Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын


Тыныс белгілер және олардың қойылу қағидалары



Pdf көрінісі
бет5/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Тыныс белгілер және олардың қойылу қағидалары.
1. Пунктуация - жазбаша қарым-қатынас жасауға қызмет
ететін графикалық таңбалар жиынтығы. Ол қағаз бетіне
түскен ойдың оқушысына сол автор көздеген мақсатын қаз
қалпында айнытпай жеткізуге көмектеседі. Ауызекі сөйлеуде
адам ойының кейбір жетпей тұрған жерлерін бет-жүз, қол
қимылы, дауыс ырғағы сияқты қосымша құралдармен бере
алады. Оның бәрін қағаз бетіне әріппен түсіре алмайсың,
тыныс белгілер – жазуда осы сияқты нәрселерді айнытпай
белгілеудің құралы, оқыған кезде әріптермен (сөзбен) бірге
оқылады, автордың айтпақ ойын айқын көрсете алады.
Мысалы:
Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы
жеке шабудан тежеп:
- Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын
білесің ғой!. . Ұры жатады ... – деді. 
- Сені мен бізді манадан көріп отыр! «Қоқырақтап
жалғыз шабатын неме екен, түсіріп, атын әпкел өзінің!» -
дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді
алады да, кете барады, - деді Жұмабай да
- Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?
- Ойбай, бізде не қауқа бар? Біз екеу-ақ... (М. Әуезов). 
Берілген мәтінде тыныс белгісінің бірнеше түрі бар,
солардың ішіндегі леп белгісінің өзі бірнеше мағынаны
білдіріп тұр, бірінші сөйлемде - өтініш, екіншіде – ескерту,
келесіде-қорқыту, шошыту тәрізді мағыналар, сұрау белгісі
де сол сияқты, жауап алумен қоса, шарасыздық
мағыналарын көрсетеді. Ал көп нүкте мұнда
17


аяқталмағандыққа қоса, ескерту мәнін де білдіреді. Тұтастай
алғанда, бұл тыныс белгілер арқылы аз сөзбен көп мағына
берілді. Мысалы, үлкендер қанша үлкен болса да, баламен,
Құнанбайдың баласымен, басқаша сөйлесе алмайды, оған
бұйыра, шын мәнінде үркіте де, қорқыта да алмайды. Әрине,
мұнда сөз мағынасының да орны ерекше, тыныс белгісі осы
үлкен психологиялық қарым-қатынасты айқын ашып тұр.
Ендеше, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған мәтінді оқу да,
оның мағынасын түсіну де қиын, болмақ. Сондықтан жазуды
үйретумен бірге оқушыларды тыныс белгілерді дұрыс қоюға
жаттықтырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет