Дағдылардың байланысуы.
Пунктуациялық ережелерді қолдануда
үйреншікті әрекеттер жүйесі жаңа дағдыларды меңгеру дәрежесіне, оларды
қалыптастыруға әсер ете алады. Бір жағдайларда ол жаңа дағдыны
қалыптастыруға әсер етсе, енді бір жағдайда, оған керісінше, кедергі
жасайды.
Пунктуациялық норма әрекеті шарттарының ұқсастығы, әсіресе
байланысу әдіс-тәсілдері, меңгерілген әрекеттердің бір құрылымнан
екіншісіне ауысудың себебі болуы мүмкін. Мысалы, бірыңғай мүшелер
арасына тыныс белгілер қою икемділігі салалас құрмалас сөйлемнің бірыңғай
мүшелері бар сабақтас құрмалас сөйлемнің, бірнеше сөйлемді анықтайтын
шылаусыз құрмалас сөйлемнің пунктуациясын игеруге жағымды әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, бір дағды басқа бір дағдының қалыптасуына
кедергі жасауы не оны бұзуы мүмкін. Мұндай кері әсер (интерференция) екі
түрлі болады. Алдыңғы қалыптасқан дағды жаңа икемділіктер мен дағдының
қалыптасуына кедергі жасауы мүмкін (ассоциативті кедергі). Мысалы,
бірыңғай мүшелердің саналуын аяқтайтын «және» шылауының алдына үтір
қоймау дағдысы барлық бірыңғай мүшелермен қолданылмайтын «және»
шылауының алдына үтір қоймаудың себебі болуы мүмкін (Біздің орманда
қояндар, түлкілер, қасқырлар және аюлар да, қабандар да жүр. ).
Оқытушының міндеті, бір жағынан, дағдының жағымды ауысуына
септігін тигізу, екінші жағынан – бір дағдының екінші дағдыға кері әсерін
болдырмаудың жолын табу. Мұндай жолдың біріне синтаксис пен
пунктуацияны өтуде түрлі салыстыруды кеңінен қолдану жатады.
Пунктуациялық икемділіктер мен дағдылардың кезеңдері мен
қалыптасу жағдайлары.
Пунктуациялық дағдыны қалыптастыру ережені
түсіндіруден басталады. Ол бірнеше кезеңнен тұрады. Оның негізгісі
пунктуациялық жалпыламаны басқа сондай құрылымдарға аудару.
Бұл амалдар бірнеше шарттардың сақталуын қажет етеді.
Оның бірі ережені қолдануда пунктуациялық нормамен шарттарына
әрекет жүйесі сөйлем құрылысының дәл келуі. Пысықтаудың алғашқы
сатысында оқушылар норманың шарттарын айтып қана қоймайды, сонымен
бірге олардың сөйлемдегі орнын пунктуациялық ереже әрекеттерінің барлық
шарттарына қатысты дәлелдерді айтады.
Екіншісі, норманың шартын оның сөйлемдегі орнымен салыстыру
икемділігі мысалдарды норманың толық және жартылай шартты құрамын
салыстыру арқылы іске асырылады.
Бұл әрекеттің мынадай шарттары бар:
а) аралас құрылымдарды салыстыру, мысалы, тұрлаулы мүшелері бір
сөз табынан бір формадан тұратын сөйлемдерді бірыңғай мүшелері бар
46
сөйлемдермен салыстыру;
ә) берілген ереженің пысықтау жаттығуларына олардың түрлі
формалары мен құрылымындағы мысалдарды ендіру,
Көрсетілген шарттардың бұзылуы ережені пайдалануда қате жіберуге
апарады. Оның себептері түрліше:
1. Норма әрекеттерінің шарттарын нақты білмеуге байланысты. Бұған
мыналарды жатқызуға болады:
а) Ереже әрекеті бір шартының болмауы. Мысалы, ортақ бірыңғай
мүшесі бар салалас құрмалас сөйлемде пунктуация ережелерін ажырату
шылауы қайталанбайтыны көбіне көрсетілмейді.
ә) норма әрекеті шарттарының бір ережеден екіншіге қателікпен
ауысуы.
Мұндай қате ауысу әрекет шарттары ұқсас ережені қолдануда
байқалады. Мысалы, оқшауланған анықтауыш пен сөйлемнің ортақ
шарттарының болуы келесі сөйлемде үтір қойылмауының себебі болуы
мүмкін.
2. Аударудағы басқа қателер сөйлемді талдауға байланысты –
пунктуациялық нормалардың шарттары нақты берілмегендіктен:
а) Ереже қолданылатын конструкциялардың грамматикалық белгілерін
білмеу, ол белгілерді ажырата алмау, яғни оны «синтаксистік көре
алмауышылық» деуге болар еді.
ә) Грамматикалық құбылыстарды шатастыру.
Бірінші және екінші топтағы ережені аударудағы қателер норма
әрекеттерінің шарттарын нақты сөйлемнің ережеге шарт ретінде енетін
грамматикалық белгілерін байланыстыра алмауынан туындайды.
3. Ережені игеруде жаттығулар жүйесі мен дағдылар ара қатынасына
байланысты қателіктер ерекше бір топты құрайды.
Жаттығулардың бірыңғайлылығы, пысықтауда зейіннің бір ереже басқа
ережеден гөрі көбірек түсетіні қалыптастыратын әрекеттер жүйесі бұрын
пайда болған әрекеттер жүйесін басады не ығыстырады, бір жүйенің басқа
жүйенің үстінен қызмет етуі жеке тақырыптарды өтуде байқалады.
Егер оқушы пунктограмманы табуда ережені қолдануды үйренсе, онда
дағдыны қалыптастырудың келесі кезеңінде өтілетін пунктограмманы
бұрынырақ өтілгендермеғн байланыстыратын жаттығуларға кезек беруге
болады.
Жаттығулардың бірізділігі бұл кезеңде пунктограммалардың
ерекшелігімен анықталады.
Егер пунктуация құрылымда бір жүйедегі бірнеше ережелермен
берілсе, алдымен осы жүйедегі материалмен талданады (мысалы, бірыңғай
мүшелерде, оқшауланған анықтауыштарда тыныс белгілердің пайдалануы
содан кейін тақырып бойынша салыстырмалы пунктуациясы ұқсас негіздегі
жаттығулар орындалады).
Мысалы, оқшауланған айқындауышты меңгеруде дидактикалық
материалға оқшауланған анықтауышқа байланысты мысалдарды ендіру
дұрыс болады, ал салалас құрмалас сөйлемде тыныс белгілерін қолдануды
47
бірыңғай мүшелер пунктуациясымен салыстыруға болады.
Бір жүйедегі не ұқсас жүйедегі ережелер шеңберінде материалды
пысықтауда норма анықталатын жалпы шарттарды, олардың байланысы мен
басқа ережелермен ұштасуын білу керек және олардың нақты сөйлемдердегі
норма шарттарын білу, талас нормалармен салыстыру икемділіктерін
қалыптастыру керек.
Пунктуациялық дағдының автоматтану дәрежесі көбіне сөйлемді
грамматикалық талдауда анықталады, оқытудың бұл кезеңінде
грамматикалық фактілер мен тыныс белгілерді қолдануға негізделген
жаттығулардың маңызды екенін айту керек. Мұндай жаттығуларға
пунктуациялық талдау, диктант түрлері және де басқа дайын мәтінмен
жұмыстар жатады.
Диктант барысында оқушы негізінен сөйлем құрылымына назар
аударады, оны мұқият талдайды, тыныс белгілерін қолдануды негіздейді.
Психологтардың айтуынша, «қалай жазу керек?» деген сұраққа арналған
жаттығулар басқа жұмыс түрлеріне қарағанда оқушылардың көрегендігін
дамытады.
Дайын мәтін бойынша жүргізілетін жаттығулар оқушылардың тіліне
жаңа синтаксистік модельдер ендіріп, пунктуациялық нормаларды белсенді
түрде меңгеруге септігін тигізетін жұмыс түрлерімен толықтырылуы керек.
Бұған графикалық сызбалар, сөйлемдер құрылысы, шығармашылық және
еркін диктанттар жатады десек болады.
Пунктуациялық дағдылардың қалыптасуы шығармашылық
жұмыстарды орындаумен аяқталады. Дағдыларды біржолата қалыптастыру
және оны тексеру тек тыныс белгілерін қоюдағы мақсат емес, ол жұмысты
орындаудың шарты деп алынған жаттығуларды орындау барысында
жүргізіледі.
Сонымен, пунктуациялық икемділік пен дағдыларды қалыптастыруға
арналған жаттығулар жүйесін анықтауда жұмыстың жалпы бағытын,
бірізділігін ғана емес, сонымен бірге жаттығулардың дұрыс сәйкестігін
белгілеу қажет. Жүйе компоненттерінің көлемі мен жеке жұмыстарды жүргізу
уақытының сәйкестігінің бұзылуы пунктуациялық ережелерді меңгеру
деңгейін төмендетеді, пунктуациялық дағдыны қалыптастыруға кедергі
жасайды.
Жаттығулар жүйесі жайында әңгімені аяқтай отырып, оның құрамына
кіретін элементтердің өте орамды, жылжымалы келетінін және оның
пунктограмма ерекшелігіне, синтаксистік материалға, пунктуациялық ереже
ерекшеліктеріне , дағдының қалыптасу кезеңіне т.б. қатыстылығына баса
назар аударылады.
Дұрыс жаза білуге дағдыландыру үшін оқушы әрдайым өтілген
ережелерді еске түсіріп, оны орынды жерінде қолдана білу мүмкіндігіне ие
болуы керек. Дегенмен қазақ тіліндегі сөздің барлығы бір ұстанымда жазыла
бермейді. Мысылы: Аманкелді, Ботакөз, Жанпейіс деген кісі аттарын
морфологиялық ұстаныммен түбірін сақтап жазуға дағдылансақ, жаздыгүні,
бүрсігүні сияқты сөздерді тек естілуінше жазамыз. Сондықтан оқушылар
48
көбінесе жалпы ережені сақтап, сөздерді естілуінше жазып қате жіберсе,
естілуінше жазылатын сөздерге сүйеніп, түбірін сақтап жазатын сөздерді
қате жазатын кездері де жиі кездеседі. Сол себепті 6-сыныпта сауатты
жазудың осындай қиын жақтарына назар аударылады.
Сонымен, сауатты жаза білуге үйрету жұмысының дұрыс жүргізілуі
үшін мұғалім оның түрлеріне айрықша мән бергені жөн. Олар:
1) әріп емлесі;
2) дефис қою;
3) сызықша қою;
4) сөздердің бірге жазылуы.
Бұл ережелердің оқушыларға түсіндірілуі оқулықта әрбір тақырыпта,
тілдік категорияға байланысты берілген. Өйткені олардың бірі фонетика
бөлімін өтуде түсіндірілсе, бірі сөздің жасалу жолына қарай, екіншісі
морфологиялық категориясына тікелей байланысты.
Дегенмен орфографиялық жұмыс тек тиісті тақырыптарды өткенде
ғана ескерілмей, қайталау сабақтарында үнемі қорытынды жасалып
отырылады. Сонымен бірге орфографиялық дағдыны жүйелі қалыптастыру
үшін V-VІІІ сыныптарда оқылған орфографиялық ережелерді қайталау
жүргізіледі.
Мұндағы мақсат-орфографиялық ережелерді оқушылардың естеріне
түсіріп, сауатты жазу дағдыларын бекіте түсу. Көпшілік жағдайда
оқушылардың жазба жұмысында кететін кателердің көбі орфографиялық қате
болып келеді. Себебі өзге тақырыптарды өту барысында орфографияға көп
мән бере бермейміз. Бағдарлама мен оқулықтағы орфографиялық қайталау
сабақтарында барлық V-VІ сыныптарға ережелерді еске түсіріп, сабақ үстінде
жаттықтыруға мүмкіндік болмайды. Күнделікті сабақ барысында (қандай
тақырып өтілмесін, жаттығу орындағанда болсын) оқушылар өтілген
материал-ережелерге сүйеніп сауатты жазуға дағдылануға тиіс. Дегенмен
орфографиядан қайталауға мұғалім тек қате кездескен жерде ғана еске
алмай, оқушылардың қандай ережеге баса көңіл аударуы қажет екенін күні
бұрын белгілеп, оны күнделікті сабақпен қабыстыра жүргізу әдісін
ойластыруы керек. Айталық, әріптер емлесі, негізінен V сыныптарда өтіледі.
V сынып оқушылары әріптер емлесін кезінде толық түсініп алды деген
күннің өзінде оның оқушы үшін қиындықтары толып жатыр. Тек емле
ережелерін білу, оны айтып бере алу оқушының сауатты жазу ережесін естен
шығарып , көптеген қателер жіберетіні тәжірибеде байқалып жүр. Сондықтан
әрбір емлесі фонетика саласында ғана емес, морфологияны оқытуда да
ескеріліп отырылу керек. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |