«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет54/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Бор постулаттары

Атомның құрылысын оқып үйрену кезінде атом үлгілері жасалды: жүзім салып пісірілген нан (Томсон үлгісі), бұл үлгіні - бөлшектердің заттан шашырап өту құбылысын зерттеу кезінде жасалған атомның планетарлық үлгісін жоққа шығарды. Әйтседе бұл үлгіде кейбір мәселелерді түсіндіре алмады. Мысалы, біріншіден классикалық теория заңдарына сүйенсек электрон ядроны айнала шеңбер бойымен үдемелі қозғала отырып, үздіксіз энергия шығындайды, нәтижесінде ол ядроға құлайды да, атом өзінің өмір сүруін тоқтатуы тиіс.


Шындығында атомдар орнықты ,ешқандай энергия шығындамай шексіз ұзақ өмір сүре алады.
Екіншіден осы үлгі бойынша атомның шығарған спектрі үздіксіз болу керек, шындығында атом спектрі сызықтық болып табылады. Сондықтан да Резерфорд ұсынған атом үлгісі одан ары зерттеуді қажет етті. Мұны 1913 жылы данияның ұлы физигі Нильс Бор жалғастырды.
Физиканың негізгі курсында кванттық теорияның дамуымен таныстыру Бор постулаттарын оқытудан басталады. Бор постулаттары физиканы оқығанда қарапайым атомның энергетикалық деңгейін түсінуге – сутегі атомының және теория жүзінде сутегі спектрінің толқын ұзындығына болжам жасауға мүмкіндік берді.
Бор Резерфорд ұсынған атом үлгісін қанағаттандыратын постулаттарды тұжырымдады.
Бордың бірінші постулаты (стационар жүйе постулаты): атомдық жүйе тек ерекше стационар немесе кванттық күйлерде ғана болады, олардың әрқайсысына белгілі бір энергия сәйкес келеді. Стационар күйде атом сәуле шығармайды.
Бұл постулатты түсіндіргенде: атомның энергиясы квантталады, яғни ол дискретті мән қабылдайды. Атомның энергиясы электрон ядроға ең жақын орбитамен қозғалған кезде ең аз болады.
Стационар күйдегі электронның қозғалыс орбитасы үлкен болса, оған стационар күйдің үлкен энергиясы сәйкес келеді.
Егерде оқушылар Бордың бірінші постулатын жақсы меңгерсе, онда екінші постулатын да тез ұғады.
Бордың екінші постулаты (жиіліктер ережесі): атом бір стационар күйден екінші стационар күйге өткенде бір ғана квант шығарылады немесе жұтылады. Оның энергиясы стационар күйлердің айырмасы арқылы анықталады:
(1)
мұндағы және - стационар күйлерінің нөмірлері. болғанда фотон шығарылады, болғанда жұтылады.
Шығарылған (немесе жұтылған) фотонға сәйкес тербелістер жиілігі мына формуламен анықталады:
(2)
Бұл постулат - М.Планк анықтаған, А.Эйнштейн дамытқан факті – сәулеленудің кванттық сипаттамасын дәлелдейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет