белгілер кездеседі. Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің
бастапқы функциясы сөйлеуді тек әр түрлі мәнді
бөлшектерге бөлу ғана болғандығын, бөлуші белгілердің түр-
тұрпаты жағынан қазіргі белгілерден өзгеше болғандығын
байқатады», -деп жазған.
Біз қолданып жүрген қазіргі тыныс белгілері әр уақытта
барлық тілдерде осы сияқты таңбаланбаған. Тіпті біздің
заманымыздан бұрынғы Х ғасырда грек пен латын
қолжазбаларында тыныс белгісі ретінде қолданылған
таңбалар мыналар болған көрінеді: крест (+), шоғырланған
көп нукте т.б.
Профессор С. Е. Маловтың айтуынша, түркілердің Енисей
жазуында қос нүкте - нүкте және тыныс белгісі есебінде
жұмсалған.
Арғы кездерді былай қойғанның өзінде беріректе
жазылған түркі тілдеріндегі арабша басылып шыққан кейбір
кітаптардың өзінен тыс белгіні кездестіре алмаймыз.
Мәселен: 1915 жылы өзбек тілінде шыққан «Adab-us-Salixin»,
«Fatima Zuhra», 1884 жылы шағатайша басылған «Mir call eir
Nanal», 1911 жылы шыққан «Bahram dulandam », 1916 жылы
шыққан, «Sufl Allaiar-Subatul Fadiem» кітаптардан, сондай-ақ
Н. Н. Пантусовтың 1880 жылы ұйғыр тілінде шыққан «Kitab
Furat bar malik ein» атты кітабынан т.б. еңбектерден бірде-
бір тыныс белгісі табылмайды. М. Терентьевтің айтуынша,
тыныс белгілері ХІХ ғасыр кезінде парсы тілінде де болмаған.
Қазақтың араб әліппесіне негізделген жазу кезіндегі кейбір
кітаптарда да ешбір тыныс белгісі қойылмай жазылады. ХІХ
ғасырда шыққан түркі тілдері грамматикасында тыныс
белгілерінің элементтері пайда бола бастағанын аңғаруға
болады. Мәселен, профессор А. Казембектің 1839 жылы
шыққан «Түрік-татар тілі грамматикасының» 32-бетінде бір
жұлдызша, 34 және 46-беттерінде екі жерде сызықша
қойылған. Ал, 1869 жылы шыққан «Алтай тілі
грамматикасында» тыныс белгілерінің бірсыпырасы
кездеседі және олар бірсыдырғы орынды қойылған [17].
Академик В. В. Радловтың 1870 жылы шыққан «Образцы
народной литературы тюркскую наречий» деген еңбегінде
тыныс белгілерінің бірсыпыра түрі кездеседі. Бірақ олар
жүйелі түрде қалыптаспаған. Бұл еңбекте тыныс белгілері
төмендегіше берілген (сөйлемдер мен олардың тыныс
белгілері кітаптың түпнұсқасынан өзгертілмей алынып отыр)
Достарыңызбен бөлісу: