде
бастауыш
та,
баяндауыш та зат есім. III жақта түр,
сондықтан
дауыс
ырғағы
ерекшеленуші даралаушы, түсіндіруші
мәнде. 
2-сөйлемде жалпылауыш сөзге
байланысты қойылып тұр. Бұл
жинақтау мәнін білдіреді. 
Осылай сызықшаға назар аударып алған соң, сабақтың мақсатын айқындап,
хабарлама жасайтын оқушыларға сөз беріледі. Хабарлама тақырыптары:
1. Сызықша – тыныс белгісі. 
2. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша. 
3. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылатын сызықша.
4. Оңашаланған айқындауышқа қай кезде сызықша қойылады?
144


Хабарлама жасау уақыты – 8-10 минут, қойылатын сұрақтар және
оларға жауап беру – 3-4 минут, хабарламаны талқылау – 10-15,
қорытындылау – 3-5 минут. 
Әр хабарламашыға оппонент белгіленеді және пікір айтушылар
олардың пікіріне де баға береді. Бұл жағы сабаққа тапсырма беру кезінде
ескертіледі. Мұндай жағдайлар оқушыларды байқампаздыққа, тыңдап
түсінуге, оны саралай білуге үйретеді. 
Мұғалім хабарлама жасайтын оқушыларға талданып отырған мәселе
бойынша мысалдарды өздері іздеп табуын да ескерткені және оны қандай
әдебиеттерден алуға болатынына бағыт бергені де жөн болады. Мысалы:
1-оқушы
. Оқулықтағы "Сызықша" туралы берілген анықтама
көлемінде хабарлама жасап, оның сөйлем құрамында белгілі сөзді, сөйлем
мүшесін, сөйлем мен сөйлемнің арасын даралап бөліп көрсету жөне
жинақтап, тұжырымдап айту мақсатын көздейтінін айтып, әрқайсысына
мысал келтіріп түсіндіреді. Оны кесте түрінде берсе, тіпті жақсы. Бұдан соң
оқулықта берілген жаттығуды оқып талдағанын, оның қай жеріне, не себепті
сызықша коюға болатынын айтады. Оқушылар хабарламашының түсіндіруі
бойынша бірнеше сөлемді жазып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет