Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: KT 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: : Жүсіпов С. – доцент, т.ғ.к.
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.
Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.
2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.
3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992
5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992
6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993
7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.
9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992
10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990
11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.
12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж
13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г
14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж
15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г
16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1102
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші : Есиркепова А.У – аға оқытушы
Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:
информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;
студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;
студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.
Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.
2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.
3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.
4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.
5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.
6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.
7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.
Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму – 2 кредит
Пәннің коды: Etd 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Ауезова Н.С. – аға оқытушы, б.ғ.к.
Курстың мақсаты: Қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғыну мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Деректемелері/Пререквизиттері: Биология
Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия).
Ұсынылатын әдебиет:
1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.
2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.
3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы,2001ж.
4. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г
5. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г
6. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г
7. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык
Код дисциплины : K (O)t-1102
Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент
Год обучения : 1-год обучения
Семестр обучения : 1,2
Количество кредитов: 6
Ф.И.О.лектора/профессора: Амиралиева Б.С. - аға оқытушы
Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв ре-чевой деятельности: беседа, описание, информирование.
Пререквизиты:
Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.
Рекомендуемая литература:
1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.
2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.
3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.
4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.
5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.
6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.
7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.
8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.
Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.
Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач
Язык обучения : русский
Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі
Пәннің коды: ShT 2108
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1, 2
Кредит саны: 6
Дәріс беруші: Диуанова Р.- аға оқытушы, филол.ғ.к.; Макашева А.П. – аға оқытушы, п.ғ.к.
Курстың мақсаты: Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті, өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан ақпарат беріп, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялауды іске асыру.
Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім алушылардың шет тілі курсынан мектеп бағдарламасы аясында меңгерген біліктіліктерін және ауыз екі тіліндегі сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын ескеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет ел тілі курсын меңгеру барысында студент төмендегі талаптарды меңгеруі тиіс:
фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде, дұрыс айту;
орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі;
лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;
грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.
Ұсынылатын әдебиет:
Inside out Grammar companion (Elementary), 2007
А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005
К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000
Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.
Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.
Бағалау әдісі: Баллдық-рейтинг жүйесі (ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан)..
Оқу тілі: ағылшын тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Пәннің коды: PMK 1201
Пәннің типі: Базалық, міндетті пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 1
Дәріс беруші: Әмреева И. - оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі
Курстың мақсаты: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролін, педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде екенін, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасын түсіндіру.
Курстың/пәннің мазмұны: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролі. Педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынас жасау мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметінің құрамдас бөлігі ретінде. Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Я.А. Коменскийдің педагогикалық концепциясы. Шет елдердегі білім беру жүйесі мен педагогика. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. Кеңес дәуірінде білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының қалыптасуы. Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой. Ы. Алтынсаринның, Ш. Уәлихановтың және Абай Құнанбаевтің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметтері. Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған педагогтардың идеялары мен қызметі. Қазақстан Республикасында білім берудің қазіргі даму бағыттары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992
3. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Астана.- 2003 ж
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.
5. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж
6. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж
7. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адам дамуы
Пәннің коды: PАD 1204
Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Шеримова Ә. - аға оқытушы
Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: -
Курстың/пәннің мазмұны: Психология ғылымына кіріспе. Жалпы психология пәні, оның зерттеу әдістері. Психикалық зерттеудің әдістері. Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары. Психика – психологияның зерттеу заты. Сана мен психиканың дамуы. Сана және өзіндік сана. Тән және жан. Жеке адам психологиясы және іс-әрекеті. Іі-әрекетті жалпы психологиялық сипаттар. Адам іс-әрекетінің заттылығы, мақсат көздеушілігі мен саналығы. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Индивид, суъект, жеке адам, даралық түсініктердің ара қатынасы. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым –қатынасының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары. Қарым-қатынас писхологиясы. Түйсік туралы жалпы түсінік. Қабылдау. Ес туралы түсінік. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Қиял туралы түсінік. Жеке адамның даралық –психологиялық ерекшеліктері. Темперамент. Мінез туралы түсінік Қабілеттілік туралы теориялар. Сезім. Ерік.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Алдамұратов Ә.. Жалпы псхология. Білім, 1996.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы – 1996ж.
3. Аймауытов Ж.. Психология Алматы, 1994ж.
4. Жарықбаев Қ.. Жантану негіздері, Алматы 2002.
5. Тәжібаев Т .Психология
6. Успанова З. У., Дәрібаева С. Қ., Нармұқаш А. Қ Жеке адамның типологиялық дара ерекшеліктері. Алматы,1998ж.
Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы жертану
Пәннің коды: ZhZh 1201
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1,2
Кредит саны: 4
Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі
Курстың мақсаты: «Жалпы жер тану пәні» әр түрлі профилдегі мамандарды дайындауға ең негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер жалпы планеталық табиғи кешен болып табылатын географиялық қабық туралы түсінікті ұғына отырып,аталған қабықтың құрлысымен және оның уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарымен кеңінен танысатын болады. Бұл таныстық географиялық қабық өзінің даму барысы нақтылы заңдылықтармен түсіндірілетін бірегей де дербес кешен ретінде қарала тұрса да, ол әр түрлі құрам-бөліктердің, яғни атмосфераның, гидросфераның, литосфераның, сол сияқты тірі заттардың бір-бірімен байланыста және бір-біріне бағынышты түрде өрбитіндігін ұғынумен орайласады. Географиялық қабықтың территориялық жіктелуі жайлы мәліметтер де нақ осы курс ауқымында ашылып көрсетіледі. Бұл курспен танысу өзара байланысты және өзара бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және жетілдіре түседі.
Деректемелері/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму, биологияға кіріспе
Курстың/пәннің мазмұны: Әлем кеңістігіндегі Жер: пішіні, қозғалыстары және оның географиялық салдарлары. Жердің ішкі құрылысы және шығу тегі. Жер бедері. Жер бедерінің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Жер бедерінің жылу мен ылғал таралуына ықпалы. Атмосфера, оның құрамы мен құрылысы. Күн радиациясы; радиациялық және жылулық баланс. Жердің жылулық режимі. Атмосферадағы су. Ауа қысымы, желдер және олардың сипаттамасы. Атмосфераның жалпы айналымы. Ауа райы туралы түсінік. Жер климаттары. Гидросфера. Дүние жүзілік мұхит және оның құрамдас бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Су айналымы және мұхиттағы басқа су қозғалыстары. Мұхит-атмосфера біртұтас жүйесі. Құрлық сулары. Биосфера, оның шекаралары, құрамы мен құрылысы. Атмосфера, литосфера және гидросфера дамуындағы тірі заттың ролі. Зат пен энергияның биологиялық айналымы. Географиялық қабық, оның шекаралары, құрылысы, сапалық көрсеткіштері, негізгі даму кезеңдері. Географиялық қабық заңдылықтары. Ландшафттар туралы түсінік. Географиялық орта және қоғам. ҒТР заманындағы адамзаттың экологиялық проблемалары. Ноосфера туралы түсінік.
Ұсынылатын әдебиет:
Неклюкова Н.П. Жалпы жертану. –А.: Мектеп, 1980
Магидович И.П. Очерки по истории географических открытий. –М.: Просвещение, 1975
Бакиров Т. Жалпы геология. –А., 1996
Методические указания по материалам «Общее землеведение». –А., 1990
Фурсина Ф. Материктер мен мұхиттар географиясы. –А., 1990
История геогрнафических открытий. Изд. Первая сентября. 2003
7. Радионова И.А. Глобальные проблемы человечества. –М. 2003
Сабақ беру әдістері: лекция, оның түрлері: визуальды лекция, миға шабуыл лекциясы, демонстрациялау арқылы, мультимедиялық құралдарды пайдалану көмегімен жүргізілетін лекциялар т.б.; зертханалық сабақтар нұсқау, басшылықтар және демонстрациялау әдістері арқылы іске асырылады.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Геология
Пәннің коды: Geolog 1202
Пәннің типі: базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Дүйсенбаева А.Қ. – академиялық доцент
Курстың мақсаты: студенттерге Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңде, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді
Достарыңызбен бөлісу: |