«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Дәстүрлі оқыту әдістер классификациясына



бет5/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Дәстүрлі оқыту әдістер классификациясына:
1. Сөздік әдістер – мұғалімнің материалды баяндап беруі (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу).
2. Көрнекілік әдістер – көрнекі құралдарды (жұмыс істеп тұрған машиналар мен макеттерді, техникалық қондырғыларды, схемаларды, суреттерді, чертеждарды, коллекцияларды) көрсету, оқу кинофильмдері мен диафильмдері, кинокольцовкалар мен кинофрагменттерді көрсету.
3. Физикалық эксперимент әдісі - мұғалімнің демонстрациялық тәжірибе жасап көрсетуі, оқушылардың тәжірибе және практикалық жұмыстары, зертханалық жұмыс, фронталь тәжірибелер, физикалық практикум, үй тәжірибелері.
4. Есептер шығару - әр түрлі типтегі есептерді шығару (сандық есептеу есептері, сұрақ есеп, сурет есептері, графиктік, сапалық есептер).
5. Оқушылардың өз беттерінше істейтін жұмысы - кітаппен жұмыс істеуі, карточкалар арқылы жұмыс істеуі және қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуі, зертханалық жұмыстар, зерттеу жұмыстары, шығармашылық жұмыстары, есептер шығаруы, коллекциялармен жұмыс істеуі және т.б.
6. Физикадан оқушылардың алатын білім дағдыларын, біліктіліктерін тексеру әдістері бақылау жұмысы, физикалық диктант, тест, карточкалар (берілген сұраққа жауап беру), зертханалық жұмысты бағалау.
Оқытудың осы классификациясы дәстүрлі сабақ беруде кеңінен қолданылады. Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында «Физиканы оқыту технологиялары мен әдістемелері», «Физика есептерін шығару әдістемесінің негіздері» және «Мектептегі физика экспериментінің техникасы», «Эксперименттік есептер шығару әдістемесі» атты пәндерде студенттерді дайындықтан өткізеді.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін жүзеге асырудың алуан түрлі тәсілдері бар. Мысалы, проблемалық оқыту әдісі, бағдарламалап оқыту әдісі, компьютерді пайдаланып оқыту әдісі, жүйелеп оқыту әдісі, деңгейлеп оқыту әдісі, модульдік оқыту әдісі, тірек конспектілерін пайдаланып оқыту әдісі және т.б. - дәстүрлі емес оқыту әдістеріне жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет