Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша



Pdf көрінісі
бет82/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

1. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.
Сызықшаның қойылатын орындары да алуан түрлі. Солардың бірі –
бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. Бұл – оқушылар
үшін синтаксистегі ең қиын категорияның бірі. Мұны оқушылардың жете
меңгеруі үшін, олар сөз таптарын түгел білуі керек және сөздерді тұлғасына
қарай талдай білуге жетік болуы керек. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы
түсіндіргенде, бұл да қайталаудан басталады. Барлық сөз таптары атау
тұлғада тұрып бастауыш та, баяндауыш та бола алады деп кішкене тұжырым
жасалады да, бір сөйлем жазылып, ол оқушылар арқылы сөз таптарына
талданады. Ең соңында оқушылардан атау тұлғалы сөздер туралы сұралады. 
— Атау тұлғалы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?

Ешқандай жалғау жалғанбаған сөздерді атау тұлғалы сөздер деп
атайды және көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздерді де атау тұлғалы
сөздер деп атайды. Мысалы: кітап, кітаптар т.б. 
— Қазақ тілінде неше түрлі жалғау бар?
141


– Қазақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: көптік, септік, тәуелдік,
жіктік. 
–Септік, жіктік жалғауы жалғанған сөздерді неге атау тұлғалы сөз деп
атамаймыз?
– Оның себебі: ол сөздер атау септігінің кім? не? кімдер? нелер? кімі?
несі? т.б. сұрауларына жауап бермейді. Міне, осылай сөз таптары мен атау
тұлғалы сөздер еске салынғаннан кейін кесте пайдаланылады. 
3-кесте
Сызықша – 
атау тұлғада тұрған бастауыш пен баяндауыштың арасына
қойылады (ереже). 
1) Сан есім. Үш жердегі үш – тоғыз. 
2) Заттанған есімше Жым-жырт жиынның ішінен
сөйлеген -
майысқақ Қаратай
3) Сілтеу есімдігі
.
Б
ұл – 
сол қаланың жылқысы
4) Жіктеу есімдігі
. Мен – 
тауда ойнаған қарт марал. 
Атау тұлғада тұрған бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша
қойылатыны сөз табы мен сөйлем мүшелеріне талдау арқылы түсіндіріледі.
Мұндағы оқушыларға ескертетін жай– сызықша үнемі бастауыштан кейін
қойылатыны баса айтылады. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
арқылы оқушылар әрі сөз табын, әрі сөз тұлғасын (түбір мен қосымша), әрі
сөйлем мүшелерін есіне салады. Бұл кесте арқылы бастауыш пен
баяндауыштың арасына сызықшаның қойылуын білдірумен қатар бастауыш
пен баяндауыш атау тұлғада тұрып-ақ кейде сызықшаның қойылмайтын
жағдайлары мына кестені пайдалану арқылы салыстырыла түсіндіріледі. 
Сызықша. Бастауыштан кейін мынадай жағдайда қойылмайды. 
Ұзын Омардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет