талдау жасаудың орнынан «Орашолақ сөйлемдер кездеседі». Сондықтан
сөйлемді дұрыс құра алмау пунктуациялық қателерге ұрындырады.
Пунктуацияға байланысты бірсыпыра
ережемен оқушылар бастауыш
сыныпта және синтаксисті оқуға байланысты V сыныпта танысқан. Ал VІ-
VІІ сыныпта морфология тарауын оқығанда әр катеорияға қатысты тыныс
белгілерін қолдану жайымен танысып отырады. Бұған қарағанда, V
сыныптарда пунктуацияға байланысты білім дағдыларына көңіл бөлудің
керегі жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін.
Алайда қазақ тілін пәнішілік
байланыста өту және әрбір тілдік категорияны өткенде қатынас құралы
ретінде тілді пайдаланудағы оның негізгі бір тарауы – пунктуацияны VІІ
сынып материалдарынан шеттете алмайды.
ІХ сынып оқушыларымен тыныс белгілеріне байланысты қандай
жұмыс жүргізілуі керек? Біріншіден,
оқушылардың бастауыш және V
сыныпта танысқан тыныс белгілерін қолдану ережелерін еске түсіру арқылы
білім дағдысын ұштай түсу қажет болады. Бұл – айтылған жайт қай тақырып,
қай категория өтіліп, қандай жаттығу жұмысы жүрсе де, жазба жұмыстар
жүргізілсе де, еске ұстайтын нәрсе. Ал, екіншіден, кейбір категориялардың
синтаксистік негізде оқытылуына байланысты тыныс белгілерін түсіндірмей
болмайды. Мысалы, жалғаулық, демеулік шылау мен одағайды тыныс
белгілерін кірістірмей түсіндіру мүмкін емес.
Бұл екі мақсатты орындаудың өзінше қиындықтары бар.
Сөйлем
соңынан қойылатын тыныс белгілері оңай көрінуі мүмкін. Бірақ олардың
кейде орны ауысып жатады. Өйткені кейбір сөйлемдердің айтылу сазы сол
сөйлемнің құрылысына немесе құрамындағы сұраулық, демеуліктерге
қатысты болмай, бүкіл азат жолдағы, мәтіндегі мағынаға
байланысты болып
келеді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: