Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Баяндауыш: – Жолдас бастауыш, сізге титтей ескерту жасауға болар ма екен? Бастауыш



Pdf көрінісі
бет96/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Баяндауыш:
– Жолдас бастауыш, сізге титтей ескерту жасауға болар
ма екен?
Бастауыш
: – әлбетте, әлбетте. 
Баяндауыш:
– жолдас бастауыш, сіздің бір пікіріңізге менің
қосылғым келмейді. 
Бастауыш:
– жолдас баяндауыш, сіздің сөйлейтін түріңіз бар
ғой. Мен бітейін де әуелі. Сонаң соң сөз алып, сіз айтарсыз. 
Баяндауыш
: – жолдас бастауыш, сөзіңізді бөлгенге айып етпеңіз.
Менің айтатыным бір-ақ ауыз ғана. Сіздің сөйлемдегі ой иесі екеніңізге менің
таласым жоқ. Бірақ сіздің сөйлемдегі айтылған ойға менің бір басым ғана
жауап бере алады деуіңіз артығырақ-ау деп ойлаймын. Сөйлемдегі айтылған
ой иесінің яғни сіздің қимылыңызды, күй-жағдайыңызды білдіретін мына
мен. Сіз жайлы білгілері келген жұрт бастауыш не істеді? не істеп жатыр? не
болды?деп менен келіп сұрайды. Осы сіз «мен деп» кеудеңізді қаға сөйлеп
даурығасыз. Осы даурықпалықты қалдыру керек қой деп ойлаймын. 
Бастауыш:
- Жоқ, мен олай деген жоқ шыгармын. Сіз мүмкін,
басқаша түсініп қалған шығарсыз. Өйткені осы отырған бәрімізге мәлім.
Екеуміз де тұрлаулы мүшелер емеспіз бе?
Оған
 
ренжісетін не бар. Осы кезде пысықтауыш қолын көтереді.
Мәжілісті басқарушы пысықтауышқа сөз береді. 
Пысықтауыш:
– жолдас Бастауыш пен Баяндауыш, сіздер сөйлемнің
ең негізгі тұрлаулы мүшесі екендеріңізге біздің дауымыз жоқ. Бірақ сіздер
неге бөлектене сөйледіңіздер. Сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар мен де
сөйлемнің бір мүшесі – Пысықтауышпын. Менен басқа сөйлемнің
Толықтауышы, Анықтауыш деген мүшелері бар. Олай болса, сіздердің
161


бөлектене сөйлейтін орындарың жоқ. Өйткені сіздер бізсіз сөйлемдегі
күрделі ойды қашан, қай жерде беріп едіңіздер!
Жолдас Баяндауыш, сені әсерлеп, көріктеп, пысықтап тұратын мына
мен емеспін бе? Мен сіздің мағынаңызды суреттеп, айқындай түсемін. Сәнің
менімен сәнді. Мені сен қай мезгілде, қандай мақсатпен, қай мекенге
жұмсасаңыз да, мен бара беремін. Сіздерге өзгенің де еңбегін тану керек емес
пе?
Бұдан кейін Толықтауыш атып тұрады да:
– Жолдастар, қызбаңыздар! Шынына келсек, ешқайсымыздың да адам
баласына қызмет етуде бір-бірімізден кеміміз жоқ. Біз де бастауыш
болғанбыз. Ол мақтаныш емес. Сен Бастауышпын, тұрлаулымын деп
иығыңды көтересің. Септеле кетсең, күніңнің не болатынын ескермейсің де.
Мына мені айт, нағыз сөйлемнің мағынасын толықтырып. сойлемдегі ойды
түрлендіре түсемін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет