- жалпылауыш сөзден кейінгі қос нүктені қоя білу;
- қаратпа сөзде қойылатын тыныс белгілерді игеру;
- құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдері арасында
«бірақ, себебі, неге десеңіз, сол себепті, не, егер, қайсысы,
дегенмен, алайда»
алдында қойылатын үтірді қоя білу;
- төл сөзде қойылатын тыныс белігері мен диалогтың
алдында қойылатын сызықшаны жаза білу.
5-6 сыныптарда:
- есімшеде қойылатын үтір;
- көсемшеде қойылатын үтір;
- жеке көсемшенің екі жағына қойылатын үтір;
- одағайдға қойылатын дефис, үтір, леп белгісі.
7-сыныпта:
- бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша;
- айқындауыш сөздердегі тыныс белгілері:
- бірыңғай мүшелер арасындағы ажырату белгілері;
- сөйлемдегі жалпылауыш сөздердегі қос нүкте мен
сызықша;
- қаратпа сөздегі ажырату тыныс белгілері;
- қыстырма сөз және қыстырма сөйлемдерде,
одағайлардағы ажырату тыныс белгілері, жеке және қатар
келетін тыныс белгілері;
- сөйлемнің оңашаланып бірыңғай және нақтылаушы
мүшелерін ажырату тыныс белгілері;
- төл сөзі бар сөйлемдерді бөлу және ажырату тыныс
белгілері;
- біреудің сөзін беруде қолданылатын тыныс белгілер.
8- сыныпта:
- құрмалас сөйлем бөліктерінің арасындағы ажырату
тыныс белгілері;
- тыныс белгілерді авторлық қолдану;
- басыңқы және бағыныңқы сөйлемдер арасындағы
тыныс белгілер;
-бірнеше бағыныңқысы бар сабақтас құрмалас
сөйлемдегі тыныс белгілер;
- шылаулы және шылаусыз байланысқан құрмалас
сөйлемдердегі ажырату тыныс белгілері; тыныс белгілерінің
байланысы.
9-сыныпта пунктуация туралы білімі жүйеленеді,
шығармашылық жұмыс, мәтін құрау, мазмұнда, шығарма
жазу бойынша сауатты жазудың тәжірибелік, сөйлесім
әрекеті бойынша игереді.
Достарыңызбен бөлісу: