«Жаратылыс ғажайыптары» Апталықтың ашылуы "Қызықты кеш" Мұғалім



бет5/5
Дата09.05.2020
өлшемі27,53 Kb.
#66780
1   2   3   4   5
Байланысты:
қызықты кеш

Уран 7(Алмат)
"Құмырсқа құрлы шамалары" жоқ.
бос сөз айтып бөсесіңдер,
Ретсіз көкисіңдер,
Ашуға мінсем шыңдап,
Қыр-р-р-амын мыңдап,

Қорғасын 8(Сымбат)

Қойдың сүтін мадақтап,


Теңейді халық біздерге,
Оқ жасайтын қасиетім,
Таныс бүгін сіздерге.
Сырым көп әлі ашпаған,
Жол табыңыз іздеуге

Алюминий 9(Нұржауған)
Құйма мен қазба байлықпын,
Тоқ жүретін бір ағыс.
Ыдыс-аяқ жағына,
Қосып жүрмін ұлан іс

Бром 10(Еркебұлан)

Сасықтығы бромдай


Істері жүр бір оңбай.
Деген өлең жолы бар,
Айта берсең өкпе көп,
Кино,сурет аулында
Араласамын жарқылдап.
Органикалық синтезде
Жүремін ылғи салқындап.

Калий 11(Аяжан 9кл)

Бірінші рет үлкен периодтан,

Кіші периодқа ауысушы

Бір электронды беріп,

Соңғы қабатты тасушы

Калий деген атым бар

Атыма сай затым бар

Жасанды каучук өршіткісі,

Мына менмін қараңдар!

Тыңайтқыш та, сабын да,

Боламын мен жараңдар!

Сынап 12(Айдарбек)

Сынаптай жылтыр екенсің,

Деген сөзге наныңыз,

Қажетімді санасаң,

Жетпей қалар саныңыз.

Фотограф, медиктер,

Электриктер достарым.

Улылығым тағы бар,

Қасиетімнің қос бәрін.

Платина 13(Ерқанат)

Сүйрік тілді элемент көп

Сүйінетін кіл отына

Жеңіл ойлық мен емес, тек

Жеңілмейді платина.

Күміс 14(Саламат)

Мақтанасың сен ғана жер бетінде,

Ғажайып бор металдай келбетінде,

Түсің, түрің, қадірің, қасиетің

Келер ме екен менімен теңдесуге?!

Сабырлысың күмістей

Салмақты деп мақтайды

Мен тұрғанда аппақ боп.

Қарап саған жатпайды

Жарыста, топта озғанда,

Тағады мені төсіне

Алтыннан басқа алдыма

Түсетінің жоқ шығар

Мақтанбайын несіне



Кальций 15 (Гүлнафис)

Кальций деген күміс түсті металмын

Өмір бойы керегіңе жете алдым

Менмін-ақ бор, әктас, мәрмәр ғанамын

Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем.

Артық болмас "жер металы мен десем"

Ғарыштағы ракетада ұшақтан

Қолтаңбамды табасың сен іздесең.

Жануардың бақалшағы, қаңқасы

Жер бетінің минералды әр тасы

Сан құрылыстың сәулеті, негізі

Қаланады менен ғана ойланшы



Химик 16(Иманғали)
"Сен бе алтын мақтанған,
Өзгермеймін-деп шаттанған".
Немене сонша кергисің,
"Патша арағына" ерисің.
Ал,элементтерім!
бос таласты қойыңдар,
Қысқасы бәріннің де өз орның бар.
Дүние түгел сендерден құралады,
Білімді ғана мұны ұға алады!(Бәрі қолдарын ұстап иіліледі)

Сезім ортаға шығып элементтерден ағылшынша адам аттарын жазуға болатынын айтып өтеді.



Мұғалім: Бұл басы ғана достар!Көретін қызықтар әлі алда!Апталықта бәрі бар-жарыстар,сурет,сайыстар....Тамашалап,белсенді ат салысып,білімді жастар екенімізді көрсетейік!

Осы элементтер Қазақстанның барлық жерлерінен кездеседі, ендеше ән "Қыдырып қайтайық" Орындайтын: Гүлнафис пен Сезім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет