«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Оқытудың ауызша баяндау әдістері



бет7/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Оқытудың ауызша баяндау әдістері

Сөздік әдістің жалпы сипаттамасы педагогика курсында толық беріледі. Сондықтан да, біз бұл жерде физика пәніне тән ерекшеліктерін ғана қарастырамыз.


Физика пәнінен оқытудың ауызша баяндау әдісі немесе сөздік әдіс деп мұғалімнің білімді оқушыларға сөз арқылы физикалық құбылыстарды демонстрациялап көрсетіп, графиктерді тұрғызып және талдап, кестелер арқылы жұмыс істеп, есептер шығарып және оны талдай отырып немесе көрнекі құралдарды көрсете отырып жеткізуі.
Сөздік әдістер мұғалімнің материалды баяндап беруі (дәріс, әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу), оқушыларды кітаппен (оқулықтар мен оқу құралдары, анықтама және басқа әдебиеттер) жұмыс істеуге үйретуі.
I. Әңгімелесу – мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге алып келетін оқыту әдісі.
Материалды әңгімелесу әдісімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибе жасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды.
Оқып үйретілетін материал бойынша қойылатын сұрақтар оқушыларды талдау жасауға ынталандыратындай, дәлелдеуді, ізденуді және өз бетімен қорытынды жасай алатындай, сұрақтардың тұжырымдамасы қойылуы жағынан нақты, мағынасы жағынан айқын, әрі қысқа болуы керек.
Атақты педагог К.Д.Ушинский «Жақсы қойылған сұрақта, жауаптың жартысы тұрады» - деп айтқан екен. Сұрақтар оқушылардың қарастырып отырған материалдан ең бастысын бөліп алуға және әртүрлі құбылыстар арасындағы байланысты табуға көмектесетіндей, бірақта оларға есіне түсіретіндей немесе ойға салатындай болмауы керек. Сұрақ түсініксіз немесе өте ұзақ, көптеген материалдарды қамтитындай болса, онда оны бірнеше бөлікке бөліп қойған дұрыс. Сұрақтары өте көп әңгімелесу де жақсы нәтиже бермейді.
Әңгімелесудің тиімділігі артады, егерде демонстрациялық көрсетулер мен көрнекілік материалдарды көрсете отырып жүргізілсе. Керек жерінде әпи, диа – және графопроектілерді, кинофрагменттерді, кесте және тақтаға сызылатын график, суреттерді (олар күрделі болмағанда, әңгімелесуге кедергісін тигізбегенде) сала отырып әңгімелесу өте жақсы нәтиже береді.
7-9 сыныптарда физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу әдісі-жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі.
Оны мынадай жағдайларда қолданады:
1) физикалық заңдарды демонстрациялық экспериментпен және жеке оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастыра оқып үйренген кезде;
2) физикалық құбылыстардың мәнін ашып-айқындау кезінде (тәжірибелермен ұштастыра);
3) физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында (тәжірибелерді демонстрациялау мен көрнекі құралдарды пайдаланумен ұштастыра);
4) жаңа материалды оқып үйрену процесінде оқушыларды белсендіру үшін бұрын өтілген материалды қайталау кезінде;
5) алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кезінде;
6) сол сабақта оқып - үйренген материалдың меңгерілу сапасын тексеру кезінде;
Көрсетілген жағдайларды әңгімелесу әдісі – негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет