Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет97/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Пысықтауыш:– 
Дұрыс айтады толықтауыш. Енді анықтауыш сөз алу
үшін қолын көтереді. Бастауыш оған сөз береді

Анықтауыш:
– Жолдастар, сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар,
мен де сөйлемнің бір мүшесі Анықтауышпын. Мен сіздердің сөздеріңізді
байқап қарасам, барлығыңыз да босқа даурығасыздар. Кімнің қандай
қызмет атқарып жүргенін өмір көрсетеді. Ешқайсымыздың еңбексіз жүрген
жайымыз жоқ. Сіздерге мәлім, мен Анықтауыш болсам, есім сөздерді анық-
таймын. Сонымен бірге заттық мағынаға ие болып тұрған басқа сөз
таптарымен де байланысып, белгісін, сыр-сипатын, сапасын білдіремін.
Мысалы: Қазіргі кезде дүние жүзінің халқы бейбітшілік ұранын көтеріп
жатқан кезде, кейбір елдер соғыс өртін тұтандыруға күш салуда. Олардың
соғыс құмар, кісі өлтіргіш, алдамшы, жалақор екендігін жер жүзіндегі адал
ниетті бейбітшілік сүйгіш қарапайым адамдар тегіс біледі. Сол жиіркенішті
есімдердің зұлымдық істері мен арам ниеттерін әшкерелеп, әлемге таныта
түсу үшін, сөйлеген сөздерінде Анықтауыш мені зор құрал етіп пайдаланып
жүргенін көріп жүрсіздер. Сондықтан меніңше, өзара бәсекелесетін түк те
жоқ. 
Осы кезде сөйлем мүшелерінің сөздерін тоқтату үшін сөз табының
атынан Шылау қол көтереді. Оған басқарушы сөз береді. 

Шылау: – Сіздердің айтыстарыңыз тіл және әдебиет институтында 
өткізілетін айтыстардан аумайды ғой. Сіздер сияқты біз де адам баласының 
игілігі үшін жұмсаламыз. Сіздер сөйлемнің мүшесі болсаңыздар біз де сөз 
табының бір шылауымыз. Сондықтан бет-бетімізбен адам баласына міндет
айтып, босқа даурыға бергенше, бір қорытындыға келейік те. Қаратпа сөз 
орнынан тұрып ұсыныс енгізеді. 

Жолдастар, айтысты тоқтатып, үзіліс жасасақ қайтеді?
Қаратпа сөздің ұсынысын қоштап, қыстырма сөз былай деді. 

Үзіліс жасаған, әрине, жаман болмас еді. Дем алғанды кім
жек көрер дейсіз.
Қыстырма сөздің сөзін қуаттай келіп, сан есім ұсыныс жасайды:
162


–Тым болмаса үзіліс бес минут болсын. Мүмкіндігі болса бес минут
емес-ау, бес ай болсын. Осыған келісейік, жолдастар! Сан есім ұсыныс
жасағанда, «менде бір-екі ауыз сөз бар» деп Одағай қолын көтереді.
Мәжілісті басқарушы Одағайға сөз береді. 
Одағай: – Жолдастар, әрқайсыңыз атқарып жүрген кызметтеріңізді бір-
біріңізден артық санап, соны адам баласына қоштаттырамын деп
шаршадыңыздар-ау!
Сіздер әрқайсыңыз өз қызметтеріңізді біліп, дұрыс атқарып келесіздер.
Бірақ «мен, мен» деп босқа даурықпаңыздар. 
Барлығыңыздың да қызметіңіз бір-біріңізге байланысты. Бастауыш
Баяндауышсыз тиянақты ойды білдіре алатын сөйлем бола алмайды. Ал
бұл екеуі бірігіп тұрып, Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыштардың
бірінсіз күрделі ойды білдіре алатын тағы да сөйлем бола алмайды. Олар тек
жалаң ой туғызып, жалаң сөйлем құрайды да, айтылған ой толық болмай,
толымсыз болып қалады. Ондай жағдайда адам баласы олардың қызметіне
қанағаттана алмай қалады. Бастауыш пен баяндауыш бірге тұрып, өзінің
қатарына Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыштардың бірін алса, не түгел
алса, онда сіздер күрделі ойды білдіріп жайылма сөйлем құрар едіңіздер де,
адам баласының ойын жан-жақты дамытып, әрқайсыңыз өз қызметтеріңізді
толық танытқан болар едіңіздер. Сондықтан бәріміз де өз міндетімізді біліп,
бет-бетімізбен кетпей, адам баласының игілігі үшін жұмсалайық! 
Мәжіліс басқарушы:
–Жолдастар, Одағайдың сөзіне қосыламыз ба?
Бәрі: –"Қосыламыз, қосыламыз. 
Осы кезде барлығының сөзін байыппен тыңдап отырған Сөйлем
басқарушыға:
– Маған кішкене сөз беріңізші, – дейді.
Басқарушы сөйлем мүшелеріне қарап:
– Өздеріңіз қызмет етіп отырған сөйлем кішкене сөйлеуге рұқсат
сұрайды. Бұған қалай қарайсыздар? Сөз береміз бе, жоқ па?
Сөйлем мүшелері:
– Рұқсат берілсін. 
– Кішкене сөйлесін, –дейді. Басқарушы Сөйлемге сөз берілді. 
Сөйлем: – Жолдастар, сіздердің бүгінгі жиындарыңызға мен, шын
мәнісінде шақыртусыз өзімше келген едім. Өйткені сіздердің «сөйлем
мүшелері өз қызметтерін қалай атқарып келеді» деген тақырыпта өткізілетін
жиындарыңыздың хабарландыруын оқып, бұлар өз міндеті туралы не айтар
екен деген оймен әдейі келген едім. Байқасам, сіздер үлкен мәселе қозғап
отырсыздар. Сіздер әрқайсыңыз адам баласы үшін істеген өз қызметтеріңізді
айтумен бірге бір-біріңізді үлкен сынға алып жатырсыздар. Бәріңіздікі де
орынды. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген. Өзара сын сіздердің
кемістіктеріңізді түзеп, ғылымға даңғыл жол салады. Сондықтан өзара
сынды күшейтіңіздер. Өйткені ғылым пікір таласынсыз дамымайды. 
163


Жолдастар, мен сөйлеммін. Сендер менің мүшелерімсіңдер. Дене
өзінің аяқ, қол, көз, ауыз, мұрын сияқты мүшелерінсіз қызмет ете алмайтыны
сияқты сендерсіз яғни Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш,
Пысықтауыштарсыз Сөйлем мен де адам баласының ойын бір-біріне толық
жеткізе алмаймын. Сендерсіз менің сөйлем болуым мүмкін емес. Сон-
дықтан сіздердің адам баласы үшін істеген қызметтеріңіз туралы
таластарыңыз орынды. Бұл тұралы Одағай дұрыс қорытынды жасады. 
Енді сендер өздерің құрап тұрган сөйлемдерің туралы да жақсы
білулерің керек. Өйткені өздерің сейлем мүшесі бола тұрып, сөйлемнің не
екенін, оның түрлерін білмей, бір-біріңмен айтысуларың құр бостан бос
даурықпа болады. Сондықтан сіздер тыңдаңыздар, мен өз жайымнан кішкене
баяндайын. 
Мен сөйлем мүшелері арқылы яғни сөз арқылы құралған сөйлеммін.
Менің тегім арыдан басталады. Қазақ тілі ғылымы үлкен үш салаға
бөлінеді. Атап айтсақ: фонетика, лексика. грамматика. Біз грамматикадан
боламыз. Грамматиканың өзі екі бөлімнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет