«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Қазіргі кездегі мектеп курсындағы физиканы оқыту бағдарламасы



бет4/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
2. Қазіргі кездегі мектеп курсындағы физиканы оқыту бағдарламасы
Қазіргі кездегі мектепте физика курсы классикалық немесе жаңа физика (кванттық) болып екіге бөлініп оқытылмайды. Бұл екеуі бірігіп тұтас бөлім құрады. Сондықтан да, жаңа физиканың кейбір негізгі тәжірибелері, ұғымдары мектеп физикасына енгізілген. Классикалық физика қазір де өзінің танымдық практикалық маңызын жойған жоқ.
Мысалы, салыстырмалылық теориясын кванттық физиканы түсіндірген кезде макроскопиялық түрде адамның көз алдына елестете отырып түсіндіру мүмкін емес. Оны кейде адамның ойына сыйымсыз, қиял деп те қарайды. Мұндай материалды классикалық физикадан кейін түсіндірген кезде оқушылардың түсінуі қиындайды және де жетістіктерге жете бермейді. Сондықтан да, қазіргі кезде затты қарастырғанда оның құрылысынан бастайды. Алдымен оны молекулалық, атомдық, ядролық, электрондық тұрғыдан қарап түсіндіреді. Мысалы, жылу құбылысын қарастырғанда заттың молекулалық, электрлік құбылыстарда – атомдық және электрон ұғымы, жарық құбылыстарын түсіндіргенде – жарықтың электрмагниттік толқындық табиғаты және тағы басқалары қарастырылады.

3. Физиканы оқыту әдістерінің классификациясы
Мектептегі оқыту әдістері деп – мұғалім мен оқушылардың өзара байланысқан іс-әрекетінің тәсілдерін және мұның нәтижесінде оқушылар қажетті теориялық және практикалық біліктілік дағдыға ие болуын айтады.
Басқаша айтқанда, оқыту әдістері – білім беру мақсатына байланысты мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың белгілі бір қалыпқа түскен тәсілі.
Дидактиканың және физиканы оқыту әдістемесінің ұзақ уақыт бойы дамып жетілуіне байланысты оқыту әдістері мен олардың классификациясын жасаудың бірнеше әрекеттері болды. Бірақта барлық жағынан , логикалық жағынан жетілген, жеткілікті түрде дәлелденген және барлық пәндерге ортақ мойындалған әдістер классификациясы жоқ. Себебі әр пәннің өзіне тән оқыту тәсілдері мен әдістері бар. Мысалы, физикаға тән өлшеу ебдейліктерінің қалыптасуы, теориялық алған білімдерін экспериментте жасап көріп, екеуінің бір-біріне дәл келуі, оқушылардың физикалық ойлауының дамуы және т.б.
Мектепте физиканы оқып үйрену кезінде көптеген оқыту әдістері пайда болды. Көбінесе оларды дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістері деп екі топқа бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет