1. Морфология .
2. Синтаксис. Нағыз
бізді
қарайтын, бізді тексеретін
бөлім–синтаксис
. Синтаксис сөйлем, болып тұрған мына мені, сөйлем мүшесі болып өзара
міндеттеріңді айтып таласып жатқан мына сендерді тексереді. Бір-бірімізге
тіркеп байланыстыратын, бір-бірімізбен үйлестіретін, сөйтіп адам баласының
бір-бірімен ұғынысуына мүмкіндік туғызатын міне осы синтаксис болмақ.
Бәріміз осы синтаксистен өрбиміз. Олай болса, қазақ тілі грамматикасына көңіл
бөліп, оның бөлімі синтаксисті өте жақсы біліп алайық. Синтаксисті білсек, өз
міндеттерімізді де, сөйлем туралы да жақсы білетін боламыз. Мен сіздерді
синтаксисті жақсы білуге шақырамын, жолдастар!
Мәжіліс басқарушы: – Кімде қандай ұсыныс бар?
Бастауыш: – жарыс сөз тоқтасын деген ұсыныс бар.
Басқарушы: – Олай болса, бүгінгі күп тәртібіміздегі «Сөйлем
мүшелері өз міндеттерін қалай атқарып келеді» деген мәселе бойынша бас
қосқан мәжілісімізді жабық деп жариялаймын. Келесі мәжілісіміз Сан
есімнің ұсынысы бойынша бес айдан кейін болады.
Мәжіліс басқарушы мәжілісті жабық деп хабарлағаннан кейін, оқушылар
орнынан тұрып, концертке дайындық жасайтын
бөлмеге еніп кетеді. Мәжіліс
басқарушы соңында қалып, қатысып отырған көпшілікке қарап:
– Енді сіздердің келу құрметтеріңізге арналған кішкене концертімізді
бастаймыз. Концертіміздің бағдарламасында хор, жеке ән, би, түрлі
грамматикалық ойындар мен тақпақтар. Бұларды орындайтындар қазіргі
мәжіліске қатысушылардың өздері болады. Концертіміз қазақ тілі кешіне
арналғандықтан, әсіресе ойындар мен тақпақтар қазақ тілі грамматикасы
байынша айтылады.
2. Қазақ тілі грамматикасы бойынша берілетін ойындарды тақпақ
ретінде де өткізуге болады. Басқарушы хабарлайды:
164
Тақпақ «сұрауға-жауап». Мұны орындайтын атасы мен баласы. Баласы
1-сыныпта оқиды. Ол атасына сұрау қояды.
Атасы жауап береді