«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физика пәнін оқытуда «Проблемалық оқыту» әдісі



бет9/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Физика пәнін оқытуда «Проблемалық оқыту» әдісі

Соңғы жылдары «Проблемалық оқыту» әдісін қолданып білім беру іске асуда. Себебі, оқушыларды өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істетіп, білім беру үрдісі, саралап оқыту технологиясына байланысты көптеп қолданылады. Мұнда білім беру оқушылардың логикалық ойлауы және іздену іс-әрекеттерінің заңдылықтарына байланысты құрылады. Проблемалық оқыту әдісі дамыта оқыту бағытына сәйкес, оқушылардың шығармашылық және өздігінен танып білу қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.


Проблемалық оқытудың негізінде оқу проблемасы жатыр. Оның мәні оқушыға белгілі білім, шеберлік және дағдылар мен ұғыну және түсіндіру үшін бұрынғы білімдері жеткіліксіз болатын жаңа фактілер, құбылыстар арасындағы диалектикалық қайшылық. Бұл қайшылық білімді шығармашылықпен игерудің қозғаушы күші қызметін атқарады.
Проблемалық оқыту – жалпы оқыту атаулы сияқты екі жақты үдеріс. Ол бір жағынан проблемалық сабақ беруді (мұғалімнің қызмет аймағы), екінші жағынан проблемалық оқуды (оқушылардың қызмет аймағы) қамтиды.
Проблемалық сабақ беру (оқыту) – бұл мұғалімнің оқу проблемаларын алға қою және проблемалық жағдай жасау, оқушылардың оқу проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі.
Проблемалық оқу – бұл оқушылардың білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде ұйымдастырылған қызметі, бұл қызмет барысында оқушылар өздерінің алдына қойылған проблемалардың шешімін табуға қатысады.
Проблемалық оқытуды ұйымдастырудың мектеп оқушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар, өйткені проблемалық жағдай ойлаудан басталады.
Проблеманы шешу үшін өз білімін пайдалану оқушыларды оқуға ынталандырады, әрі ойлау қабілетін, зерттеу белсенділігін қалыптастырады және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады.
Проблемалық жағдай оқушылардың күнделікті өмірден алған, көріп білгендерінің, ғылыми түсініктермен сәйкес келмеген жағдайда пайда болады.
Проблемалық жағдайды – оқушыларды өтілетін материалдарға байланысты таңдандыру, болжау, дауласу, сәйкессіздік, анықтамағандық, қарам-қайшылық жағдайлары арқылы қоюға болады.
Таңдандыру – құбылыстар мен фактілерді келтіре отырып, күнделікті көріп жүргеннен өзгеше проблемалы мәселеге қатысты ой туғызу арқылы оқушыны таңдандыру. Мысалы, сәуленің сынуы, жылы бөлмедегі судың қатуы, суыту арқылы судың қайнауы және т.б.
Болжау – оқушыға өтілетін материалға байланысты әртүрлі болжамдар келтірте отырып, оларды өздігінен ізденуге үйрету. Мысалы, электрмагниттік индукция құбылысын өтер алдында Эрстед тәжірибесін көрсетіп, электр тоғының айналасында магнит өрісі болатынын дәлелдеп, енді керісінше магнит өрісін электр тоғына айналдыруға бола ма ? – деген болжам арқылы электрмагниттік индукция құбылысын түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет