Дәріхана ішінде Аурухана алдында
05.12.14 күні 1 желтоқсан Дүниежүзілік ИТИС-ке қарсы күніне орай
5-сынып оқушыларымен Карибаева П.С. «ИТИС-ғасыр дерті» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында интербелсенді тақта қолданылды. ИТИС немесе СПИД туралы оқушыларға көп мағлұматтар, ақпараттар берілді. ИТИС дегеніміз не? Ол қандай ауру, осы індеттің алдын қалай алуға болады?, қалай вирусты жұқтырады? Емі бар ма деген сұрақтарға пән мұғалімі жауап берді. СПИД-ке шалдыққан адамдардың суреттері, вирустың суреті яғни ішкі-сыртқы құрылысы көрсетілді. СПИД-ке шалдыққан қыздың оқиғасынан жағдаят ортаға салынып оқушылар тарапынан талқыға түсті. 5-сынып оқушылары өздерінің ұтымды да ұшқыр ойларымен тиянақты жауаптар қайтарды. ИТИС дертін бұрын-сонды естіп көрмеген 5-сынып оқушылары көбіне тақырыпты есірткі, ішімдіктің зияны туралы мәліметтерге қарай бұрып отырды. Сабақ соңында оқушылардың ішінен Алиясова Алтынай өзі шығарған «ИТИС-ке жол жоқ» тақпағын оқып берді. Сабақты оқушылар мұғаліммен қоса «Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген» әнімен аяқтады. Сабақ жақсы өтті, бірақ балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келмеді. Сабақта өте көп биологиялық терминдер қолданылды. 5-сынып оқушылары биология пәнін өтпегендіктен сабақты тереңірек түсіру балаларға қиындық тудырды. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақты түрлендіріп қызықты етіп, балалардың жас ерекшелігіне сай өткізу керектігін, сергіту сәті мен бейнебаяндар қолдануды ұсынды.
Сонымен қатар апталық аясында химия-биология мұғалімдерінің қатысымен ауызша журнал өткізілді. Ауызша журнал хим-биолог ғалымдардың өмірі мен атақты еңбектері туралы деректерге толы болды. Қамтылған сыныптар 8-9-10 сынып оқушылары.
Достарыңызбен бөлісу: |