Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет99/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Оқушы: – 
Ата!
Атасы: – 
А-а-а!
Оқушы: 
– Зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады? (көпшілікке қарап)
Тыңдаңыздар,
Атам менің сауатты, . 
Қазір беред жауапты. 
Атасы:
– Е, балам, балам, 
Тыңда болма алаң;
Ана, 
Ата, 
Ақыл, 
Ар, 
Адам –
«А» дан басталар 
«А» ның алда тұрғаны 
Содан, балам, болар. 
Оқушы:
– Дұрыс, дұрыс, ата, 
Жоқ, мұнда қата. 
(Көпшілікке қарап) 
Жолдастар ұқтыңдар ма?
Басқарушы:
– Тақпақ «Септеу», Қазақ тілінде септеу деген бар. Оның
саны жетеу. Соны жеті сқушы шығып. «Марат» деген баланың атын тақтаға
септеп береді. 
Бұл былай орындалады: маңдайында (бас киімінде) «Марат» деген сөзі
бар бір оқушы жеке шығып тұрады. Бұл –септелетін сөзіміз болады. Енді
жеті оқушы шығып, септеу болып қатар тұрады. Олардың оң қолына
(қарына) септеудің аттары жазылып қойылған. Басқарушы оларды шетінен
грамматикалық атымен (атау, ілік, барыс т.б. ) атап тұрады. Аты аталған
оқушы қатардан шығып, маңдайындда «Марат» деген сөзі бар оқушының
қасына келіп, оны көрсете айтып шығады. 
Атау
– Бөртебаев. 
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар, 
Байсалды да, ақылды да Марат бар. 
Ілік 
- Бейсенова. 
Жеке басым ең алдымен Мараттың, 
Жасы үлкеңді сыйлағаның жараттым. 
165


Барыс – Бәкіров. 
Содан кейін не десең де Маратқа 
Тапсырмаңды орындайды әр уақта. 
Табыс – Ережепова:
Батыл емес дей алмайсың Маратты, 
Сол үйретті ауылдағы бар атты. 
Жатыс – Өтегенова. 
Жаман баға болған емес Маратта, 
Оның күші ынта, жігер, талапта. 
Шығыс – Мырзабаева. 
Қай өнер де табылады Мараттан, 
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан. 
Көмектес – Алдабекова. 
Міне осындай жақсы бала Маратпен. 
Қатар түспей жүргендер де бар әттең!
Басқарушы: – Тақпақ «Одағай». Қазақ тілінде Одағай деген оқшау
сөз бар. Ол бүгінгі мәжілісте өз міндеттерін, айтып жатқан сөйлем
мүшелеріне бағынбай, оқшауланып, жеке-дара бір түрлі мінез көрсетіп
тұрады. Сол сияқтылар оқушылар арасында да бар. Қазіргі орындалатын
тақпақ сол оқушыны тәртіпсіздігін айтып бетіне басады. 
Бұл тақпақ былай орындалады:
Бір оқушы тәртіпсіздік жасаған болып ортаға шығарылып қойылады.
Оның салы мойнына кетіп, сүмірейіп тұрады. Тақпақ айтатын оқушы қасына
келіп, оған жекіп ұрса тақпағын айтады. 
Жаңа сен мектептің ішінде, 
Асыр сап ойнадың болғандай күшіңде. 
Кезекші ағайды көрмедің, 
Басқаға сен ерікті бермедің. 
Сабақтан қайтарда тағы да, 
Кірісіп ойынның қамына. 
Бұрымын жұлқылап көп қыздың 
Бостан-бос уақытты өткіздің. 
Намысың қайда еді, батыр-ай! 
Бір күннің ішінде, япыр-ай! 
Геройы боларлық мысқылдың, 
Қаншама одағай іс қылдың. 
Басқарушы:
– қазір алдарыңызға Зат есім өзінің жалпы есімімен
шығады. Олар бір-бірінен сұрау арқылы өздерінің кім екенін білмекші.
Сіздер де біліп алыңыздар. 
Бұл былай орындалады. 
Зат есім мен жалпы есім болып екі оқушы шығады. Зат есім жалпы
есімге сұрау қояды. Жалпы есім жауап береді. 
Зат есім:
166



Ау, осы біз кімбіз?
Жалпы есім:

Зат есімбіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет