Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет6/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Тыныс белгілері,
 
ең алдымен, сөйлемнің
грамматикалық құрылысына байланысты қойылады. Сөйлем –
қарым-қатынас жасаудың басты құралы, біршама
тиянақталған ой. Оқушы осы ойдың аяқталған шегін білуі
қажет. Айтушы ойын жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен
де бере алады. Ендеше тыныс белгісі, ең алдымен, ойдың
аяқталған шегіне байланысты болып келеді, осыған орай
сөйлем соңына және құрмалас құрамындағы жай
сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілері болып
бөлінеді. Тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық
ерекшеліктеріне сүйеніп қою грамматикалық ұстаным деп
аталады. Осыған байланысты қойылатын белгілер: нүкте (. ),
сұрау белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ), нүктелі үтір (;),
оның ішінде сөйлем соңына қойылатындары: нүкте (. ), сұрау
белгісі (?), леп белгісі (!), көп нүкте (... ). 
Пунктуациядағы негізгі нәрсе – мағыналық бөлік, тыныс
белгілері осы мағыналық бөлікке байланысты қойылады.
Абай үндеген жоқ. – 
Бір мағыналық бөліктен тұрады, біршама
аяқталған хабар.
Абай бұларды тосып алып, енді үшеуі
бірдей жарысуға айналды.
– Бұл сөйлемде екі мағыналық
бөлік бар, себебі бұл – құрмалас сөйлем. 
бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлем
(бірінші мағыналық бөлік) (екінші мағыналық
бөлік)
Осыған байланысты тыныс белгісі екі жерге жай
сөйлемдер арасына, сөйлем соңына қойылады. Мағыналық
18
Абай бұларды тосып алып
Енді үшеуі бірдей жарысуға
айналды. 


бөліктің синтаксистік құрылымы, заттық-логикалық
мағынасы бар, сондықтан ол белгілі дауыс ырғағымен де
ерекшеленеді, ендеше оны пунктуациялық-мағыналық бөлік
деп атауға да болады. 
Мағыналық бөлік жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем түрінде
кездеседі. Сонда тыныс белгілері, екіншіден, мағынаға
байланысты қойылады, қызметіне қарай ойды бірінен-бірін
бөлуші, даралаушы және сөйлем құрамындағы сөздердің
мағынасын айқындаушы, ерекшелеуші болып бөлінеді. 
- Е, балам, «шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай
егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел
дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше
жалықпас! – деп, жас жолдасына қарап күліп қойды.
Мұндағы үтір мен тырнақша – мағына айқындаушы белгілер,
қаратпа сөз Абайға арнау, назарын аудару мәнінде
қолданылып тұрса, тырнақша төл сөздің мағынасын ашып
тұр. Сонымен қатар, бірыңғай мүше де, бастауыш пен
баяндауыш арасындағы сызықша да мағына ерекшелеу
қызметін атқарып тұрғанын байқау қиын емес. Мұндағы
тыныс белгілері сөйлемнің грамматикалық құрылысымен
қоса, сөйлемдегі басқа пунктуациялық-мағыналық белгілерге
де байланысты қойылған. Олар: қаратпа, бірыңғай мүше, төл
сөз. Міне, осы сияқты белгілерге сүйеніп қою
мағыналық
ұстаным
деп аталады. Бұл ұстаным бойынша қойылатын
белгілер: 
үтір, сызықша, қос нүкте, жақша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет