Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет85/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

2-оқушы.
Бастауыштан кейін нақты қандай жағдайда сызықша
қойылатынына қысқа тоқталады. Жаттығудан сызықша қойылатын
сөйлемдерді ә ережеге мысал ретінде теріп жазуларына болады. 
3-оқушы
. Жалпылауыш сөздердің қай сөз табынан жасалып, қандай
дауыс ырғағымен айтылатынын, оның бірыңғай мүшеден бұрын
тұғандағысымен салыстырып, дауыс ырғағындағы, мағынасындағы
айырмашылықты ашып, сызықша қою қажеттілігін дәлелдейді. Өз
дәлелдеріне жаттығудағы мысалдарды талдап, оған басқа оқушыларды да
қатыстыра отырып, ішінен бірнеше сөйлемді жазып талдатады. 
4-оқушы.
Сызықшаның енді оңашаланған айқындауышқа да
байланысты қойылатыны туралы айтады. Өзі дайындап келген мысалдарын
окушыларға түсіндіріп, тақтаға жазып дәлелдейді. 
Сұрақ әр хабарламадан кейін қойылады және талданады. Пікірді
барлық хабарламадан кейін айтқан дұрыс, себебі уакыттан ұтылып қалуға
болады. 
Мұғалім енді сызықшаның жазу тіліне аса қажет белгі екенін, оны
дұрыс қоя білу ойды дұрыс жеткізудің бір шарты екенін айтады. Содан кейін
жаттығулар жүргізеді. Мысалы, үзіндінің мәнін ашуға болады. 
1.
"Абай – өз заманының жыршысы" дейді автор. Оны қалай
түсінесің?
2.
Данышпандық пен кемеңгерлікті түсініп, білу үшін не кажет?
3.
Кемеңгерлікті танудағы Конфуций пікірін қалай түсінесің?
4.
Абай неге кемеңгерлікке жетудің қиын жолын қалады
деп есептейді автор?
5.
"Абайды қаншалықты деңгейде білемін?" деген мәселе
145


төңірегінде ойланып көрдің бе?
Осы сұрақтарға жауап алынған соң, сабақ қорытылып бағаланады. 
Сызықшаға байланысты келесі сабақты тәжірибелік сабақ етіп өткізуге
болады. 
Сабақтың тақырыбы:
Сызықша қойылатын орындар 
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік:
оқушылардың сызықша қою жөніндегі дағдыларын
жетілдіре түсу, мақал-мәтел қорларын толықтыру, мақал-мәтелдер мен билер
сөзінің арасындағы үндестікті байқату. 
2.
Тәрбиелік:
мақал-мәтелдер мен билер сөзінің идеясы бірлік,
ынтымақ екендігі, оның ел бірлігін сақтауда, қорғануда қаншалықты қажет
екені туралы айтылған қазақ тарихындағы көрнекті билердің, хандардың
сөздерінің өміршеңдігі туралы; билер сөзінің мақал-мәтелдермен мағыналық
үндестігі, айтылу мәнері, сөйлем құрылысындағы ұқсастық туралы түсінік
беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет