Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Мәтін мазмұны мен сөйлемдегі ойға байланысты



Pdf көрінісі
бет88/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

2.8 Мәтін мазмұны мен сөйлемдегі ойға байланысты
қолданылатын тыныс белгілерді оқыту
148


1) Көп нүкте (...) мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгісі. Қөп
нүкте түрлі себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын білдіреді. Атап
айтқанда:
А) Бір нәрсе жөнінде айтайын деген пікір, ұмытылып
қалғандықтан, оны үзілді-кесілді еске түсіруде көп нүкте қойылады.
Мысалы:–Аға! Әлгі бір журналда жазылған жетім бала бар ғой... Жетімге...
жетімді оқытып... оқытады... ақша беріп... деп... деген журналдан оқып ем,
мені сонда ала кетсең қайтеді аға! (С. М. ). 
Ә) Айтылып келе жатқан кейбір пікірлерді айтыпжатудың артық
екендігін білдіру үшін қойылады. Мысалы: Отын, су, пәтер... тегін беріледі
(Ғ. Мұст.). 
Кездейсоқ болған іске таңдануды, сүйсінуді, назалануды көрсетеді:
Құлыным, Қайырлым... қайда жоғалып кеттің... – деп, әлсіз ғана шыққан,
дауыс естіледі (Ғ. Мұст. ). Аға, аға, осы
сөздеріңізді жазып қалдырса да болғандай екен... (М. Ә. )
Б) Үзіндінің түгел алынбағандығын білдіреді. Мысалы: Сауатсыз елде
социализм жасауға болмайды... – деген Лениннің сөзін Еркін айта келді де,
әңгімесінің бетін екінші жаққа аударды (Ғ. Мұст. ). 
В) Көп нүкте кейде үш нүктеден артық көлемде бірнеше жол бойы да
қойылады, бірақ ол қанша көлемде не себепті қалдырылғаны белгісіз, қара
сөз бен өлеңдерде кездеседі. Мысалы:
Төсегінде жатса да ұйықтап, 
Оған әркім хат әкелер. 
Бұл не? Шақыру? Айтқандай-ақ, 
Шақырыпты кешке үш жер. 
Мысалдарды талдау арқылы жинақтап қорытады. 
2) Қос нүкте сөйлем мүшелерінің грамматикалық және логикалық
қарым-қатынасын білдіреді, ойдың жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға
қатысын көрсетеді. 
А) Қос нүктенің сөйлемдегі негізгі кызметі – сөйлем мүшелерінің
арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету. 
Ә) Жеке сөздерден кейін қойылған қос нүкте «былай дейді», «мынадай
оқиға», «мынадай жаңалық болып жатыр» деген сияқты толып жатқан
мағыналарды білдіреді. Мысалы: Ташкент: Кездесу, танысу («ЛЖ»). София:
Бірлік және татулық («СҚ»). Нюрнберг: Қылмыс және жазалау («Спорт»). 
3) Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады: Ол «Түйе-дей қыз беріп,
түймедей ет жемедім» деп, реніш білдіріп отыр екен («Жұлдыз»). Киізі
қырық жамау күркесіне келіп күркесінекеліп келіп: «Қайран менің өзүйім,
Кең сарайдай боз үйім» деп керілгенде, Жиреншенің екі аяғы тізесіне шейін
күркеден сыртқа шығып жатады екен деседі («Жұлдыз»). Мен өзге сөзге
емес, «құлынды қайтарам» дегенге қатты елеңдеймін (С. М. . 
149


А) Біреудің айтқанынан жеке-жеке сөздер, сөйлемдер тырнақшамен
жазылады: Белгілі өлшеуі, мөлшері жоқ бұл шығын анық қараңғы жолмен
алатын жем болғандықтан, оның атын жұрт «қарашығын» дейтін («ҚӘ»). 
Ау, Ақбала-ау!. . Ақбалажан-ау, қарағым-ау! «Кел», «қатысып тұр»
дегенім қайда? (Ә. Н. ) Қамария балалары ешкімге ақысын сіңірмейтінін
білген соң, бұларға «сөйлеме», «жүрме», «тұрма» деп ақыл айтуды қойдым
(Б. М. ). 
Ә) Ұйым, фабрика, завод, машина маркасы, самолет т.б. қойылған аттар
тырнақшаға алынады: Сарықопаның бойындағы «Ұшқын» артелінің қасына
кеңсенің тұрақты үйлері биылғы көктемнен бастап қана салынып жатыр (С.
М. ). Ойнаушылар «Жас қазақ» ұйымының мүшелері еді (С. С). «Союз-4»
кораблі «Союз-5» корабліне түйіскенге дейін, ғарышта екі тәулікке жуық
уақыт болуына тура келді («ЛЖ»). 
Б) Ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады: Үлкендер зор меженің
бірі деп білетін өмір белі «ұрын бару» болса, Абай содан асты. (М. Ә. )
Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі
ермегі – «ақ сүйек», «соқыр теке», «бурақотан» сияқты ойындар (С. М. ). 
В) Пьеса, кино, музыкалық шығармалар, газет, журнал, кітап, шығарма,
өлең, қаулы т.б. тырнақшаға алынады: Әлмағамбет «Тәңірі қосқан жар едің
сен» деген өлеңіменен «Татьяна» назын толқытып жөнелді («Жұлдыз»).
Күйеуі «Ертіс» кинотеатрының алдына кілт тоқтап, сағатына қарады («ЛЖ»).
Аңқау Жүсіп «Бір махаббаттың сыры», «Қош бол», «Кездесу», «Жолдастар»
сияқты бірнеше шағын пьесалар көрсетті («ЛЖ»). «Соғыс және бейбітшілік»,
«Тынық Дон» романдарын уақыт өткізу үшін оқымаймыз ғой («ҚӘ»).
«Ескендір», «Кім жазықты?», «Абай», «Миллионер», «Капитан қызы»,
«Ана», эпостық шығармаларға жатады («ҚМ»). 
Г) Нысан етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері,
әріптер, буындар тырнақшаға алынады: Көп-шілік бас шұлғып, құптап
жүрген жайды «шындық» дей-міз бе? (М. Ә. ) Бұл араның қазағы қысқы үйді
«там» дейді екен. Солардан үлгі алған қазақтар жазып жүрген дәптерлерін
«естелік» деп атайды (С. М. ). 
Д) Шығармалар ішінде алынған хаттар тырнақшамен ажыратылып
жазылады: ... Бұл дәстүрдің қандай екенін мына бір күлкілі әңгімеден айқын
түсіне аласыздар:
«Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты көл, қамыс, қасқыр, қой
және пышақ екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың
бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп
келіп: «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында,
маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер»–
депті. (Ы. Алтынсарин). 
Е) Ал төл сөз диалог ретінде келсе, әр адамның сөзі тырнақшаға
алынып жазылады, мысалы: «Одан да айт-қыңыз келмейді де»– деп,
жәбірленген түр көрсеткен соң, «Әлі де неше рет кездесеміз», – деп,
бұлтарып еді, оған Сюзанна: «кешіріңіз, мен бала емеспін, айтпайтын сыр
150


болса, қиналмаңыз, өз көзіңізбен көргеніңіз жөн болады да», – деп
дәмелендіргісі келді (С. М. ). 
4) Драмалық шығармалар (автордың түсіндірмелері) жақшаға алынады:
Нұрбала. Жанының тәттісін (Күледі). Қасен ағай өлгенше есінен қалмастай
етіп қорқытқан екен. Қасен ағайдан Мырзалы бұрын келсе, қайтемін, келе
берсін, қорқамын ба? (Мырзалы келеді, состиып аз тұрады, үйреткен сөзді
бастайды) (Д. Е. ). 
А) Талас не күдікті пікірді көрсетіп, оқушының назарын соған аудару
үшін, біреуден келтірілген үзіндінің ішін-дегі жеке сөздерге не сөйлемге
қойылатын леп, сұрау белгілері жақшаға алынады: Ақын поэманың арқау
жібін босатып, ақау жіберіп ала береді, мысалы, «Өлімге күліп қарайды (?).
Ә) Алынған мысал ішіндегі белгілі бір сөздерді не сөйлемдерді
санамалап көрсету үшін қойылатын әріптер не цифрлар екі жағынан жақшаға
алынады: Оқушыларды мәнерлілікке үйретудегі жұмыстың негізгі кейбір
түрлері мынадай болуы керек: (1) оқығанда оларды ойлауға, сезінуге үйрету,
(2) оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерді есіне түсіре білуге әдеттендіру,
(3) шығарманы жазушы авторға көзқарастарының дұрыс болып қалыптасуын
қадағалау... («ҚМ»), (1) Буырқанған теңіз, (2) сылдырап аққан өзен, (3) сұлу
қайың сыбдыры, (4) тоғайдағы бұлбұл үні тізбектеліп көз алдыңнан өтіп
жатады («газет»). 
5) Сөйлем басында жай дауыспен айтылған «иә», «жоқ», «жә», «кәне»,
«рас», «қап» сияқты сөздерден соң үтір қойылады: Иә, шет жағасын естіген
едім (С. Қ. ). Жоқ, мен білсем, дәл бүгін бізге мал соймай, кәрі кой-дың өлі
етін асып отырған Қаражанның сараңдығын найзаға шаншып жатқан болуы
керек (М. Ә. ). Жә, арқанның ұзыны, сөздің келтесі жақсы («ЛЖ»). Кәне,
серкені бөліп, қойға қосыңдар (С. Б. ). Қап, мына біреу бір жапырақ болған
неменің қылып кеткенін-ай! (М. Ә. ). Жақша ішіндегі бірыңғай мүшелер де
үтірмен бөлінеді: Балаларды мәдениеттілікке кішкене күнінен бастап
баулыған жақсы. Мысалы: баланы тазалыққа үйрету, ұқыптылыққа баулу
(айталық, жатарда киімдеріңді іліп қой, ойыншықтарыңды жинап орнына
қой, беті-қолыңды жуып жат, ойнағанда киімдеріңді былғама, таза сақта т.б.
деген сияқты шаралар) арқылы ұқыптылық, әдептілік әдет болып, жас
баланың бойына сіңе береді де, ол өскенде де әдепті, ұқыпты болады (“Е.Қ”). 
6. Сызықша – сөйлемнің мағыналық әрі грамматикалық жағын
айқындаушы белгі. Мысалы: «Ревизор» – Гогольдің драматургиясының ең
шыңы деген сөйлемдегі «Ревизор» деген сөзден соң айтуда дауыс үзілісін
жасамай, жазуда ол сөзден кейін сызықша қоймай жазсақ, онда оқушы
«ревизор» деген сөзді «Гоголь» деген сөздің анықтауышы ретінде қабылдап,
сөйлемді басқа («Ревизор Гоголь деп) мағынада түсінуі мүмкін. Сол сияқты,
«Бұл – насихатшының жақсы жұмысының нәтижесі» деген сөйлемде «бұл»
деген сөзден соң сызықша қойып жазбасақ, «бұл» сөзі «насихатшы» сөзінің
анықтауышы болып, екінші бір мағына береді. «Ұшқыш – батыр ұланым
дегенде «ұшқыш» сөзінен кейінгі тұрған сызықшаны «батыр» деген сөзден
соң қойсақ, не мүлде қоймасақ, сөйлемді екі жақты түсінуге тура келеді. 
151


А) Бастауыш пен баяндауыш арасына қыстырма сөйлем түссе, онда ол
жақшаға алынады да, бастауыштан кейін түруға тиісті сызықша жақшаның
екінші сыңарынан соң қойылады. Мысалы: Саудагерлердің біреуі (көздері
ой-нақшыған сақалды бір мұжық)–жауынгерлердің қасына жақындады
(Ә.Н.). 
Сөйлемде айтылмай қалдырылып кеткен мүше орнына сызықша
қойылады. Мысалы: Қіші пейілділік, әдептілік, сыпайылық, салмақтылык, –
адам көркі («ҚӘ»). Қуаныш-қайғыға бірдей төзімділік, ашық ой, қажымас
қайрат – ел ардақтысы (Ғ. Мұст. ) Мына бір шәкіртім Қарағандыдан жазады
– шахтер (М. И. ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет