«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


-ДӘРІС. Тақырыбы: МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КУРСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
1-ДӘРІС.


Тақырыбы: МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КУРСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: неге оқытады, не үшін оқытады, қалай оқытады? Физиканы орта мектеп курсында оқытудың негізгі міндеттері мен мақсатын түсіндіру. Физиканы оқыту әдістерінің классификациясы.
Жоспары: І. Физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері: берік білім беру; қабілеттілік пен дағдыларды меңгеру; политехникалық білім беру мен біліктілікке баулу; сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру; ойлау мен таным қабілеттілігін арттыру; ұлттық патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым

  2. Физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  3. Физика курсын құру жүйесінің мүмкіншіліктеріне талдау жасау (1-2-ші оқыту сатысы).


1. Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
Мектепте білім беру ісінде физика пәнінің алатын орны, физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі маңызымен, оның ғылыми-техникалық прогрестің даму қарқынына шешуші ықпалын тигізетін және азамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде анықталады.
Физиканың табиғатты танып білуде, философияда, қазіргі кездегі техниканы танып білуде, сонымен бірге химия, биология, география астрономияда алатын орны ерекше. Сондықтан да физика мектепте политехникалық білім беретін пән болып табылады.
Бірнеше ғасырлар бойы физика математиканы тек өзінің есептерін шешу үшін пайдаланып келсе, енді физиканы пайдаланып математиканың сан алуан есептерін шешетін информатика-электрондық техника өсіп жетілуде. Басқа ғылымдармен тығыз байланысына қарай ғылымның жаңа салалары – астрофизика, биофизика, геофизика, космонавтика т.б. ғылымдар дамып келеді. Мектеп физикасы айналамыздағы дүниені танып білумен қатар дамытушылық және тәрбие беру қызметін атқарады. Сонымен физика пәнінің орта мектеп курсында алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Физика және астрономия» пәнінде физика курсының барлық бөлімдері қамтылған, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп аяқталған курс болып табылады. Мұнда оқушылардың болашақ мамандығына байланыссыз, физика ғылымының негіздері және оның қолданылуы берілген іргелі білім жүйесін қамтамасыз ететін базалық (негізгі) курс болып табылады.
1. Оқушыларға берік, толық білім беру – физикалық құбылыстар, негізгі заңдар, физикалық теориялар, басты тәжірибелер мен фактілер, заңдар мен құбылыстардың шығу тарихын, физиканы зерттеу әдістері және олардың өмірде қолданылуы;
2. Қабілеттілік пен дағдыларды меңгеру – физиканы оқытуда оқушылардың өз беттерімен шығармашылық түрде ойлауын дамыту, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру (мысалы, зертханалық жұмыстар);
3. Политехникалық білім беру мен іскерлікке дағдыландыру – оларды қоғамда пайдалы еңбекке баулу, физикадан алған білімдерін өмірде іске асыруын, мамандық таңдауға көмектесу;
4. Сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру – басқа пәндермен байланысын пайдалана отырып (мысалы: химия, астрономия, география, биология т.б.) физика пәніне оқушылардың ынтасын арттыру;
5. Ойлау мен таным қабілеттілігін дамыту – яғни, диалектика-материалистік танымын қалыптастыру, физикалық құбылыстардың материялдығын (мысалы: магнит, электр өрістерінің) құбылыстар мен заңдардың байланысының объективтілігін (шындығын), табиғатты тануда заңдылықтарды оқып-біліп, оны қолдана білу, қандай да болсын жаратылыстан басқа күштің жоқтығын, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптастыру;
6. Патриотизмге және интернационализмге тәрбиелеу, біздің қоғамдағы физика пәнінен алған білімдерін тек адамзаттың бақытты өмір сүруіне жұмсауын, халықтар арасындағы достыққа, эстетикалық тәрбие мен еңбекке баулу.
Осы айтылған мақсат пен міндеттерді негізгі пән физика және оны оқыту әдістемесі, педагогика, психологияны бір-бірімен байланыстыра отырып қана шешуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет