Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


білдіреді. Мысалы: Сен маған қара.  Жұмбақ



Pdf көрінісі
бет101/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

 
білдіреді. Мысалы: Сен
маған қара. 
Жұмбақ:
– Тіпті, саған жұмбақ айтуға болмайды екен Сен тапқыш
екенсің. Бәсе, сенің атың неге тапқыш десем, сен қазақ
 
тілін жақсы біледі
екенсің. Білген үстіне біле бер, Тапқыш!
Басқарушы:
– Қазақ тілі кешіне арналған концертіміз осымен
аяқталды. Келгендеріңе көп рахмет!
Мұндай сабақты ойын түрінде өткізу үшін оқушылардың қазақ тілі
грамматикасын оқу ынтасын арттыра түсті. 
3. Сөз таптарының айтысы ойыны арқылы тыныс белгілер
туралы дағдыларын қалыптастыру.
Бір күні Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу,
Еліктеуіш, Шылау, Одағай кездейсоқ бас қосып қалыпты. Әрқашан өзін сөз
таптары ішінде біріншімін деп санайтын Зат есім басқалардан гөрі өзін
еркін ұстап:

Дүниедегі бар байлық кім? не? деген сүраққа жауап береді.
Олай болса, менен байлығы асқан кім бар?, 
– 
деді. 

Керемет, керемет,
– 
деді Сын есім, 
– 
Сенде зат көп екені
рас. Бірақ ол заттарыңның түр-түсін, белгісін анықтап жүрген кім? Саған
әйтеуір зат болса, одан басқаның керегі жоқ. Ал заттарыңның бағасы
қайсы, бағасызы қайсы деп жақсы-жаманын ажыратпайтының не?
-
деп
сөз соңында тиісе кетті. 
Үшінші болып Сан есім сөзге араласты. 

Байлық та, оның бағасы мен сапасы да есепсіз болмас.
Сондықтан есеп керек, есеп, -деді ол саусағын санап.

Оны жүргізуші,
әрине, менмін. 

Сендер қалай мақтансаңдар да менен алыс кете алмайсыңдар, 

дейді Есімдік. 
– 
Оны есімдік деген атымнан да аңғаруларың керек. Мен реті
келгенде Зат есімнің де, Сын есімнің де, Сан есімнің де орнына жүріп,
шаршағанды дем алдырып, еріншекті қатардан алыстатып келемін. Өзім
қандай еңбек сүйгішпін, ә?!

Тоқтат, тоқтай тұрыңдар!
– 
деп, есік жаққа жақындау тұрған
Етістік сөзге араласты. Жолыға қалсаңдар ұрыса бастайсыңдар. Зат
біткен көркем болсын, көп болсын, қозғалмаса, , қимыл-әрекетке түспесе,
одан қандай пайда?
Онда әзгеріс, өсу, даму бола ма?

деп өзінің бүкіл іс-әрекетке
қатыстылығын сыпайы жеткізе беріп еді, Үстеу:

Өте дұрыс! 

деді кенеттен дауыстап. Біз де босқа
жүргеніміз жоқ. Етістік қаншалықты қозғалысты бақыласа, мен де
соншалықты аңғаруға тырысамын. Өйткені қимыл-әрекет қалай, не үшін,
не себепті іске асқанын қадағалаймын. 

Пыс-пыс әңгіменің не керегі бар? -
деп Еліктеуіш дүңк ете
қалғанда, басқалары жалт қарады. 

Әркім өзі туралы айту ыңғайсыз секілді, сондықтан сөзді
168


доғарайық. Тізгінді беріп қойса, мақтанады-ақ екенбіз

деп, Шылау да
айтысқа жоқтығын ескертті. Шамасы, «Жеке лексикалық мағынасы жоқ,
сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды» деген өңкей болымсыз
етістікпен айтылатын өз қасиетін айтқысы келмеген болар. 

Ал, онда кеттік, –деп Зат есім орнынан тұра бергенде,
есік аузында отырған Одағай:

Ой, әттегене-ай! Жұмысқа кешігіп қалдым-ау, пай-
пай, ту!– деп зыта жөнеледі. 
Оқушы әр сөз табының өз сөйлеу белгісі арқылы өз ерекшелігін беруге
тырысқандығын аңғарып, оларға осы шығарма сияқты әңгіме жазуға
үйретілсе, қайталау кезіндегі жинақтау, ізге салу ісінің нәтижесі анық
байқалмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет