Жаратылыстану факультеті


Сонымен, қорыта айтқанда, генетикалық кодтың мынадай ерекшеліктері бар



бет10/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.

Сонымен, қорыта айтқанда, генетикалық кодтың мынадай ерекшеліктері бар:
1. Кодтың көптеген синонимдері, яғни бір амин қышқылының — аргинин, серин және лейциннің — әрқайсысының алтыдан кодондары бар; валин, пролин, треонин, аланин және глициннің төрттен; бір изолейциннің — үштен; фенилаланин, тирозин, гистидин, глутамин, аспарагин, лизин, аспарагин қышқылы, глутамин қышқылы және цистеиннің — екіден кодондары бар. Тек екі амин қышқылының (метионин мен триптофанның) жалғыздан кодондары бар.
Кодондардың алғашқы екі негізі тұрақты, ал үшіншісі төрт әр түрлі негіздердің біреуі болуы мүмкін. Соның ішінде үшінші орындағы пиримидиндік негіздердің (С немесе U) бірінен тұратын кодондар әрқашан синонимді, ал екі пуриннің (А немесе G) бірімен аяқталған кодондар кейде ғана синонимді болады. Бірден үш негіз бойынша айырмашылығы бар кодондар аз (мысалы, UCG және AGU екеуі де серинді коделейді).
2. Кодтың үш терминациялық кодондары бар: UAG, UAA және UGA, олар код кестесінде «stop» деп белгіленген; біреуі де ешқандай амин қышқылын коделемейді. Осындай кодондары бар синтетикалық полинуклеотидте Ақуыз синтезі олар орналасқан жерге дейін жүреді де, транскрипция процесі тоқталады. Егер мутация нәтижесінде терминациялық кодондардың бірі түзілсе, онда Ақуыз синтезі ерте тоқтайды. Мұндай мутация нонсенс-мутация деп аталады. Кейде терминациялық кодонды белгілеу үшін нонсенс—кодон атауы қолданылады. Дегенмен, «нонсенс» термині кодон үшін дұрыс емес атау, оның белгілі дәрежедегі мағынасы бар.
3. Кодтың жаба алмауы (көрші кодондардың ортақ нуклеотидтерінің болмауы): Мысалы, мРНҚ-ның АGCUGGCUА тізбегі АGC — GCU — CUG... (екі негіз бойынша жабылу), немесе AGC — CUG — GGC... (бір негіз бойынша жабылу) деп оқылмайды.
4. Кодтың универсалдығы: барлық тірі организмдерде — эукариоттар мен прокариоттарда және вирустарда белгілі бір кодонның нақты амин қышқылын анықтау механизмі бірдей.

1-сурет.




1-сурет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет