Биология пәнінің мұғалімі Карибаева П.С. 6-7 сынып оқушыларымен бірге «Өсімдіктер әлеміне саяхат» бейне көрінісін тамашалады. Бейне көріністе әлемдегі таңғажайып өсімдіктер олардың тіршілік ету ортасы көрсетілді. Бұрын-сонды мұндай ерекше өсімдіктерді көрмеген оқушылар ерекше қабылдады. Әсіресе, қанды тіс, Қытайлық адамға ұқсас «картоп адамын» көргенде ерекше күлкіге кенелді. Бұдан да басқа түрлі өсімдіктер өздерінің ерекше сырт келбетімен шыбынжұт, Рафлезия Арнольди, айдаhар ағашы балалардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Таңғажайып өсімдіктерді көруде
08.12.14 күні 7 cыныпта биология пәнінен «Өзен шаянының құрылысы, тіршілік ету ортасы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Кәріп С.М.-жоғары санатты ұстаз. Сабақ ынтымақтастық атмосферасымен құрылды. Оқушылар топқа бөлініп отырғызылды. Бағалау парағы таратылды. Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «ой қозғау» ретінде әр топқа тест тапсырмалары таратылды. Оқушылар тест тапсырмасын орындап болысымен көршісімен бөлісу: бір-бірінің дәптерлерін тексеріп, топ басшысы бағалап өтті. 1-топқа жақсы көрсеткіші ретінде смайлик берілді. Келесі тапсырма әр топтың алдында жатқан тапсырмалардан сөйлем құрап Жаңа тақырыпты анықтау болды. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім «бүгінгі сабағымыз не туралы?» - деп ой тастады. Ал оқушылар бір ауыздан «шаян туралы» -деп жауап берді. Сабақтың келесі кезеңі «мағынаны тану» деп аталды. Әр топ өздеріне бөліп берген сөйлемдер бойынша яғни өзен шаянының сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, тіршілік ортасы, асқорыту, зәр шығару мүшелері туралы сөз қозғады. 1-топтың топ басшысы тақтаға шығып интербелсенді тақтадағы шаянның сыртқы құрылысын өте жақсы түсіндіріп өтті. Осы топтың мүшесі Нұрлан атты оқушы шаянның жүзбе қанаттарының қандай қызмет атқаратынын тереңдетіп айтып шықты. Сөзі де ойы да жинақы сабаққа жақсы қатысып белсенділік танытып отырды. Ал 2-топ шаянның ішкі құрылысын асқорыту, жүйке жүйесі және жыныс мүшелері туралы Нұрәсем сипаттап өтті. Нұрлан осы кезде де топтан суырылып шығып Нұрәсемге көмекке келді, ол тепе-теңдік сақтау, сезіну мүшесі мен шаянның үлкен мұртшасы мен кішкентай мұртшасының қызметін айтып суреттен көрсетті. Келесі кезекте тақтаға 3-топ басшысы Лейла қорғап, Дильназ көмекке келіп шаянның тыныс алуы желбезектері арқылы жүзеге асады деп көрсетті. 4-топ шаяндардың тіршілік ортасын, қозғалуын, адам өміріндегі маңызын айтып өтті. Дана мен Мадина шаянды теңіз, мұхит жағалауында тұратын халықтар ас-тағам ретінде қолданатындығын айтты. 2-топ мүшелері осы тақырып бойынша қосымша мәліметтермен толықтырды. Мұғалім тарапынан да әр топқа көмектер көрсетіліп тұрды. Сабақ соңында әр топқа мұғалім постер таратып шығып «Болашақта шаянның бейнесі қандай болады» -деген ой тастады. Әр топта бос отырған оқушы болмады барлығы жұмыла жаңа сабақта меңгерген ақпараттарды постерге түсіруге асықты. Белгіленген уақыт аяқталып әр топ тақтаға іліп түсіндірді. Ең түрленген шаян 1-топтың шаяны болып шықты. Олар салған шаянның сырт құрылысы мүлдем ерекше. Сабақ аяқталып белсенді оқушылар білімдеріне сай бағаланды. Сабақ өте тартымды қызықты болды, топтық жұмыста оқушылардың белсенділігі бар, бірақ қалыптаспаған.
Достарыңызбен бөлісу: |