берілген шағын орфографиялық сөздіктің де мақсаты осы. Онда оқушыларға
қиын-ау деген сөздер арнайы теріліп жазылған. Бірақ бұл шағын сөздік
оқушылардың қажетін толық ақтауы мүмкін емес. Өйткені оқушыларға
өздеріне жазылуы қиын сөздерді қарап отырудың пайдасы болғанымен,
қандай заңдылыққа сүйеніп жазылғанын еске түсіру қиын. Сондықтан да
белгілі бір сөздің жазылуын сөздіктен қарап білгенмен,
оған ұқсас
жазылатын сөздерді өздерінше дұрыс жаза алмауы мүмкін. Сол себептен
әрбір тіл категориясына қатысты теориялық мәлімет берілгенде
оқушылардың орфографиялық білімі мен дағдысын жетілдіре түсуге
қолайлы жағдай жасалып, тыныс белгілермен байланыстырыла үйретілу
тиімді.
VІІ сынып оқулығында әрбір сөз табынан кейін олардың емлесіне
(мысалы: үстеу
сөздердің емлесі, шылау сөздердің емлесі) арнайы
тақырыптар берілген.
Бұл емле ережелері үстеудің не шылаудың ғана жазылу заңдылығы
ретінде түсіндіріледі. Жалпы алғанда, сол категорияға(үстеуге т.б. ) тән
жазылу ережесі екені рас та, бірақ оның
басқа тақырыппен ұштасып
жататынын кейде ескерілмейді. Мысалы: дефис арқылы жазылатын сөздер
тек үстеу немесе еліктеуіш сөздің емлесі емес, қос сөздің жазылу тәртібіне
бағынып жазылады. Сондықтан емлені түсіндіргенде үстеулердің қос сөз
түрінде кездесетінін, соған байланысты олар дефис арқылы жазылатыны
түсіндірілсе, оқушылар
мәліметті әлдеқайда нақты, дәлелді ала алады.
Оқушылардың орфографиялық қателерін тексергенде, мұғалімнің әр
уақытта ескеруі тиіс бір мәселе бар. Ол – бірге не бөлек жазылатын сөздердің
ара-жігін ажырату қиындығы. Қазақ орфографиясын жетілдіру барысында
сөздердің бөлек не бірігіп жазылуы жөнінде жасалған ереже бар. Дегенмен
бұл мәселеде, оқушыларды былай қойғанда, лигвист-ғалымдардың өзі толық
бір шешімге келген жоқ. Сондықтан мұғалім бұл жөнінде тым қатал болмауы
керек. Ол үшін мұғалім сол сыныптың баласы қандай білім, дағды алды, қай
сөздердің жазылуында қиындық кездестірді дегенді қатаң ескеруі қажет.
Өйткені сөздердің грамматикалық
мағыналарын игермей, сөйлемдегі ойды
игере алмайды. Ал сөйлемдегі ойды дұрыс игермесе, ондағы сөздер мен сөз
тіркестерінің мәнін дұрыс анықтай алмаса, онда сөйлемнің тыныс белгілерін
де игере алмайды.
Пунктуациялық икемділік пен дағды беруде оқушылардың
стилистикалық біліктілігімен де байланысты жүргізіледі. Оқушыларда
орфографиялық, пунктуациялық қатеден басқа стилистикалық қате кездеседі.
Алғашқы екеуіне көбірек көңіл бөлінеді де,
соңғысына талдау аз
жасалынады. Бұның басты себебі стилистикалық қатенің болуы неліктен,
себептері неден екеніне осы кезге дейін мұғалімдердің өзі аз көңіл бөледі.
Мұның салдарынан оқушылар ондай қатенің бар екенін білгенмен, оны
болдырмаудың жолын білмейді. Көп жағдайда, бұл қате сөйлемді дұрыс
құрмаудан деп түсініледі. Бірақ ол – жалпы айтылған сөз. Ал шындап
келгенде, бұл қатенің болу себебі әр түрлі. Сондықтан VІІ сыныптың өзінде
мазмұндама мен әр түрлі шығарма жазуға
дағдыланатындықтан мұғалім
50
арнайы сабақ арнамағанымен, әрбір стилистикалық қате кездесетін себепті
сабақпен байланыстырып отырмаса, оқушы дұрыс-бұрысын ажырата
алмайды.
Оқушылардың жазба жұмыстарында кездесетін стилистикалық
қателерді пайда болу себебіне қарай төртке бөлуге болады:Мәселен, оқушы
сөздің лексикалық мағынасын толық білмегендіктен сөздердің қолданылу
аясын, басқа сөзбен тіркесу қабілетін жақсы ажырата алмайды да, олақ
сөйлемдер құрайды. Шындап келгенде, бұл
қателер мектеп
бағдарламасында оқылған лексика тарауын игермегеннен – сөздің тура,
ауыспалы, синонимдік т.б. мағыналарын жете түсінбеуден туады. Сондықтан
мұндай қатені
Достарыңызбен бөлісу: