«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет6/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.
2 – ДӘРІС
Тақырыбы: ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ОҚЫТУДЫ АУЫЗША БАЯНДАУ, ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


Мақсаты: Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыруды талдау. Физика пәнін оқытудың ауызша баяндау әдістері және тақтаға жазу, сурет салуды қарастыру. Физика пәнін оқытуда проблемалық оқыту әдісін түсіндіру.
Жоспары: 1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру
2. Оқытудың ауызша баяндау әдісі.
3. Тақтаға формулаларды жазу және графиктер, суреттер салу.
4. Физика пәнін оқытуда проблемалық оқыту әдісі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазіргі кездегі мектеп курсындағы физиканы оқыту әдістемесінің мәселелері

  2. Физиканы оқыту методикасының философиямен, психологиямен және педагогикамен байланысы

  3. Физиканы оқытудың пән аралық байланысы (химия, биология, математика)





  1. Физиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру

Физикадан білім беру үдерісінде оқу жұмыстарын ұйымдастырудың мынадай формалары қолданылады: әртүрлі типтегі сабақтар, экскурсиялар, үй жұмыстары, кеңестер, конференциялар, семинар сабақтар, факультативтік сабақтар мен оның практикумы.


Мектепте оқытуды ұйымдастырудың едәуір кең тараған формасы сабақ.
Әрбір сабақ белгілі көлемдегі оқу және тәрбие міндеттері мен мақсаттарын шешуге арналған, әбден ойластырылып, белгілі жоспармен жүргізілетін, аяқталған сипатта болуы керек. Ол белгілі айқын мақсатқа байланысты жаңа білім беруге, жаңа ұғымды қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдануға дағдылануға, тереңдетуге, білімдерін бекітуге, қайталауға, алған білімдерін тексеруге және есеп шығаруға арналады.
Сабаққа дайындалған кезде мұғалім – сабақтың ең басты мақсатын анықтап, осы мақсатқа жету үшін тиімді оқыту әдісін және оқытуды ұйымдастыру жұмысының түрін таңдайды.
Физикадағы оқыту әдістері сабақты өткізуді ұйымдастыруға және сабақ түріне, сабақтың құрылымына тығыз байланысты. Кей жағдайларда оқыту әдісі сабақтың түрін және құрылымын анықтайды. Мысалы, зертханалық жұмыстар, есептер шығару немесе сабақ түрлерін (практикум, семинар) анықтайды.
Сабақта жетекші рольді мұғалім атқарады. Ол бүкіл оқу үдерісін пән бойынша жоспарлайды және ұйымдастырады.
Сабақтың басты белгісі – мұғалімнің оқыту кезінде неге ұмтылатынын көрсететін дидактикалық мақсаты. Осы басты белгісіне сәйкес анықталған сабақ типтері және оның кезеңдері 1-кестеде көрсетілген.
Осы сабақ типтерінде физиканы оқытудың әдістерін түгелдей біріктіре отырып қолданады.
Қазіргі кездерде сабақты жетілдірудің мынадай негізгі жолдары қолданылады: өтілетін тақырыпты жоспарлаудың көмегімен сабақты шығармашылықпен қарау, орнын дұрыс анықтау; сабақтың құрылымын анықтауға шығармашылықпен қарау; сабақта оқушылардың ойлау қабілеттері мен танымдық қызығушылықтарын арттыру; сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу элементтерін енгізе отырып оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану; оқушылардың білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын бақылаудың формалары мен әдістерін жетілдіру; оқушылармен жеке жұмыс істеуді жүзеге асыру.
Оқу материалдарын күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау алдында белгілі тақырыпты оқытудың жалпы жағдайларын белгілеу мақсатын қою. Өйткені оны жеке сабақтарға бөлу, оларды жүргізудің тізбектілігін белгілеу бағдарламада көрсетілмейді, оны мұғалімнің өзі орындайды.
Тақырыптық жоспарлауды бітіргеннен кейін, мұғалім жеке сабақтарды жоспарлауға кіріседі, яғни сабақ үстіндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің едәуір өзіне тән элементтерінің логикалық байланысын көрсететін әр сабақтың құрылымын шығармашылық жолмен анықтайды. Жаңа материалды оқуға арналған сабақтың құрылымына мынадай негізгі элементтер жатуы мүмкін: оқушылардың алдына проблемаларды белсенді түрде беру, тақырыптарды кезеңмен қойып оқыту, оқытудың әртүрлі және едәуір әсерлі әдістерін пайдалану, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың білімдерін шығармашылық жолмен бекіту және бақылап отыру, үй тапсырмасының мазмұнын және орындау әдістерін тиянақты түрде түсіндіріп беру.
Күнделікті сабақ жоспарында көбінесе мыналарды көрсетеді: сабақтың мақсаты (білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік), проблемалық жағдайлар тудырудың әдістері, жаңа материялды баяндаудың негізгі кезеңдері мен әдістері, үй тапсырмасының көлемі, сабақты дайындап өткізудегі пайдаланылатын құрал-жабдықтардың және әдебиеттердің тізімі.
Күнделікті сабақ жоспарының жалпы үлгісі:
1. Айы, күні, жылы ..................Сынып .......... Сабақтың нөмірі...................
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты және міндеттері:
(оқушылардың және оқытушының)
4. Сабақ түрі.
5. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық тәжірибелер, сұлбалар, графиктер, дидактикалық материалдар, техникалық құрал-жабдықтар, кино, диафильмдер, үлгілер, компьютерлік бағдарламалар.
6. Сабақтың құрылымдық сұлбасы: сабақтың дидактикалық құрылымы, әдістемелік құрылымы, оқыту әдістерін таңдау.
7. Конспект: сабақтың кезеңдері және олардың өзара ауысуы (әрбір кезеңнің мазмұнын ашу, уақытын көрсету, оқушылар мен оқытушының іс-әрекетін белгілеу).
8. Үй тапсырмасын белгілеу: оны қалай орындау қажеттігі жайлы нұсқау беру, дайындығы күшті оқушыларға қосымша тапсырма беру.
9. Сабақтың қорытындысы: істелінген жұмыстарға шолу, баға және оны талдау, өтілген сабақтың келесі сабаққа дамытушылығы.
Ескерту:
1. 1, 2, 3, 4, 5 пунктер мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық-жоспары кезінде жазылады.
2. Сабақ жоспары мұғалімнің жеке құжаты, сондықтан, оны құруда еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың барлық жолдары қарастырылуы қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет