Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет102/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Қорытынды
Орфография, пунктуация жазбаша сөйлеу әрекетіне байланысты
қарастырылады. Ал жазбаша сөйлеу жазбаша мәтіндер арқылы тілдесу
екендігі белгілі. Сондықтан орфография, пунктуация сөйлеу әрекетімен
байланысты.
Жазылым – тілдік тұлғалардың жүйесіне негізделген, лингвистикалық,
психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік
материалдардың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын, адамдарды ұзақ
мерзімдегі қарым-қатынасқа мүмкіндік жасайтын әрекет. Басты шарт тілдік
нормаларды меңгеру. Демек, оқушылардың тілін дамыта оқыту үшін
орфографиялық және пунктуациялық білім, біліктілік пен дағдылар жүйесі
нормалық түрде қалыптастырылады. 
Жүйенің элементін ережелер құрайды. Ережелер арқылы нормалар
жасалып, анықтамаларға айналады. Сондықтан ережелер жүйесі тыныс
белгілерді қолдануда негізге айналады. Өйткені пунктуация бұл жиынтық
емес, тыныс белгілерді қою ережелерінің жүйесі. Олай болса, пунктуациялық
білім, дағды ережелер негізінде қалыптастырылады. 
Ережелер жүйесінің ерекшлеліктері оны оқыту ретін анықтайды: 
1. Алдымен позитивті, содан кейін негативті ережелер баяндалады.
Мысалы, біріңғай мүшелердің арасына қойылатын үтір үйретіліп, соңынан
оның қойылмайтын ережелер таныстырылады. 
2. Алғаш негізгі норма хабарланатын ереже баяндалады, соңынан оның
басқа нұсқалары үйретіледі. Мысалы, біріңғай мүшеге үтір мен сызықша
қойылу жағдайлары. 
3. Ережелер шарттар арқылы, бұрынғы сыныптардағы игерген
білімдерімен байланыстырылады. 
4. Ережелердің берілу тәртібін анықтауда логикалық амалдардың
жүргізу тәртібі ескеріледі. Мысалы, біріңғай мүшелердің арасындағы тыныс
белгілердің қойылу мәселесін шешуде алдымен біріңғай мүшелердің қалай
байланысу амалдары (шылаулармен немесе шылаусыз немесе шылаулардың
қайталанылуы) игертіледі. 
169


Тыныс белгіні дұрыс қоюға жаттықтыру психологиялық негіздерге,
яғни ойлау амалдарының талдау, салыстыру, жалпылау, индукциялық,
дедукциялық, анализ, синтез, т.б. әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады. 
Оқушыларды тыныс белгілерді қоя білуге баулу, терең білім, берік
дағды беру үшін грамматикалық, мағыналық, интонациялық және тыныс
белгілерді қоюдың мағынасы мен қызметіне сай ұстанымдарға негізделеді. 
Оқушылардың қазақ тілі грамматикасының ережелерін игеруі
тәжірибелік іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асады. Грамматикалық
құбылыстарға берілген анықтама және тілдік ережелерді түсіну және оны
ұғынуы – оқушылардың оқу материалын игеруінің алғашқы бастамасы ғана.
Өйткені 5-10-сыныптарда оқушылардың жадында орфограммалардың
жазылу дағдысы қалыптасуы үшін қайталама қабылдау әрекет әдістерін
қолдану қажет болмақ. Яғни орфограммалар бойынша қайталау жаттығулары
мен тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Ол жаттығулар оқушылардың күрделі
аналитикалық-синтетикалық қызмет: біріншіден, ережені игеруге, екіншіден,
орфографиялық дағды қалыптастыруына негіз қалайды. Сондықтан
жаттығулар түрлендіріліп жүргізіледі. 
Пунктуациялық дағды диктанттар арқылы бекітіле түседі. Диктант
жұмысы үйрету, бекіту, қайталау, пысықтау мақсатына қарай жүргізіледі.
Диктант жұмысын ұйымдастырудың талаптары бар: 
- диктант теориылқ мәселеге орай жүйелі түрде түрлендіріліп
жүргізілу;
- диктанттағы анықтама, ереже, мәтіндердің саналы игерілген болуы; 
- жайдан күрделендіріліп, оңайдан қиынға қарай ұйымдастырылуы.
Пунктуацияны және оның ережелерін игеруде талдау әдісі жай
қолданылады. Әрбір синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілерін бір-бірімен
салыстыра, сатылай талдау оқушыларды сауаттылыққа баулиды. 
Пунктуациялық сабақтарда мынадай икемділік пен дағдылар
қалыптастырылады: 
1. Пунктуациялық көрегенділік (алдын ала білу) – дайын қатысымдық
бірліктердегі мағыналық бірліктерді, орфограмманы ажырата алу;
2. Сөйлем мәтінді игерілетін пунктуациялық ережеге сай дұрыс
рәсімдеу икемділігі;
3. Тыныс белгілердің ерекшеліктерін, орнын және оның белгілері
бойынша таңдауларды негіздеу;
4. Пунктуациялық қатені табу және оны жөндеу.
Тұжырымдағанда, оқушылардың орфографиялық сауатты жазу
дағдыларын қалыптастыру мектептегі ең өзекті мәселенің бірі ретінде
саналмақ. Яғни тыныс белгілерді дұрыс қоя білу – сөйлемді, мәтінді дұрыс
оқи білу – оқушының жалпы мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін дамытады,
жетілдіреді.
170




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет