болсам, әуелі мен өз жұмысым жөнінде қысқаша айтып өтейін. Әрине, мен
алдын
ала мойындауым керек, мойындаймын да. Сөз жоқ, мен сөйлемнің
басты мүшесі бастауыш бола тұрсам да, сөйлем
ішінде сәйлемнің басты
мүшесі болып қызмет атқаруда менің кемшіліктерім болды. Болмады
демеймін. Мен ірі-ірі қателіктерге де ұрындым. Бірақ қазір мен бұл
қателіктерден мүлдем арылдым. Бұл қателіктерден
арылуыма осы отырған
жолдастардың қатаң сындары орасан жәрдем етті. Сынға кең жол ашып,
өрістету керек, жолдастар!
Менің мойнымдағы жауапкершіліктің ұшан-теңіз екені бәріңізге мәлім.
Сонда да менің келелі-келелі табыстарымның бар екенін ешкім жүрегі дау
жоққа шығара қоймас деп ойлаймын. Мен, шынын айтқанда,
сөйлемдегі
ойдың иесімін. Менсіз сөйлем жүрексіз дене секілді. Жүрексіз мал да, адам
да ешқандай өмір сүре алмайды. Сондай-ақ сөйлем де менсіз сіздерге
түсінікті бола алмайды. Сондықтан сөйлем мүшелерінің ішінде бәрінен де
менің жауапкершілігім күшті. Сөйлемдегі айтылып отырған ойға бір ғана мен
жауап беремін. Сөйлемде кім? не? деп сұрай келгендердің бәрі атау тұлғада
тұрған мені қиналмай бірден табады. Рас, кейбір жағдайда менін көзге түспей
жасырынып қалатыным бар. Бірақ бұл менің салақтығымнан емес, сейлем
құрушы мына отырған сіздердің олақтықтарыңыздан.
Достарыңызбен бөлісу: