Сабақтың тақырыбы: «Биік шыңға ұмтылу»



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі152,46 Kb.
#9561
түріСабақ
  1   2
Пән Педагогика

Тараудың тақырыбы: Оқыту теориясы

Сабақтың тақырыбы: «Биік шыңға ұмтылу»

Сабақтың мақсаты

Талдау үрдісіне түсінік беру. Сабақты талдау түрлеріне мағлұмат беріп, үлгілерін көрсету. Талдау түрлерін тиімді қолдануды үйрету. Сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру. Белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес: тренинг-сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, «6 түсті шляпа» әдісі, практикалық, сөздік әдістер

Пәнаралық байланыстар: психология, жалпы педагогика, қазақ әдебиеті

Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, карточкалар, пед. ситуациялар, таратпа лекциялар.

Қолданылатың әдебиеттер: Ж.Қоянбаев «Педагогика», Ш.Құрманалина «Педагогика», А.Жайтапова «Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту», Книга современного завуча.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (9.55.-10.00)

ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі 20 мин (10.00-10.20.)

ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин (10.20.-10.40)

ІҮ. Жаңа материалды бекіту 25 мин (10.40.-11.05)

Ү. Бағалау 3 мин (11.05.-.11.08)

ҮІ. Үйге тапсырма 1 мин (11.08.-11.09)

ҮІІ. Рефлексия 6 мин (11.09.-11.15)


Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 9.55.-10.00

  • Сәлеметсіздер ме, менің болашақ әріптестерім? Бүгін педагогика пәнінен дәстүрден тыс сабақ түрі «Биік шыңға ұмтылу» тақырыбында тренинг-сабақ өткіземіз. Сіздер байқағандай әр столда түрлі-түсті шляпалар орналасқан. Әр түстің мағынасы сіздердің алдарыңызда жатыр. Тапсырма сайын сол анықтамаға сәйкес өз ойларыңызды білдіресіздер. Бұл шляпалар арқылы, практикалық, сөздік әдістерін қолданып жұмысымызды жүргіземіз.

Ал «Биік шыңға ұмтылу» атты тренингтің мақсаты сабаққа талдау жасай отыра ұстаздық мамандықтың биік шыңына ұмтылуға жол салу. Іске кіріспес бұрын көңіл-күйімізді анықтап алсақ. Оны алдымызда жатқан түстер арқылы көрсетілген мимикамен көрсетейік. Рахмет. Сабақ барысында көңіл-күйіміз жақсыға қарай өзгереді деп үміттенемін.

Тренингтің әр кезеңі сайын өз еңбектеріңізді бағалап отыруларыңыз керек. Сабақ соңында барлық жиналған бағадан ортақ баға шығарасыздар.


ІІ. Студенттердің білімдерін өзектендіру кезеңі (10.00-10.20.)

Ендеше бүгінгі сабаққа қажетті білімдерімізді өзектендіріп алсақ. Өткен тақырыптар бойынша глоссарий құрастырайық. Әр столда берілген педагогикалық терминдерге анықтама берейік.

Педагогикалық терминдер:



  • Оқыту технологиясы-белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етудегі оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсететін, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі

  • Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ

  • Негізгі педагогикалық ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту

  • Дидактикалық талаптар – білімділік міндеттерді нақты қою, оларды дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау, оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай болуы, оқытудың тиімді әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдау, оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.

  • Психологиялық талаптар – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізу, ақыл-ойын дамыту, оқу пәні арқылы әр оқушының дамуын жобалау.

  • Гигиеналық талаптар – өалыпты температураның болуы, ауаны тазартып тұру, жарықтың болуы, балаларды шаршатпау, сергіту сәтін ұйымдастыру, іс-әрекеттерді түрлендіріп отыру.

  • Тәрбиелік талаптар – оқу материалының тәрбиелік мүмкіндігін анықтау, орындалатын тәрбиелік мақсат қою, оқушылардың бойына өмірге керекті қасиеттерді тәрбиелеу, балалармен ынтымақтасу, оларды табысқа жетуіне көмектесу.

  • Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.

  • Сабақ типтері - сабақта мазмұнына қарай анықталады. Мысалы: аралас, тексеру сабақ, жаттығу сабағы т.б.

  • Сабақ түрлері – сабақтың дидактикалық мақсатына қарай анықталады. Олар дәстүрлі және дәстүрлі емес.

  • Ұйымдастыру кезеңі – күрделі кезең. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу.

  • Үй тапсырмасын тексеру кезеңі – барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамаған себептерін анықтау, байқалған кемшіліктерді жою.

  • Жаңа білімді бекіту кезеңі – оқушыларды оқу материалын терең түсіну, бір-бірінен айырмашылықтарын, өзара байланысын, қатар қоюға және салыстыруға үйрету, ой жұмысын, қиялын дамыту.

Құрастырылған глоссарийдегі қызыл түсті қағаздардағы терминдерге әр «шляпа» иелері өз ойларын өз ойларын ережеге сәйкес білдірсе.


(Гигиеналық талаптар, психологиялық талаптар, үй тапсырмасын тексеру кезеңі, оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, сабақ түрлері, жаңа материалды бекіту кезеңі).

  • Көңіл-күйлеріңіз қалай? Ендеше тренингті жалғастырайық.


ІІІ. Жаңа сабақ 20 мин (10.20.-10.40)

Әр мұғалім сабақ өткізе білгенмен қатар сол сабаққа талдау жасай білу керек. Сіздер бірнеше рет «Байқау сабақтары» іс-тәжірибесінде болып сабақтар өткіздіңіздер, жетекші мұғалімдер, өздеріңіз талдау жасадыңыздар. Жалпы «талдау» деген сөзді қалай түсінесіздер?



  • Талдау – затты, құбылысты, үрдісті бөліктерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды, қажетті қасиеттерді анықтау мақсатымен жүргізілетін логикалық үрдіс. Сабақты талдау – оқу-тәрбие үрдісінің құрылымын, білім сапасын, оқытушының кәсіби біліктілігін анықтау болып табылады.

Талдаудың мақсаты: оқу-тәрбие процесінің құрылымымен мазмұнын анықтау; оқушылардың білім, білік, дағды, іскерлік сапасын, деңгейін бақылаумұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқыту процесінің мазмұндылығын анықтап, оған нұсқау беру. Мұғалімнің жетістігін анықтау, оны жариялау. Мұғалімнің кемшіліктерінің себебін анықтап, оны жоюға көмектесу.

Ал сабаққа талдау жасаудың түрлері бойынша сіздерге алдын ала теориялық материал дайындау тапсырылған. Сөз кезегі өздеріңізде.

  1. Сабақты өзіндік талдау

  2. Психологиялық-педагогикалық талдау

  3. Сабақты әдістемелік талдау

  4. Сабақты кешенді талдау

  5. Сабақты дәстүрлі талдау

  6. Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты талдау

  7. Жеке тұлғаға бағдарлап білім беру жүйесіндегі сабаққа талдау

Әр баяндамашы талдау-схемасын әр столға таратады.

  • Іс-тәжірибеде талдаудың қандай түрін қолдандыңыздар? Қиынға түскен жерлері болды ма?

Ендігі кезекте «шляпа» иелерінде, өз ойларыңызды білдірсеңіздер. Әр стол бір талдау түріне ғана пікір білдіреді.

  • Көңіл-күйіміз қалай?

  • Сіздерді «Ойлайық та, ойнайық» санамақ ойынын ойнауға шақырамын. Үшке бөлінетін санға келгенде «Талдау» тақырыбына байланысты кез-келген терминдерді атауларыңыз керек. Мысалы: 1,2, шеберлік, 4,5, психологиялық т.б.


Каталог: uploads -> doc -> 1008
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1008 -> Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп №1Алға мектеп-бақша Мерзiм Мұғалiм
1008 -> Техникалық қызмет көрсету және жөндеу
1008 -> Базалық бағдарлама мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет