Көкке қарай беремін, осы қазір
Бір көкқошқар түсердей Алла атынан –
Аспан – Алла мекені толған аңыз,
Көкке қарап кейде, рас, қорланамыз.
Түсетұғын төрт кітап түсіп қойды,
Қоймай жүрміз жазуды сонда да біз
Аспанды тылсым сырға толы кіршіксіз рухтар мекені ретінде жырлаумен қатар ақын көңіл күйімен үндестіреді. Лирикалық қаһарманның әр алуан көңіл құбылысы да аспанмен байланыстырылған.
Мына бір жолдарда кейіпкер ойы мен таңғы аспанның мүлгіп тұруы қатар алынған:
Сыр бойында қараша ауыл өлеңінде:
Тұмарлы жыр тұрды ойымда,
Тұрды мүлгіп таңғы аспан
Ақ бұлақ ақпаушы еді тулап алмай өлеңінде:
Бір күлсе басыр аспан жылап тұрып
Жайылар көк жүзінде бір ақ түбіт
Аспанның қабағын ұзақ уақыт ашпаған мұңды қалпы да сезімтал ақын назарынан тыс қалмайды. Табиғаттағы құбылысты, күн райын адам көңіл күйіне тән құбылыспен беру осының мысалы:
Алматы. Көктем. Жауады жаңбыр тынбастан,
Қабағын ұзақ ашпайды кейде мұңды аспан
«Гүлтобылғы күзде ашады ақ гүлін»:
Қабақ түйді қара аспан
Қар жауары хақ бүгін
Еділ де боп, Жайық боп,
Ғайыптан бір күн тайып кеп
Маған қанат біткенмен,
Мен оны құсқа сыйлап жіберер ем бәрібір,
Айнам, аспан саған ғана лайық деп .
«Бозаңға біткен боз жусан»:
Тұрып алды зіл аспан тас төбемде,
Менде қандай бар еді алашағы.
Неге қату қабағы салбыраған
Мүмкін айтар арызы бар ды маған.
Неге мені тым жиі шақырады
Қара қыжым пердеден арғы ғалам?!
«Қара қыжым пердеден арғы ғалам» болып суреттелген аспан тылсым сырға, құпияға толы мекен екені дәстүрлі халықтық дүниетанымды жаңғыртады.
Ғалам да ғалам ғаламнан ай өлеңінде:
Ғалам да ғалам ғаламнан ай,
Аспанды ғана көрем де,
Құлдық деймін ғаділдігіңе жан Аллам ай,
Періштелер мен құстар жүрген соң төбемде.
Біздің түркілік түп бейнелер санатындағы түйе мен жылқы түліктері ерен күш пен беріктіктің, төзімділіктің, ұшқырлықтың символы ретінде де кең таралған. Түйе түлігі ақын өлеңдерінде жиі кездеседі. Бірқатар өлеңдері тұтасымен осы киелі жануарға арналған.
Есенғали өлеңдерінде сандық өркеш, сары нар, шабынған үлек, ақ мая, кер үлек, қара бура ерен күштің, текті намыстың бейнесі болып жырланады.
Аспанда көшкен бұлттар легін:
Күркіреп бұлттар желер әрлі берлі
Жараған жазғытұрым буралардай
«Ақ бұлақ ақпаушы еді тулап алмай» өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: |