Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі. Тәуелсіз
Қазақстанның өз Ата Заңы бар. Біздің Мемлекеттік Елтаңбамыз, Туымыз
және Әнұранымыз бар.
Әрбір азаматтың парызы Отанын қорғау, мемлекеттік тілін және
мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу. Мен Қазақстанда туғанмыды
мақтанш етемін.
2-жаттығу. Мәтіннен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықшасы бар сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Денсаулық – баға жетпес байлық
Денсаулық адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің
шыттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық зор байлық»,
дейді қазақ. Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек, дейді
ғалымдар мен биологтар. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір
адамның басты міндеті. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі
кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында. Денсаулықтың
нашарлауына көңіл-күйдің де әсері зор.
Денсаулықты қалай сақтау керек? Аурудың алдын алу шараларына не
жатады? Осы сұраққа жауап беру валеологияның міндеті. Валеология
денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.
3-жаттығу. Берілген қанатты сөздердегі сызықшаны тиісті орнына
қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Сабыр ақылдың серігі (Майлықожа сұлтанқожаұлы).
2. Ақыл жүректің суаты (Абай Құнанбаев).
3. Халықтық дәстүр асыл мұра (Б. Момышұлы).
4. Көркем сөз жанның сәулесі (Ғ. Мүсірепов).
5.
Жол анасы тұяқ, сөз анасы құлақ, су анасы бұлақ (Сырым Датұлы).
6. Мінез жанның айнасы (Әбу Насыр Әл-Фраби).
7. Тәуелсіздік тәтті сөз ғана емес, ұлттыұ жауапкершілік (Ә.
Кекілбайұлы).
4-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі сөздердің
орын тәртібін реттей
отырып, әр сөйлем ішінде келетін сызықшаны тиісті орнына қойып жазыңыз.
1. Ол, барлық, тізгінін, тұлға, ұстаған, өзгерістердің. 2. Қара, шаңырақ,
қоғамына, дәстүрлі, қалатын, қазақ, атадан, мирас, балаға, болып, шаңырақ,
әке, үйі, үлкен. 3. Қара, шаңыраққа, келіп, аруағына, құран, бағыштап, отыру,
ата-баба, ұрпақ, парыз, үшін. 4. Халық, саны, кез, келген, елдің, дамуыны,
факторы, аса, маңызды. 5. Онығ, аты, Мұхтар әуезов, секілді, Ұлы,
жазушының, кішіпейілділік, бойынан, көрген. 6. Мемлекеттік, қызмет, атқару,
ерекше, сенім, қоғам,
мемлекет, берілген, тарапынан. 7. Күн, бейнесі,
көшпелілер, үшін, нағыз, символы, өмір. 8. Мемлекет, қоғамның, саясатын,
саяси, ұйым, жүзеге, асыратын.
Достарыңызбен бөлісу: