Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Зат есім: - Қайткенде зат есім боламыз? Жалпы есім



Pdf көрінісі
бет100/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Зат есім:
- Қайткенде зат есім боламыз?
Жалпы есім:
- Қане, кім? не? деп атаңыз. Жауап берсек, Зат
есімге жатамыз. 
Зат есім:

Сен өзің қандай мағынада келгенде жалпы есім болатыныңды
білесің бе?
Жалпы есім:

Мен бірыңғайлас көп заттардың жалпылама атын білдіретін
ретте жалпы есім боламын Сізге бір мысал келтірейін. 
Біздің класта жиырма бес оқушы бар. Олардың жеке-жеке қойылған
аттары бар. Бірақ барлығына жалпылама ортақ ат – «оқушы». Сонда
«оқушы» жалпылама есім, түсінікті ме?
Зат есім:
- Түсінікті. 
Басқарушы
: – Енді екі оқушы шығып грамматикалық жұмбақ айтады.
Соны тыңдаңыздар. Жұмбақты шешуге сіздер де қатысыңыздар. 
Мұның орындалу тәртібі мынадай:
Екі оқушының біреуі жұмбақ айтады. Оның аты жұмбақ болады.
Екінші оқушы шешеді. Оның аты Тапқыш болады. 
Жұмбақ:
– Құс атын білдіретін екі буынды сөздің екі буыны да бірдей
бір тұлғадағы сілтеу есімдігі. Ол қандай құс?
Тапқыш:
– Сілтеу есімдігі деймісің? Кішкене ойланып
алайын (осы кезде сілтеу есімдігіне жататын сөздерді ой елегінен өткізеді). 
Таптым! Таптым! Ол – бұлбұл. 
Жұмбақ:
- Дұрыс. Енді мынаны тап. 
Түйе төлінің аты басқа екі түліктің төлінің атынан құралған. Ол қандай
сөз?
Тапқыш:
– Ой, тәйірі, соны да білмейді деймісің! Ол – тайлақ. Тай –
жылқы төлінің аты, лақ – ешкі төлінің аты. 
Жұмбақ:
– Бәрекелді тапқыш! Енді мынадай екі сөзді тап:
Жыл мезгілін білдіретін бір сөзге барыс септігін жалғаса, бір сын
есімге омоним болады. Ол қандай сөз?
Екіншісі, қандай сын есім сөзге бұйрық райлы етістік сөз омоним
болады. 
- Тапқыш:
– Омоним дегеніміздің озі тұлғасы бір болған-мен,
мағынасы басқа сөз емес пе? Онда – «қыс» деген сөз-ге «қа» деген барыс
септігінің жалғауын жалғасақ «қысқа» деген сөз болады. Ол–«қысқа» деген
сын есім сөзбен омоним. 
167


Екіншісі «қара» деген сөз. «Қара» деген бір заттың түсі. білдіретін сын
есім. Оның екінші мағынасы етістік – қимылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет