Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі



Дата30.01.2017
өлшемі195,27 Kb.
#8354
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының

«№18  Ш.Уәлиханов  атындағы  жалпы орта мектеп»

коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

                              Сеитқұлова Гүльмира Құнанбаевна                


         Ашық сабақ. 1-сынып

                      Сабақтың  тақырыбы: Құстар. Үй құстары.


Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының

«№18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп»

коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Сеитқұлова Гүльмира Құнанбаевна

Ашық сабақ. 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру,оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;

Ә) дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін,тілін,құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.

Б) тәрбиелік: Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың әдісі: түсіндірме,сұрақ-жауап,ойын түрінде тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа ұйымдастырып, назарын аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер туралы түсінгенін айту.

Сұрақ-тапсырма:

1.Жануарлардың тобын ата.

2.Дала жануарларын неге «жабайы аңдар» дейміз?

3.Бірнеше жабайы аңдарды ата.

4.Үй жануарларын ата.

5.Үй жануарларының қандай пайдасы бар?



Психологиялық жаттығу

-Бүркітке не жарасады? (самғаған ) қолдарын жазып көрсетеді

-Шегірткеге не жарасады? (секірген)

-Ақ тауыққа не жарасады?(шоқыған)

-Ақылдыға не жарасады?(оқыған)

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Тақырыппен таныстыру

Бүгін сабағымызда құстар жайлы әңгімелейміз.

Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды.Олар табиғаттағы тіршілік ету ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады: үй құстары, жабайы құстар.



«Адасқан құстар» ойыны. Әр топтағы құстарды дұрыс топтастыру

Жабайы құстар Үй құстары

Бүркіт Әтеш

Тауық Тырна

Аққу Үйрек

Қаз Шағала

Тоқылдақ Түйетауық
«Қыран» сөзжұмбағын шешу. Құстардың атын біліп, оларды ажыратып, тану.

1.Елдің әні,

Көлдің сәні

2.Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады

3.Бейбітшілік құсы-...

4.Алшаң-алшаң басады,

Бірін-бірі көрсе қаңқылдасы

5.Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап



«Кім зерек?» ойыны.Суреттің жартысын көру арқылы қай құс екенін ажырату

1.бүркіт 2.тауық 3.түйетауық 4.қарлығаш 5.аққу



«Аққу» ойыны. Тез ойлап адамның есімдерін атап, мағынасын түсіндіру.

Елдің әні, көлдің сәні, ең сұлу құс ол – аққу. Бұл құс жұбымен жүретіндіктен, жас жұбайларды аққуға теңейді.



Қыз есімдері Ұл бала есімдері

Ақ..... Қу......

Ақ..... Қу......

Ақ..... Қу......

«Жоғалған буындар» ойыны. Білімдерін сынап, байқап көру. Құстардың аттарын атап, қай топқа жататынын анықтап ажырату.

Үй-...,са-...-қан,та-...,қар-..,бұл-...,тор-...,тыр-..,бүр-...,ба-..-пан

Құс аттарына байланысты қойылған есімдер туралы түсінік беру.

Бұлбұл, Бүркітбай, Мекен, Шағала, Торғай, Қаршыға, Сандуғаш, Сұңқар

«Құстар қалай дыбыстайды» ойыны. Құстардың дыбыс шығаруына қарай ажыратып, атын атау.

1.қораз 2.тауық 3.бұлбұл 4.көкек 5.қарға 6.қаз 7.қарлығаш



IV.Сабақты қорыту, бекіту, бағалау.

-Құстардың қандай түрлері бар?

-Жабайы құстарды ата

-Үй құстарын ата



-Құстардың қандай пайдасы бар?

V.Үйге тапсырма

«Қанатты жануарлар» - құстар туралы оқып,түсіну. Олардың тіршілігі жайында мағлұматтар жинау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет