жүргінші Әбді дейтін жігіт екен
Зат есім
Жігіттер,
ойын арзан, күлкі қымбат
Сын есім
Бұл
кесте оқушылардың назары бастауыштан кейін сызықшаның
қойылмауына себепші болып тұрған сөздерге аударылады. Ол
сөздерге талдау
жасалады. Егер бастауыштан кейін қыстырма сөз келсе немесе шылау
күшейтпелі мәнде айтылса
болмаса бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғада
болғанмен
,
бастауыш
зат есім, баяндауыш сын есім болған жағдайда
бастауыштан кейін сызықша қойылмайтыны және атау тұлғалы
баяндауышқа
көмекші етістік тіркесіп келсе,
көмекші
етістіктің
әсерінен бастауыштан
кейін сызықша қойылмайтыны түсіндіріледі
.
Оқушылардың білімін тереңдету және сол алған білімдерін жүйелеп,
қажет жерінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру бағытында тәжірибелік
сабақтарының маңызы зор. Өйткені тәжірибелік сабақта оқушы күні бұрын
дайындалады; өз бетінше қосымша әдебиеттерді оқиды; конспект, баяндама
жасайды; оқыған ғылыми еңбектерінің ішінен өзіне керегін таңдап алуға
үйренеді;
салыстырады, өзінше талдау жасайды; қажет жерінде өз
көзқарасын
білдіреді; өз пікірін, дайындап келген мәселесін емін-еркін
айтуға дағдыланады: талқыланып отырған мәселе бойынша жолдастарының
баяндау жүйесі, мәселені қамтуы, жетістігі, кемшілігі жөнінде пікір айтуға
үйренеді, ол пікір ауызша да, жазбаша да жүргізілсе, тіпті жақсы.
Тәжірибелік сабағына оқушылар түгел қатысады, ол тек оқушының жазып
келген конспектісін сыдыртып оқып шығу түрінде болмауы керек. Ол үшін
оқушыға берілетін сұрақ оларды ойлануға, ізденуге жетелейтіндей, кең түрде
сөйлейтіндей дәрежеде болуы шарт. Осы айтылғандардың бәріне қоса,
тәжірибе сабағында оқушы өз жауапкершілігін ерекше сезінеді. Әрине,
тәжірибе сабағының тақырыбы оқушыға таныс болуы керек, сондықтан ол
оқушы білімін тереңдету үшін жүргізіледі. Енді сондай бір сабаққа тоқталып
көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: