белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т.б. сөйлемнің мағынасын
білдіру үшін қойылады»- деп жазды [30].
Бұл пікірлер оқулықтардағы тыныс белгілердің бір
жүйеге түсінуіне үлкен әсері болды.
Орфография мәселесінде өнімді еңбек етіп жүрген
автор, ғалымдарымыздың бірі - Р. Сыздықова. Ол өзінің
«Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында
анықтағыш» атты кітабында қазақ орфографиясы туралы
пікірлерді бір жүйеге түсірді, қиын сөздердің жазылуы
туралы сөздігін келтіреді. Бұл оқушылардың да, ересектердің
де қазақ тіліндегі орфография
жөніндегі шын мәніндегі
анықтама құралы болып есептеледі [31].
Ал пунктуацияны оқытудың жүйесіне ғылыми тұрғыда
жасаған Х.Арғынов болды. Әсіресе, оның «Қазақ тілі
методикасы» (синтаксис, пунктуация) деп аталатын (1974)
еңбегі пунктуацияны оқыту әдістемесі туралы тұңғыш
көлемді зерттеу еңбек болып есептеледі. Х. Арғынов
пунктуацияны оқытудың маңызы туралы былай деп жазды:
«Оқушылар қазақ пунктуациясын жете білу үшін, алдымен
қандай грамматикалық заңдылықтарға байланысты қандай
тыныс
белгілерінің қойылатынын, сол грамматикалық
заңдылықтарды анықтайтын және соған орай қандай
ережелердің барын, екіншіден, қандай тыныс белгілерінің
қай жерде қойылуы туралы ереже,
анықтамаларды игерту
керек”–деп есептейді [32].
Пунктуация жүйесіндегі белгілерді мағанаға қарай
дұрыс қолданудың маңызы зор, себебі бір тыныс белгісінің
беретін бірнеше мағынасы болады. М. Н. Петерсон: «Один
знак может иметь несколько употреблений и, наоборот, одно
и то же явление может обозначаеться различными знаками»-
деп өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін
мүмкіндігі болғанша, олардың әрқайсысының қызметін
даралап, олардың берілетін
ережелерін бірыңғайластыру
арқылы түсінік қалыптастырылады.
Тыныс белгілерінің ережелерін бірыңғайластырумен
бірге әрбір тыныс белгісінің бір ғана атпен аталуын да бір
ізге түсірген жөн. Мысалы: нүктені біреу «ноқат» десе, үтірді
«қайырма» деп те қолданады. Сондықтан оқушыларға тыныс
белгілердің котегориясы ретінде қалыптасқан мынадай
терминдерін қолдануға жаттықтырылады:
Достарыңызбен бөлісу: