Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


дейін жүргізіледі де, ең ақырында оқушылардың өздерінің ұсынысы бойынша кеш өткізілді. Қатысқандар – 6-8 сынып



Pdf көрінісі
бет94/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

 
дейін
жүргізіледі де, ең ақырында оқушылардың өздерінің ұсынысы бойынша кеш
өткізілді. Қатысқандар – 6-8 сынып
 
оқушылары. Мысалы, Махамбет
атындағы мектепте өткізілген кештің мазмұнын келтірейік. Сөйлем мүшелері
міндеттерін атқаратын оқушылар тізімі бекітілген:
Сөйлем мүшелері өз міндеттерін қалай атқарып келеді
1.
Басқарушы – Исаханова – 8-сыныптан. 
2.
Бастауыш – Бертебаев – 8-сыныптан. 
159


3. Баяндауыш – Бейсенова – 7-сыныптан. 
4. Пысықтауыш – Бәкіров– 7-сыныптан. 
5. Толықтауыш – Ережепова – 7-сыныптан. 
6. Анықтауыш – Өтегенова – 8-сыныптан. 
7. Шылау–Шалқарбаева– 8- сыныптан. 
8. Қаратпа сөз – Әбубәкірова – 8- сыныптан. 
9. Қыстырма сөз – Исаев– 6- сыныптан. 
10. Сан есім– Мырзабаева – 6-сыныптан. 
11. Одағай – Алдабекова – 6-сыныптан, 
12. Сөйлем – Әтенова – 8-сыныптан. 
Бұлар күн ілгері дайындалып қойған орындарына келіп отырғаннан
кейін, жиын басқарушы тізім бойынша түгелдеп шығады. Әрине, тізім
оқушылардың фамилиясы бойынша емес, грамматикалық атаулар бойынша
шақырылады. Әрбір оқушылардың қолына грамматикалық атаулар байланған
болады. Ол–көрермендер үшін кімнің кім екені белгілі болу үшін істелінеді.
Жиынға қатысушылар түгелденіп болғаннан кейін, мәжіліс басталады. 

Басқарушы:
– Жолдастар, бүгінгі мәжілісімізді ашық деп
жариялаймын. Мәжіліске қатысуға тиісті мәжіліс мүшелері түгел дерлік
қатысып отыр: сондықтан мәжілістің ашылуына ешкімнің қарсылығы болмас
деймін. 
Мен сіздерге мәжіліске қатысып отырған кісілердің қай жерден
келгендерін, олардың кім екенін таныстырып өтейін. Бұл мәжіліске
грамматика кітабынан көптеген өкілдер қатысып отыр. Атап айтқанда,
сөйлем мүшелерінің атынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш
және пысықтауыш. Сөз таптары атынан сан есім мен шылау, сөйлем
мүшелерімен грамматикалық байланысы жоқ оқшау сөздердің атынан
қаратпа, қыстырма, одағай сөздер және сөйлем қатысып отыр. Мәжіліске
шешуші дауыспен қатысып отырғандар – мәжілістің толық мүшесі бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш. Ал кеңесші
дауыспен қатысып отырғандар – сан есім мен шылау, қаратпа, қыстырма,
одағай сөздер жөне сөйлем. Жолдастар, мәжілістің күн тәртібінде қандай
мәселе қаралатынын сіздерге мәжілістің басты мүшесі бастауыш хабарлайды.
Енді бастауыштың сөзін байыппен тыңдаңыздар. Сөз бастауышқа берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет